22
май
2026
2025-2026 оқу жылында жаңадан келген педагогтердің есебі
2025–2026 оқу жылында мектепке 26 педагог жұмысқа қабылданды. Жаңадан келген пән мұғалімдерімен жүргізілген жұмыстар жүйелі және жоспарлы түрде ұйымдастырылды. Оқу жылы барысында педагогтерге әдістемелік, психологиялық және тәжірибелік қолдау көрсетіліп, олардың мектеп ұжымына бейімделуіне қолайлы жағдай жасалды. Жүргізілген жұмыстар нәтижесінде мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігі артып, сабақ беру сапасы жақсарды, оқу құжаттарын талапқа сай жүргізу дағдылары қалыптасты. Педагогтер мектептің қоғамдық және әдістемелік жұмыстарына белсенді қатысып, өз тәжірибелерін жетілдіруге ынта танытты.
Сонымен қатар, кейбір бағыттар бойынша қосымша қолдау қажеттілігі анықталды. Алдағы оқу жылында тәлімгерлік жұмысты жалғастыру, тәжірибе алмасу алаңдарын көбейту және жас педагогтердің кәсіби дамуына бағытталған жұмыстарды күшейту жоспарлануда. 22 педагогтің келісім шарты келесі оқу жылына ұзартылды.