Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
«№46 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7232) 74-24-95
+7(7232) 74-24-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Қамқоршылық кеңесті сайлау конкурсының өткізілуі туралы
10
сентябрь
2025

Қамқоршылық кеңесті сайлау конкурсының өткізілуі туралы

Хабарландыру!

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№46 орта мектебі»  коммуналдық мемлекеттік мекемесінің әкімшілігі 2025-2026 жылдар аралығына Қамқоршылық кеңесті  сайлау бойынша ұсыныстар қабылдайтынын хабарлайды.

Қамқоршылық кеңес – білім беру ұйымдарының дамуына ықпал ететін және білім беру ұйымдарының қызметіне қоғамдық бақылауды қамтамасыз ететін алқалы басқару органы болып табылады.

Шақырылады: жергілікті өкілді, атқарушы және құқық қорғау органдарының, үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері.

«Білім беру ұйымдарында Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларына» (ҚР БжҒМ 27.07.17ж. №355 бұйрығы) сәйкес Қамқоршылық кеңес құрамы бойынша ұсыныстар күтеміз. Ұсыныстар хабарландыру шыққаннан кейінгі 20 күн ішінде қабылданады.

Үміткерлер Қамқоршылық кеңесті сайлау және оның құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау туралы хабарламада көрсетілген мерзімде 

Комиссияға мынадай құжаттарды ұсынады:

1) өтінім (еркін түрде);

2) үміткердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3) қазақ немесе орыс тілдеріндегі түйіндеме;

4) білімі бар екендігі туралы құжаттың көшірмесі (бар болса);

5) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің аумақтық бөлімшелері берген соттылығының және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың жоқтығын растайтын құжаттар.

Үміткерлер өздерінің кәсіби (немесе) қоғамдық қызметі туралы қосымша мәліметтер ұсынады.

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Темирбаева Р.Ш 87055245795

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив