Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
«№46 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7232) 74-24-95
+7(7232) 74-24-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «ЕББҚ ететін оқушылардың ерекшеліктерін ескере отырып, оқу процесін ұйымдастырудың тиімді тәсілдері» атты семинар практикум
20
декабрь
2025

«ЕББҚ ететін оқушылардың ерекшеліктерін ескере отырып, оқу процесін ұйымдастырудың тиімді тәсілдері» атты семинар практикум

18.12-19.12.2025ж күндері аралығында мектеп қабырғасында бастауыш сынып мұғалімдеріне «ЕББҚ ететін оқушылардың ерекшеліктерін ескере отырып, оқу процесін ұйымдастырудың тиімді тәсілдері» атты семинар практикум өтті. Семинарда ерекше білім беру қажеттіліктері бар (ЕББҚ) оқушылардың психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері, олардың оқу мотивациясын қалыптастыру жолдары және бастауыш мектеп жағдайында тиімді оқыту ортасын құрудың негізгі қағидаттары қарастырылады. Іс-шара барысында сараланған оқыту, оқу тапсырмаларын бейімдеу, қалыптастырушы бағалау мен кері байланысты қолданудың практикалық тәсілдері ұсынылды. Сонымен қатар, мұғалімнің, психологтің және ата-ананың өзара әрекеттестігі, жеке қолдау бағдарламаларын (ЖҚБ) әзірлеу мен іске асыру мәселелеріне назар аударылды. Семинар нәтижесінде қатысушылар ЕББҚ ететін оқушылардың білім алу мүмкіндіктерін кеңейтуге, оқу жетістіктерін арттыруға және инклюзивті білім беру ортасын тиімді ұйымдастыруға қажетті әдістемелік ұсыныстар алды. Арнайы шақырылған мамандар «БАҰО» АҚ «Шығыс Қазақстан облысы бойынша Кәсіби даму институты» аға-оқытушысы Құсайын Д.Б,  «Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған «Алтын дән балабақшасы» КММ логопед, дефектолог мамандары.

ОІМ: Мухаметрахимова Р.Ж

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив