22
февраль
2026
«Мектеп – Ұстаз – Оқушы: Болашақтың біртұтас формуласы»
«Мектеп – Ұстаз – Оқушы: Болашақтың біртұтас формуласы»
Қазақ тілі мен әдебиет пәндерінің айлығы аясында Д.Т. Мергазина мен З.З. Сейманованың ұйымдастыруымен мектебімізде TEDx форматында «Мектеп – Ұстаз – Оқушы: Болашақтың біртұтас формуласы» атты конференция өтті.
Конференцияның мақсаты:
- Заманауи мектеп қандай болуы керек?
- Ұстаз миссиясы қалай өзгереді?
- Оқушыны XXI ғасыр дағдыларына қалай бейімдейміз?
Осы сұрақтарға жауап іздей отырып, заманауи мектеп, ұстаз және оқушы тұлғасының жаңа бейнесі талқыланды. Конференция барысында төмендегі ұстаздар өз идеяларымен бөлісті:
- Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Қабиолданов Рафат Дәуренұлы – «Мектептегі үнсіз балалар: біз оларды естиміз бе?»
- Ағылшын тілі мұғалімі Оразгалиева Мадина Мұратқызы – «Жақсы мұғалімді керемет мұғалім ететін не?»
- Тарих пәні мұғалімі Қанатбеков Жалын Қанатбекұлы – «Болашақтың мектебі қандай болуы керек?»
- Бастауыш сынып мұғалімі Нуроллаева Азиза Жанатбекқызы – «Зейінді оятатын 5 минут: сергіту сәтінің трансформациясы»
- Орыс тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Ергалиева Ақмарал Қайдаровна – «Литература как тренажер эмпатии»
- Химия пәні мұғалімі Социалов Дәулет Қайратханұлы – «Мотивация оқушыға керек пе, әлде мұғалімге керек пе?»
- Математика пәні мұғалімі Қасымханова Назерке Алтаевна – «Мектептегі 20/80: мұғалім де, оқушы да шаршамауы үшін не істеу керек?»
Конференция барысында ұстаздар өз тәжірибелерімен бөлісіп, білім беру саласындағы жаңа идеялар мен көзқарастарды ортаға салды.