Әкімшілік
Директор
Аубакирова Макпал Алтаевна
Білімі: жоғары, С. Аманжолов атындағы ШҚМУ, тарих, экономика және құқық негіздері пәні мұғалімі 2001- 2005ж., С. Аманжолов атындағы ШҚМУ «Тарих» мамандығы бойынша гуманитарлық ғылым магистрі 2017-2019ж.
Санаты: педагог-зерттеуші
Жалпы еңбек өтілі: 20 жыл
Байланыс телефоны: 8-705-135-04-32, +7(7232) 74-24-95.
Электрондық пошта: makpal.aa@mail.ru
Өмірбаян
Мен, Аубакирова Макпал Алтаевна, 1984 жылы 17 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданы, Катон ауылында дүниеге келдім. Ұлтым – қазақ. Отбасылық жағдайым – тұрмыстамын.
Әкем – Рамазанов Алтай Мантайұлы, 1956 жылы 27 қыркүйекте туған, жоғары білімді бас инженер, кеңшар директоры қызметін атқарды, 2002 жылы 15 ақпанда мезгілсіз дүние салды. Анам - Қадылжанова Бикан Қадылжанқызы, 1955 жылы 26 мамырда дүниеге келген, 42 жыл ұстаздық қызметін абыроймен атқарып, қазіргі уақытта құрметті зейнеткерлікте.
Мен, 1990 жылы Катонқарағай ауданы, Жамбыл ауылында негізгі орта мектептің 1-сынып табалдырығын аттап, сол мектепте 1994 жылы 5 сыныпқа дейін білім алдым. 1994 жылы ата-анамның жұмысымен Катонқарағай ауданы, Белқарағай ауылына көшіп келіп, 2001 жылы Оралхан Бөкей атындағы Белқарағай орта мектебін аяқтадым.
2011-2005 жыл аралығында С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін «Тарих, құқық және экономика негіздері пәні мұғалімі» мамандығы бойынша аяқтап, жоғары білім алдым. 2019 жылы С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде гуманитарлық ғылымдар магистрі академиялық дәрежесін иелендім.
Еңбек жолымды 2005 жылы Катонқарағай ауданы, Үлкен нарын ауылдық лицейінде тарих пәні мұғалімі ретінде бастадым. 2006 жылы Өскемен қаласы № 44 мектеп-лицейіне тарих пәні мұғалімі болып жұмысқа кіріп, 2015 жылы ШҚО білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№46 орта мектебі» КММ ауыстым. Қазіргі уақытта 2018 жылдан бері директордың ғылыми-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары және 0,5 бірлікте тарих пәні мұғалімі қызметін атқарып келемін. Жалпы педагогикалық еңбек өтілім – 20 жыл, лауазым бойынша еңбек өтілім – 8 жыл.
2025 жылы тарих пәні мұғалімі – педагог-зерттеуші біліктілік санатын және директордың ғылыми-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары – ІІ санатын иелендім.
Кәсіби біліктілігімді арттыру мақсатында бірқатар курстардан өттім. Атап айтқанда, 2025 жылы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығында «Өзгеріс көшбасшылары: заманауи мектепті басқаруға жаңаша көзқарас» бағдарламасы бойынша 440 академиялық сағат көлемінде оқыдым. Сонымен қатар, «Жас басшы мамандардың резерв мектебі», «Тарих және құқық негіздері: оқытудағы жаңа технологиялар» тақырыптарында курстардан өттім.
Еңбек жолымда республикалық, облыстық және қалалық деңгейдегі кәсіби байқауларға қатысып, жүлделі орындарға ие болдым. Білім беру саласын дамытуға қосқан үлесім үшін Құрмет грамоталары, Алғыс хаттар мен Мадақтамалармен марапатталдым. Облыстық және республикалық семинарларда, педагогикалық шеберханаларда іс-тәжірибеммен бөлісіп, шығармашылық және сараптамалық комиссиялар құрамында жұмыс атқардым.
Тұрмыстамын, үш баланың анасымын, жолдасым-Аубакиров Азамат Мухтарович Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасында мемлекеттік автоинспекторы, полиция майоры қызметін атқарады.
2024жыл, “Педагогикалық идеялар фестивалі” Республикалық байқаудың қалалық кезеңі, 2 орын, диплом.
2024жыл, “Үздік өлкетану сабағы-2024” облыстық байқауына қатысу,
2023 ж, «Үздік тарих пәні мұғалімі-2023» облыстық байқауының комиссия құрамындағы белсенді қызметі үшін, Алғыс хат.
2024 ж, “Қолөнер-сырлы өнер” облыстық көрме байқауы, Алғыс хат.
2024 ж, «Заманауи музыкалық құралдар мен технологиялар арқылы әлемді танудың әртүрлі тәсілдерін дербес игеру ретінде музыкалық дағдыларын дамыту» облыстық әдістемелік семинарды өткізуге ықпал жасағаны үшін, Алғыс хат.
2025 ж, Білім ордасының 10-жылдық мерейтойына орай, педагогтердің біліктілігін арттыру саласында серіктестікте болып, кәсіби біліктілігіңізді көрсеткеніңіз үшін, Алғыс хат.
2025 ж, «Заманауи басқару мен озат тәжірибені формуласы-сапалы білім мен саналы тәрбие» атты облыстық семинарда іс-тәжірибе бөліскені үшін, Алғыс хат.
2025 ж, Білім беру саласындағы көп жылғы қажырлы еңбегі үшін, Мадақтама.
2025 ж, Шығыс Қазақстан облысының білім саласына қосқан зор үлесі және еңбектегі қол жеткен табыстары үшін, Құрмет грамотасы.
2025 ж, Білім беру саласын дамытуға қосқан зор үлесіңіз, өскелелең ұрпаққа өнегелі тәрбие мен сапалы білім берудегі көп жылғы еңбегіңіз үшін, Мадақтама.
Марапаттары:
2020ж, «Мектеп түлектерін Қазақстан тарихы пәнінен қорытынды аттестаттауға дайындаудың тиімді жолдары» тақырыбында тарих пәні мұғалімдерімен шебер сынып өткізіп, әдістемелік көмек көрсеткені үшін, Алғыс хат.
2021-2022 оқу жылы, Білім беру саласын дамытуда жаңа ұрпақтың қалыптасуына, жас ұрпакка сапалы білім мен саналы тәрбие беруде, сіңірген өнегелі істері мен шығармашылық жетістіктері үшін, Мадақтама.
2022 ж, Шығыс Қазақстан облысының білім саласына қосқан зор үлесі және еңбектегі қол женкен табыстары үшін, Алғыс хат.
2023 ж, Шығыс Қазақстан облысының білім беру саласының өркендеуі жолында танытқан жоғары кәсібилігі, жас ұрпақты тәрбиелеу мен оқытудағы қосқан зор үлесі үшін, Құрмет грамотасы
Орта және жоғары сыныптағы директордың оқу- тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
![]()
Химия және биология пәнінің мұғалімі
Базалық білімі: Өскемен қаласы, ШҚМУ. «Химия және қосымша биология» мамандығы, бітірген жылы 1986-1991 жыл.
Санаты: педагог- зерттеуші;
Директордың оқу істері жөніндегі лауазымы бойынша санаты: біріншіЕңбек өтілі: 29 жыл;
Байланыс телефоны:+7 747 142 51 96; +7 705 293 87 51 жұмыс тел. 8 (7232)704003.
Біліктілікті арттыру курстары:
1. «Химия пәнін оқытуда регионалдық компонент Қазақстанның химиялық өндірісінде, күрделі есептер шығару», ШҚО БАРИ, 26 қазан 2002;
2. «Жаңа инновациялықт технологиялар биология сабағында», ШҚО БАРИ 03 сәуір 2003 жыл;
3. «12 жылдық білім беру жүйесіне көшуге байланысты биология пәнәнен оқытуда мазмұн мен оқыту әдістемесін жаңарту», ШҚО БАРИ 23 науырыз 2006 жыл;
4. «Инновациялық технологиялар арқылы биология пәнінен оқушылардың білім сапасын арттыру» ШҚО БАРИ, 22 қазан 2010 жыл;
5. «Электрондық оқыту акпараттық қоғамда білімнің жаңа парадигмасы ретінде» атты шеберлік сынып, 27 қазан 2011 жыл;
6. ҚР педагог қызметкерлерінің үшінші (негізгі) денгей бағдарламасы бойынша біліктілігін арттыру курсын аяқтады, 29 желтоқсан 2012жыл;
7. Білім беру мазмұнын жаңарту аясында мектепті басқарудың құзырлылық амалы, 24 маусым 2016 жыл;
8 .ҚР орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде «Биология» және «Жаратылыстану» пәндері бойынша пәндері бойынгша педагог кадырлардың біліктілігін арттыру білім беру бағдарламасы бойынша курс, 12 мамыр 2017жыл;
9. "Биология пәні мұғалімінің кәсіби құзреттілігін дамыту-80с", ҚР БҒМ "Өреу" біліктілікті арттыру ұлттық орталығы" АҚ. 04 маусым, 2021жыл;5. Халықаралық қашықтық сайысы, "Педагогикалық эссе" ІІ- дәрежелі ДИПЛОМ. Астана, 2021жыл;
Мақала «ШҚО педагогика жаршысы-Педагогический вестник ВКО» республикалық ғылыми-әдістемелік журналының 2025жылғы №1 (ақпан айы) санында жарыққа шығуы туралы анықтама берілді;
«Мектепішілік бақылауды тиімді жоспарлау» (директорлар мен директор орынбасарларына арналған) оқу -әдістемелік құрал;
Лауазымдық міндеті:
Директордың оқу тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының лауазымдық қызметін, міндеттерін жоғары жауапкершілікпен орындайды. Директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары өз жұмысында Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын, ҚР Президентінің Үкімдерін, ҚР Үкіметінің қаулыларын және барлық деңгейдегі білім беру басқармаларының білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмыстары бойынша шешімдерін; еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі, өртке қарсы қорғану ережелері мен нормаларын, сонымен қатар Жарғы мен мектептің жергілікті құқықтық актілерін (ішкі еңбек тәртібі Ережелерін, директордың бұйрықтары мен өкімдері, осы лауазымдық нұсқау), және еңбек шартын басшылыққа алады.
Еңбек жолында оқыту сапасын арттыру мәселелерінде оқушылардың дарындылығын, шығармашылық қабілеттерін дамыту барысында, алдыңғы қатарлы ұстаздармен іс-тәжірибе бөлісу негізінде облыстық және қалалық семинарлар,шеберлік сыныптары және т.б өткізуге ат салысады.Мектепшілік бақылау бойынша жұмысты ұйымдастырады. Оқушылардың білім беру және тәрбие үдерісіндегі сапаны және білім алу дайындығы нәтижесінің әділ бағасын бақылауды жүзеге асырады.Емтихан, ҰБТ, МАБ –ға дайындық жәнеөткізу бойынша жұмысты ұйымдастырады.Ата-аналар арасында ағартушылық жұмысты ұйымдастырады. Оқу жүктемесіне бақылауды жүзеге асыралды. Бекітілген есеп беру құжаттарын уақытында дайындауды қамтамасыз етеді. Мекемеге педагогикалық кадрлар мен басқа қызметкерлерді іріктеп алу мен орналастыруға қатысады.Педагогикалық кадрларды аттестациялауға, олардың педагогикалық тәжірибесімен жинақтауға қатысады. Білім беру үдерісін жетілдіру бойынша ұсыныстар жасайды. Оқушыларға медициналық қызмет көрсету жағдайына бақылау жасайды. Білім сапасы мен сабақ беру деңгейіне мониторинг жүргізеді. Қауіпсіз техникасы мен еңбек жағдайы бойынша бақылау жүргізеді. Мұғалімдерді тарифтеу бойынша материалдар дайындайды.
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары
(бастауыш сыныптар бойынша)
Бастауыш сынып мұғалімі
Базалық білімі: жоғары. Өскемен қаласы, Педагогикалық колледж-1994 ж (Қызыл диплом). Бастауыш сынып мұғалімі. ШҚМУ. Қазақ тілі мен әдебиет факультеті. Бітірген жылы: 2004жыл.Санаты: жоғары
Еңбек өтілі: 23 жыл
Біліктілігін арттыру курсы:
- «Білім беру мазмұнын жаңарту аясында мектепті басқарудың құзырлылық амалы» «Өрлеу» БАҰО .08.07.2016ж .№ 0130837 «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ;
- «Педагогикалық шеберлік орталығы әзірлеген Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде критериалды бағалау жүйесін енгізу бойынша өңірлік және мектеп үйлестірушілернің біліктілігін арттыру курсы.02.12.2016ж. БЖ №028350»;
- «Мектептегі мұғалім көшбасшылығы» білім беру бағдарламасы бойынша мұғалімдерді оқыту курсы.Педагогикалық шеберлік орталығы Өскемен қаласы.25. 04.2017ж.ММК № 002897.
Педагогикалық ұжым қызметінің ағымды және перспективті жоспарлауын ұйымдастырады. Бастауыш сыныптағы оқу жоспары мен бағдарламалардың орындалуы бойынша мұғалімдер жұмысын үйлестіреді. 1-4 сыныптардағымектепшілік бақылау бойынша жұмысты ұйымдастырады. Оқушылардың білім беру және тәрбие үдерісіндегі сапаны және білім алу дайындығы нәтижесінің әділ бағасын бақылауды жүзеге асырады. Аралық бақылау бойынша дайындық пен өткізу жұмысын ұйымдастырады. Ата-аналар арасында ағартушылық жұмысты ұйымдастырады. Оқу жүктемесіне бақылауды жүзеге асыралды. Бекітілген есеп беру құжаттарын уақытында дайындауды қамтамасыз етеді. Мекемеге педагогикалық кадрлар мен басқа қызметкерлерді іріктеп алу мен орналастыруға қатысады. Педагогикалық кадрларды аттестациялауға, олардың педагогикалық тәжірибесімен жинақтауға қатысады. Білім беру үдерісін жетілдіру бойынша ұсыныстар жасайды. Оқушыларға медициналық қызмет көрсету жағдайына бақылау жасайды. Бастауыш сыныптағы статистикалық еспке жауап береді.Қауіпсіз техникасы мен еңбек жағдайы бойынша бақылау жүргізеді. Оқушылар үшін ыстық тамақпен қамтамасыз етуді ұйымдастыруды бақылайды. Бастауыш сыныптағы сабақтарды ауыстыру бойынша журнал жүргізеді.
Директордың ғылыми істер жөніндегі орынбасары
Лауазымдық міндеттері:
Директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары төмендегідей лауазымдық міндеттерді орындайды:
- Білім беру ұйымының ғылыми және оқу-әдістемелік жұмысын ұйымдастырады және жоспарлайды;
- Оқу-әдістемелік құжаттарды құрастыруды, жетілдіруді ұйымдастырады және үйлестіреді;
- Педагогтардың инновациялық бағдарламаларды және жаңа технологияларды игеруіне көмектеседі;
- Оқу үрдісін жетілдіру жайында ұсыныстар енгізеді, мектептің педагогикалық кеңесі жұмысына қатысады, мұғалімнің нәтижелі тәжірибелерін таратады;
- Педагог-қызметкерлерді аттестаттау ережесіне сай аттестаттау жұмысын жүргізеді, басшылық жасайды;
- Пән мұғалімдерінің жеке бағдарлама жасап, жоспарлы жұмыс істеуіне ұйтқы болады;
- Педагогтардың білім көтеру курстарының өтуіне басшылық жасайды;
- Педагогикалық оқуларға, ғылыми-практикалық конференцияларға, олимпиадаларға мұғалімдердің қатысуын қадағалайды;
- Семинар, конференция, түрлі сайыс, шығармашылық күндерінің өтуіне басшылық жасайды;
- Қалалалық оқу бөлімінің әдістемелік бөлімімен біріге отырып, мұғалімдерге әдістемелік көмек жасайды.
- тарих, құқық, өзін - өзі тану, көркем еңбек, музыка пәндерінің оқытылуына бақылау жасайды;
- Мектепішілік, қалалық, облыстық, республикалық әртүрлі байқауларға мұғалімдердің, сынып жетекшілердің қатысуын ұйымдастырады;
- Пән кабинеттерінің талапқа сай жабдықталуына басшылық жасайды.
- НОБД базаларының толтырылуына басшылық жасайды;
- Мектеп психологтарымен бірге мұғалімдерге диагностикалық жұмыстар жүргізеді.
- Мектептегі барлық сынақ-тәжірибелік жұмыстарға басшылық жасайды;
- «Жас маман мен тәлімгер» мектебінің жұмысына басшылық жасайды.
- Жауапты пәндерге алынған білім стандартының орындалуын қадағалау, оқушылардың білім сапасын, үлгерімін тексеру және тоқсанына бір рет өз отырыстарында қарап, қорытындысын мектеп директорына береді;
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Базалық білімі:Өскемен қаласы ШҚМУ. Қазақ тілі мен әдебиеті факультеті, бітірген жылы 2003-2008 жыл.
Санаты: екінші;
Еңбек өтілі: 10 жыл;
Байланыс телефоны: 87752808767
Біліктілік арттыру курсы:
1. 2015 жылы «Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінде Блум таксономиясы негізінде оқушлардың оқу жетістіктерін критериалдық бағалау» АО «НЦПК «Өрлеу»;
2. 2018 жылы ҚР мазмұнын жаңарту шеңберінде АО «НЦПК «Өрлеу»;
Лауазымдық міндеті:
Жаңа патриоттың және жаңа демократиялық қоғамда өмір сүруге қабілетті азаматтың қалыптасуына жәрдемдесу, жеке тұлғаның саяси, құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру, балалар мен жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, балалар мен жастар ортасында қатыгездік пен зорлық-зомбылық көріністеріне қарсы тұруға дайындау;
- жеке тұлғаның рухани, моральдық-этикалық қағидаларын, оның адамгершілік қасиеттері мен қазақстандық қоғамның өмір салт-дәстүріне сәйкес келетін қарым-қатынастарын қалыптастыруға жәрдемдесу;
- баланың жеке басын қалыптастыруда психологиялық және педагогикалық құзыреттілігін арттыру және балаларды тәрбиелеу бойынша олардың жауапкершілігін арттыру;
- кәсіптік дағдыларды қалыптастыру, жеке тұлғаның экономикалық ойлауы және кәсіби өзін-өзі анықтауға саналы көзқарас, экологиялық мәдениетті дамыту;
- әр адамның интеллектуалдық мүмкіндіктері, көшбасшылық қасиеттері мен таланттарын дамытуды қамтамасыз ететін, оның ақпараттық мәдениетін қалыптастыруға ықпал ететін мотивациялық кеңістікті қалыптастыру;
- салауатты өмір салты дағдыларын тиімді қалыптастыру, физикалық және психологиялық денсаулықты сақтау, денсаулыққа зиянды факторларды анықтауға арналған кеңістікті құру.
Директордың ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары
Санаты: педагог-зерттеуші
Еңбек өтілі: 23 жыл
Байланыс телефоны:+7-705-764-01-84
Марапаттары:
2017ж- ШҚО Білім басқармасының құрмет грамотасы
2018ж- Өскемен қаласы әкімінің құрмет грамотасы
2018ж- Аймақтық кәсіподақ ұйымы құрмет грамотасы
2019ж- Республикалық кәсіподақ ұйымы құрмет грамотасы
2020ж- «Аймақтық кәсіподақ ұйымына-100 жыл» төс белгі
2020ж- БҒМ Құрмет грамотасы
Кәсіби жетістіктері:
- «Ұлт ұстазы» төс белгі иегері
- «Жыл мұғалімі» қалалық байқау жеңімпазы
- «Үздік кіріктірілген сабақ» облыстық байқау жеңімпазы
- «Я и мой коучинг» республикалық байқау жеңімпазы
- «Инклюзивті білім беру және тәрбиелеу жұмысы ұстазбен оқушының субъектілілк дамыту кеңістігі» қалалық ҒПК жеңімпазы
- «Ең үздік шет тілі кабинеті» қалалық байқау жеңімпазы
- 1-7 сынып оқушыларына арналған үштілділік сөздік авторы
- ОЖСБ-ға дайындық атты авторлық құрал авторы
- 7-11 сынып оқушыларына арналған «Basic English» сөздік авторы
- 10-сынып оқушыларына арналған «Academic essay writing» элективті курс авторы
1. Білім беру заңдылықтарының орындалуына қадағалау жасау;
2. Оқу-әдістемелік құжаттарды құрастыруды, жетілдіруді ұйымдастырады және үйлестіреді;
3. Оқу үрдісін ұйымдастыру жайында ұсыныстар енгізеді, мектептің педагогикалық кеңесі жұмысына қатысады, мұғалімнің, оқушылардың нәтижелі тәжірибелерін таратады;
4. Мектептің даму жоспары бойынша өзі бақылау мен басшылық жасайтын пән мұғалімдерінің өзін-өзі дамытатын жоспарды қадағалап, үнемі бақылап жыл көлемінде рейтинг жасайды.
5. Апталық жоспарлардың өтуіне бақылау жасайды;
6. Кесте бойынша кезекші әкімшіліктің кезекшілік атқаруын қадағалайды.
7. Пән мұғалімдерінің жеке бағдарлама жасап, жоспарлы жұмыс істеуіне және баспаға мәтінді оқулыққа шығаруға ұйтқы болады.
8. Қалалық, облыстық, республикалық педагогикалық оқуларға, ғылыми-практикалық конференцияларға, олимпиадаларға мұғалімдердің, оқушылардың қатысуын қадағалайды, басшылық жасайды.
9. Семинар, конференция, түрлі сайыс, шығармашылық күндерінің өтуіне басшылық жасайды.
10. Қалалық білім беру бөлімінің әдістемелік бөлімімен біріге отырып, мұғалімдерге әдістемелік көмек жасайды.
11. Кезекшілік атқару кезінде мектеп ауласын, барлық қабаттарды, кабинеттерді аралап, тазалығына, оқушылардың тәртібіне жауап береді.
12. Мектептегі қалалық, облыстық, республикалық, халықаралық пән олимпиадасы, интеллектуалды сайыстардың өтуіне басшылық жасайды
13. Дарынды балалармен жұмыс және олимпиадалар, жобалар бойынша жұмыстар атқарады, қадағалайды және басшылық жасайды.
14. Оқушы дәптерлерін айына 1 рет тексеріп, басшылық жасайды, қадағалайды, шара қолданады.
15. Оқушылардың инновациялық бағдарламаларын, жобаларын және жаңа технологияларды игеруіне көмектеседі, бақылау және басшылық жасайды.
16. Жауапты пәндерге алынған білім стандартының орындалуын қадағалайды, оқушылардың білім сапасы, үлгерімін тексереді және тоқсанынан 1 рет өз отырыстарында қарап, қорытындысын мекьтеп директорына береді.
17. Аптасына 3 сағат сабаққа қатысады.
Тарих пәні мұғалімі
Базалық білімі: С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті. Тарих, халықаралық қатынастар және құқық факультеті, Тарих бакалавры 2011-2015.
Санаты: Педагог-сарапшы.
Еңбек өтілі: 9 жыл.
Байланыс телефоны: 8 706 672 30 99.
Электрондық пошта: musaipovdastan@gmail.com
Біліктілікті арттыру курстары:
2023 жылы « Тарих пәні мұғалімдерінің пәндік құхыреттіліктерін дамыту» АО «НЦПК «Өрлеу»;
2024 жылы «Білім берудегі менеджмент» білім беру басшыларының біліктілігін арттыру курсы. «НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕПТЕРІ» ДББҰ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК ОРТАЛЫҒЫ;
2024 жылы « Жаһандық құзыреттіліктер» АО «НЦПК «Өрлеу»;
2025 жылы «Қаржылық сауаттылық негіздері» АО «НЦПК «Өрлеу»;
Лауазымдық міндеттері:
1. Кесте бойынша кезекші әкімшіліктің кезекшілік атқаруын қадағалау;
2. Білім беру заңдылықтарының орындалуына қадағалау жасау;
3. Апталық жоспарлардың өтуіне бақылау жасау;
4.Оқу-әдістемелік құжаттарды құрастыруды, жетілдіруді ұйымдастырады және үйлестіреді;
5. Оқушылардың инновациялық бағдарламаларын, жобаларын және жаңа технологияларды игеруіне көмектеседі, бақылау мен басшылық жасайды;
6. Оқу үрдісін жетілдіру жайында ұсыныстар енгізеді, мектептің педагогикалық кеңесі жұмысына қатысады, мұғалімнің, оқушылардың нәтижелі тәжірибелерін таратады;
7. Пән мұғалімдерінің жеке бағдарлама жасап, жоспарлы жұмыс істеуіне және баспаға мәтінді оқулыққа шығаруға ұйтқы болады;
8. Қалалық, облыстық, республикалық педагогикалық оқуларға, ғылыми-практикалық конференцияларға, олимпиадаларға мұғалімдердің, оқушылардың қатысуын қадағалайды, басшылық жасайды;
9. Семинар, конференция, түрлі сайыс, шығармашылық күндерінің өтуіне басшылық жасайды;
10 Оқушы дәптерлерін айына 1 рет тексеріп, басшылық жасайды, қадағалайды, шара қолданады;
11. Қалалалық оқу бөлімінің әдістемелік бөлімімен біріге отырып, мұғалімдерге әдістемелік көмек жасайды.
12. Мектептегі қалалық, облыстық, республикалық, халықаралық пән олимпиадасы, интеллектуалды сайыстардың өтуіне басшылық жасайды;
13. Кезекшілік атқару кезінде мектеп ауласын, барлық қабаттарды, кабинеттерді аралап, тазалығына, оқушылардың тәртібіне жауап береді;
14. Жұмасына 3 сағат сабаққа қатысады.
15. Жауапты пәндерге алынған білім стандартының орындалуын қадағалау, оқушылардың білім сапасын, үлгерімін тексеру және тоқсанына бір рет өз отырыстарында қарап, қорытындысын мектеп директорына береді;
16. Дарынды балалармен жұмыс және олимпиадалар, жобалар бойынша жұмыстар атқару, қадағалау, басшылық жасайды.
Директордың әлеуметтік тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Базалық білімі: Өскемен қаласының С. Аманжолов атындағы ШҚМУ, 1998 ж.
Санаты: педагог сарапшы;
Еңбек өтілі: 23 жыл;
Байланыс телефоны: 87055245795.
Лауазымдық міндеттері:
Ыстық тамақпен қамтамасыз ету, мектеп асханасымен жұмысты қадағалау, бала мен жанұяны қолдау орталығымен жұмыс жасау, суицидтің алдын алу бойынша жұмыстарға басшылық жасау, мектепішілік қамқорлық комитетімен жұмыс, қайырымдылық акцияларын ұйымдастыруды басшылыққа алу, жетім, жағдайы нашар, көпбалалы жанұялармен, оралмандармен жұмыс, наркопосты басшылыққа алу, тәртібі бақылауға алынған оқушылармен жұмысты қадағалау, құқықбұзушылықты алдын алу жұмыстарын қадағалау, тәрбие сағаттарының жүру барысына басшылық жасау, мектептегі жалпыға білім беру айлығының өтуіне басшылық жасайды және мөлтек аудан бойынша бөлініп берілген үйлердің аралануына бақылау жасап, қорытындысын қалалық оқу бөліміне тапсырып отыру, полиция жас көмекшілері жұмысын ұйымдастыру, әлеуметтік-психологиялық қызметке басшылық жасау, мектепішілік шаралардың орындалуын ұйымдастыру, біріңғай талаптардың орындалуын қадағалау, оқушылардың сабақ босатуын, кешігуін қадағалау, үзілістің мазмұнды ұйымдастырылуын қадағалау, мектеп тәрбие жоспарына анализ жасау.

Габитова Жадыра Шакарбековна
Бітірген оқу орны: Өскемен қаласының С. Аманжолов атындағы ШҚМУ
Мамандығы: Информатика пәні мұғалімі
Санаты, еңбек өтілі: Жоғарғы санатты, педагог – зерттеуші, 23 жыл
E-mail: gabitova_zh@mail.ru
Лауазымдық міндеттері:
1. Жалпы басқару және үйлестіру
- Мектептің ақпараттандыру және цифрландыру бағыттарын жүзеге асыру және үйлестіру.
- Директордың тапсырмалары бойынша мектептегі АТ-қызметін ұйымдастыру және бақылау.
- Мектептің АТ инфрақұрылымының үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету.
2. Оқу процесін цифрландыру
- Электрондық журналдар мен күнделіктердің дұрыс және тұрақты жұмысын қадағалау (мысалы, Kundelik.kz).
- Мұғалімдер мен оқушылардың цифрлық білім беру ресурстарын тиімді қолдануын ұйымдастыру.
- Қашықтан және аралас оқыту технологияларын енгізу және қолдау.
- Интерактивті тақталар, мультимедиялық жабдықтар, компьютер сыныптарын оқу процесінде қолдануды бақылау.
3. Ақпараттық инфрақұрылым
- Компьютерлердің, желілік жабдықтардың, серверлер мен интернет байланысының тұрақты жұмысын қамтамасыз ету.
- Бағдарламалық қамтамасыз етуді орнату, жаңарту және лицензия талаптарының сақталуын қадағалау.
- АКТ құралдарының техникалық жағдайын бақылау және жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру.
4. Ақпараттық қауіпсіздік
- Оқушылар мен қызметкерлердің дербес деректерін қорғау.
- Антивирус бағдарламалары мен қауіпсіздік жүйелерін қамтамасыз ету.
- Интернетті қауіпсіз пайдалану ережелерін енгізу және бақылау.
- Ақпараттық қауіпсіздік бойынша профилактикалық шараларды ұйымдастыру.
5. Мұғалімдермен жұмыс
- Мұғалімдерге АКТ құралдарын қолдану бойынша әдістемелік және техникалық көмек көрсету.
- Педагогтердің цифрлық құзыреттілігін арттыруға арналған тренингтер мен семинарларды ұйымдастыру.
- Мұғалімдердің электрондық ресурстарды сапалы қолдануын бақылау.
6. Құжаттама және есеп беру
- Мектептің АТ жоспарын, нұсқаулықтары мен есептерін әзірлеу және жүргізу.
- Білім басқармасына және басқа органдарға ақпараттық жүйелер бойынша есеп беру.
- Мектептің ресми сайты мен әлеуметтік желілеріндегі ақпаратты техникалық қамтамасыз ету.
7. Материалдық-техникалық база
- Компьютерлік техника мен бағдарламалық қамтамасыз етуді жоспарлау, сатып алу және есепке алу.
- АКТ құралдарының тиімді пайдалануын бақылау.
- Кабинеттердің, компьютер сыныптары мен оқу залдарының технологиялық жабдықталуын ұйымдастыру.
Лауазымдық міндеті:
Директордың әкімшілік-шаруашылық жұмыс жөніндегі орынбасары келесі міндеттерді орындайды:
- Мектептің шаруашылық жұмысына басшылық етеді;
-Заттық құндылықтарды, мүлік, жиһаз, мектеп инвентарларын Заңнамамен бекітілген тәртіп бойынша сақтауға қабылдайды;
- Мектеп қызметкерлерін кеңсе бұйымдарымен, күнделікті жұмысқа қажет заттармен қамтамасыз етеді;
- Мектептің жаңа оқу жылына дер кезінде дайындығын қамтамасыз етеді;
- Ғимараттың, сыныптардың, оқу кабинеттердің, шеберхананың, спорт залының, және басқа бөлмелердің, сонымен қатар асхана, буфеттің техникалық және санитарлық-гигиеналық жағдайына, қауіпсіздік нормалары мен ережелеріне сәйкестігіне бақылау жасайды;
- Материалдардың және мектеп қаржысының үнемді пайдалануын бақылайды;
- Мектеп маңайын сәулеттендіру, көгалдандыру және тазалау жұмыстарына басшылық жасайды;
- Өзіне бағынатын техникалық және қамту қызметкерлерінің жұмысын үйлестіреді, олардың жұмыс уақытынң есебін жүргізеді;
- Мектеп мүлкін түгендеу есебін жүргізуді ұйымдастырады, мүлікті есепке алады, уақытылыесеп жасайды, бекітілген жұмыстары бойынша құжаттарды жүргізеді;
- Мектептің шаруашылық дербестігін кеңейту, қажетті келісім-шарттардың дер кезінде жасау шараларын іске асырады;
- Негізгі ғимаратты және мектептің басқа да құрылыстарын, технологиялық, энергетикалық жабдықтарды пайдалану кезінде еңбекті қорғау талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді, оларды оқтын-оқтын тексереді және ағымдағы жөндеу жұмыстарын ұйымдастырады;
- Мектеп аймағында ауырлықтарды тасуда, тиеу-түсіру жұмыстары, көліктерді пайдаланған кезде қауіпсіздікті қамтамасыз етеді;
- Ғимараттардың өртке қарсы қауіпсіздік талаптарының орындалуын ұйымдастырады, өртке қарсы құралдардың дұрыстығын қадағалайды;
- Электр қондырғыларының оңашалау кедергілерін, электр өткізгіштерді жерге қосытын құрылғыларды жылда тексеруден өткізуді ұйымдастыру, сумен және буменжылтылатын қазандықтарды, қысыммен жұмыс істейтін қысылған және сұйылтылған газдарға арналған баллондарды сынау және жарамды-жарамсыздығын куәландыру, ауадағы шаң, зиянды заттардан шығатын газ және будың мөлшері, бөлмелердегі жарықтың дәрежесі, радиясияның, шудың білім беру ұйымдарындағы тіршілік әрекеті қауіпсіздігін қамтамасыз ететін ережелер мен нормаларға сәйкестігін тексеру;
- Оқу кабинеттерін, шеберханаларды, тұрмыстық , шаруашылық және басқа да бөлмелерді тіршілік әрекеті қауіпсіздігі ережелері мен нормалары, еңбек қауіпсіздігі стандарттарына сай қамтамасыз ету.