23
октябрь
2020
Пән мұғалімдермен семинар

Математика пәні мұғалімдерімен ZOOM платформасы арқылы семинар өткізілді. Мақсаты - қашықтықтан оқыту барысындағы оқушылардың білім сапасын арттыру.
Оқу ісінің меңгерушісі Кожикова Б.М ұйымдастыруымен өткізілген семинарда математика пәні мұғалімдерінің сабағын бақылау, талдау қорытындысы айтылды. Кеткен кемшіліктерге қатысты жоспар ұсынылып, ұтымды жолдар көрсетілді. Сонымен қоса, математика пәні мұғалімдері озық іс-тәжірибелерімен бөлісіп, оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін меңгерді. Интернет платформаларының мүмкіндіктерін тиімді пайдалану жолдары көрсетіліп, мақсатқа бағытталған сапалы білім беруде қолдану шешімі қабылданды. Бұл бастама математика пәні мұғалімдері үшін маңызды болды