Телефоны приемной:
+7(7232) 74-24-95
+7(7232) 74-24-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » “Бастауыш сынып оқушыларының ғылыми-жаратылыстану сауаттылығын тиімді әдіс-тәсілдер арқылы қалыптастыру" тақырыбында қалалық семинар өтті.
15
февраль
2024

“Бастауыш сынып оқушыларының ғылыми-жаратылыстану сауаттылығын тиімді әдіс-тәсілдер арқылы қалыптастыру" тақырыбында қалалық семинар өтті.

https://youtu.be/QkhFsHi7ylo

ШҚО Білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің “№46 орта мектебі” КММ 15 ақпан күні  қалалық білім бөлімінің әдіскері: Д.Л.Шакерова ұйымдастыруымен “Бастауыш сынып оқушыларының ғылыми-жаратылыстану сауаттылығын тиімді әдіс-тәсілдер арқылы қалыптастыру" тақырыбында қалалық семинар өтті. Қалалық семинар мақсаты жаратылыстану пәні бойынша оқушылардың кең ауқымды дағдыларын, педагогтердің оқытуды зерттеу кәсіби құзыреттіліктерін арттыру болды. Семинарға қала мектептерінің мұғалімдері келді.
Семинарда көрме ұйымдастырылып, бастауыш сынып мұғалімдері өз іс-тәжірибесін бөлісу мақсатында жаратылыстану пәнінен ашық сабақтар және шебер сағаттар өткізді.
Мұғалімдер әріптестеріне жаратылыстану пәні бойынша қиын тақырыптарды оңай түсіндірумен қатар, сабақ барысында тиімді зерттеу жолдарын қалай жүргізуге болатыны туралы ақпаратпен бөлісті. Семинарға келген мұғалімдер оң пікірлерін айтып, қоржындарын әр түрлі тиімді әдіс-тәсілдермен, зерттеу жұмыстарымен толтырып қайтты.