Телефоны приемной:
+7(7232) 74-24-95
+7(7232) 74-24-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
05
декабрь
2018

Әкімшілік

Директор

Ауганбаева Гулфарида Базарбайқызы



Орыс тілі пәні мұғалімі

Базалық білімі:Өскемен қаласындағы педагогикалық институттың филология факультеті, 1985 жыл.

Байланыс телефоны:+7(7232) 74-24-95.

Санаты: жоғары, педагог-зерттеуші.

Еңбек өтілі:39 жыл.


Лауазымдық міндеті:
      Білім беру мекемесін сол мекеменің Жарғысына және басқа нормативтік –құқықтық актілерге сәйкес басқарады. Білім беру мекемесі кеңесімен және қоғамдық ұйымдармен мектеп даму бағдарламасын, оқу жоспарын, курстарын, тәртібін, жылдық жоспар кестесін, Жарғыны, ішкі тәртіп ережесін, дайындап, бекітіп және енгізеді.Мектепті басқару құрылымын, штаттық кестесін айқындайды. Оқу-әдістемелік, әкімшілік, қаржы, шаруашылық және мекеменің қызметіне байланысты басқа да сұрақтарды шешеді. Мектептің құрылымдық бөлімшелерінің, педагогикалық және басқа қызметкерлерінің жұмысын жоспарлайды, байланыстырады және бақылайды. Педагогикалық кадрларды жұмысқа қабылдауды, іріктеп алу және орналастыруды іске асырады. Қызметкерлердің қызметтік міндеттерін белгілейді, кәсіби шеберліктерін көтеру үшін жағдай жасайды. Шығармашылық ынтагерлігін марапатайды және қызметкерлердің бастамасын ынталандырады. Ұжымдағы рухани-психологиялық қолайлы жағдайды сақтайды. Оқушылар контингетін қалыптастырады, оларға әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етеді. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен, кәсіпорындар жіне мекемелермен, ата-аналармен (оларды алмастырушы тұлғалармен) тиімді әрекеттістікті қамтамасыз етеді. Әдістемелік бірлестік жұмыстарына көмектеседі. Мектеп балаларының өзін-өзі басқару жұмысын реттейді. Бюджеттен бөлінген қаржыларды, сонымен қоса басқа қайнар көздерден келіп түсетін қаражаттарды тиімді пайдалануды қамтамасыз етеді.Мектеп мүдессін мемлекеттік, қалалық, қоғамдық және басқа да мекемелерде өкілдік етеді. Есепке алуды, оқу-материалды базасын сақтау және толықтыруды, санитарлы-гигиеналық тәртіп ережесін сақтау мен еңбекті қорғауды, құжаттарды есепке алу мен сақтауды қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасының заңында бекітілген білім беру үдерісінде оқу үдерісінің оқу жоспарына сәйкес білім беру бағдарламасын жүзеге асыруға, түлектердің сапалы біліміне, өмірі мен денсаулығына, оқушылар мен мекеме жұмыскерлерінің құқығы мен еркіндігін сақтауға жауапты. Орынбасарларының жұмысын басқарып, бақылау жасайды. Педагогикалық кеңестің және 11 сыныптардың бітіру емтихандарының төрағасы болып табылады.


Өмірбаян


Ауганбаева Гулфарида Базарбаевна Шығыс Қазақстан облысы  Катон- Қарағай ауданының Өрел ауылында 1967 жылдың 18 қаңтарында дүниеге келген. 1985 жылы Өскемен қаласындағы педагогикалық институттың филология факультетін тәмәмдады. Бүгінгі таңда педагогикалық еңбек өтілі 39 жылды құрайды. Оның 12 жылы облыстың әр түрлі мектептерінде оқу ісі меңгерушісі, ал 3 жылын «№ 46 орта мектебінде» басшылық қызмет атқарумен келеді. Отбасында жолдасымен 2 қыз, 4 немере тәрбиелеп отыр. Гулфарида Базарбаевна- орыс тілі мен әдебиеті пәнінің жоғары санатты мұғалімі. Кәсіби тұрғыдан өз ісінің маманы. Әр сабағын оқушылардың жан- жақты білім алуда жан- жақты білім қалыптастыруда бағытталған жоғары кәсіби деңгейде өткізеді. 2017 жылдың қаңтар айынан бастап 2018 жылдың қаңтарына дейін Астана қаласында Республикалық мектеп басшыларына арналған «Директор- көшбасшы» атты жаңа білім беру мазмұнына бағытталған курсты оқып бітірді. Жұмыстың негізгі бағыты – бәсекеге қабілетті, өмірге бейім, білімін өмірлік тәжірибеде қолдана алатын тұлға қалыптастыру.

         Гулфарида Базарбаевна 11-сынып түлектерін ҰБТ-ға мақсатты түрде дайындайды. Соңғы үш жылдағы орыс тілі пәні бойынша ортақ балл: 17 б, 18,5б, 19б, білім сапасы 90%, 95 %, 100% құрайды. 

          Ол қалалық, облыстық, республикалық деңгейде ашық сабақтар беру, баяндама оқумен қатар, халықаралық деңгейдегі «Білімдегі инновация» ғылыми-практикалық конференциясында «ҰБТ-ға дайындау жолындағы мақсатқа бағытталған жүйелі жұмыс» тақырыбында баяндама оқыды. Атаулы жұмыс «Қазақ мектептеріндегі орыс тілі мен әдебиеті» атты республикалық журналға мақала ретінде шығарылды. 2017 жылы Педагогикалық шеберлікті арттыру орталығында шығатын «Әлем өзгеруде – біз өзгерудеміз» журналында «Біздің мақсат – әр оқушыға сапалы білім беру» мақаласы жарық көрді.  

      2015, 2016, 2017, 2018 жылдары ҰБТ  қорытындысы бойынша қалалық білім беру басқармасынан, ШҚМУ, ШҚМТУ-дан елеулі еңбегі үшін мақтау қағазымен марапатталды. 2014 жылғы түлектер ата-аналары атынан «Рудный Алтай» газетіне «Учитель перед именем твоим...» алғыс білдіру мақаласы 2015 жылы наурыз айында жарияланды.  

       2014ж. «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ Қазақстан Республикасында «Білім беру ұйымдарында электрондық оқыту жүйесін енгізу», сертификат, біліктілігін арттыру курсын өтті.

      2015ж, 2019ж. ҚР ІІМ ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті «Азаматтық қорғау саласындағы даярлықтан (қайта даярлықтан) өтуі туралы» курсынан  өтті.

      2016ж. «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде қазақ тілді мектептеріндегі «Орыс тілі пәні бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру білім беру бағдарламасы   бойынша курсын аяқтап Сертификат алды.

       2017ж.Қазақстан Республикасы жалпы білім беру ұйымдары басшыларының біліктілігін арттыру бағдарламасы бойынша Педагогикалық шеберлік орталығының сертификаты.Астана қаласы.

2017 жылдың сәуір айынан желтоқсан айына дейін мектеп басшыларына арналған Астана қаласынан курстан өтті. Қызметтегі басты мақсаты – білім сапасын жоғары деңгейге көтеру, оқушы және мұғалім арасындағы қарым-қатынасты жаңаша құру, бәсекеге қабілетті, мақсатына жете білетін, өз біліміне сенімді, өзінің тектілігін, ата-дәстүрін сақтай білетін жеке тұлға қалыптастыру. 

2012-2019 жылдар аралығында қала, облыс көлемінде математика, информатика, физика, бастауыш сыныптарға, тарих, дінтану негіздері, қазақ, орыс тілі, ағылшын тілі мұғалімдеріне арналған іс-тәжірибе алмасу семинарын өткізді. «Шығыс» оқу орталығы ұйымдастырған облыстың мектеп басшыларына арналған семинарда басшы ретінде өз іс-тәжірибесімен бөлісті. 

2018 жыл «Табысты менеджер -2018» облыстық конкурста «Табысқа жету жолында» номинациясы. Алғыс хат.

2018 жыл ҚР ішкі істер министірлігі ШҚО төтенше жағдайлар департаменті , Сертификат

2018 жыл ҚР жалпы білім беру ұйымдары басшыларының біліктілігін арттыру бағдарламасы бойынша курсты аяқтады. Сертификат. Педагогикалық шеберлік орталығы

2019 жыл Қазақстан салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағы . «Құрмет грамтосы» Астана қаласы.

2019 жыл III Республикалық «Жас маман» байқауына жоғары деңгейде қатысып ұйымдастырғаны үшін. Алғыс хат Алматы қаласы

2019 жыл «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы. Алғыс хат

2020 жыл «Жас өркен» порталы ұйымдастырған Республикалық байқауға шәкірттеріңізді қатыстырғаны үшін Алғыс хат. 

2019 год Оргкомитет XI Международной Олимпиады в Анталии выражает благодарность за подготовку и активное участие учащихся в Международной Олимпиаде Знаний в Анаталии

2020 жыл «Үздік менеджер-2020» қалалық байқауда 1 орын жеңіп алғаны үшін Г.Б.Ауганбаева. Диплом.

2020жыл «Smart Education – Өскемен 2020» IT- форумын ұйымдастыруда көмек көрсеткені үшін Алғыс хат

2020 жыл «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасының «Тәрбие және білім» бағыты бойынша шығармашылық, иновациялық қызметі үшін Алғыс хат.

2020 жыл ШҚО білім саласына қосқан үлесі үшін Алғыс хат

2020 жыл Өскемен қаласының қоғамдық жұмысына қатысқаныңыз үшін. Өскемен қаласы әкімі Алғыс хат

2021 жыл «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалімен наградталады

2021 жыл С.Аманжолов атындағы ШҚУ «Экономика, кәсіпкерлік және басқару» олимпиадаға оқу мекемесінің белсенді қатысып , жақсы білім деңгейін көрсеткені үшін. Алғыс хат

2021 жыл ШҚО білім саласына қосқан зор үлесі үшін. Құрмет грамотасы

 Гулфарида Базарбаевна – өз ісінің нағыз білгір маманы, жаңа форматтағы басшы. Ұжым мүшелері және ата-аналар арасында жоғары бедел мен абыройға ие. 


Орта және жоғары сыныптағы директордың оқу- тәрбие  ісі жөніндегі орынбасары 


Химия және биология пәнінің мұғалімі

Базалық білімі: Өскемен қаласы, ШҚМУ. «Химия және қосымша биология» мамандығы,  бітірген жылы 1986-1991 жыл.

Санаты: педагог- зерттеуші;

Директордың оқу істері жөніндегі лауазымы бойынша санаты: бірінші 

Еңбек өтілі: 29 жыл;

Байланыс телефоны:+7 747 142 51 96; +7 705 293 87 51 жұмыс тел. 8 (7232)704003.


Біліктілікті арттыру курстары: 

1. «Химия пәнін оқытуда регионалдық компонент Қазақстанның химиялық өндірісінде, күрделі есептер шығару», ШҚО БАРИ, 26 қазан 2002;

2. «Жаңа инновациялықт технологиялар биология сабағында», ШҚО БАРИ 03 сәуір 2003 жыл;

3. «12 жылдық білім беру жүйесіне көшуге байланысты биология пәнәнен оқытуда мазмұн мен оқыту әдістемесін жаңарту», ШҚО БАРИ 23 науырыз 2006 жыл;

4. «Инновациялық технологиялар арқылы биология пәнінен  оқушылардың білім сапасын арттыру» ШҚО БАРИ, 22 қазан  2010 жыл;

5. «Электрондық оқыту акпараттық қоғамда білімнің жаңа парадигмасы ретінде» атты шеберлік сынып, 27 қазан 2011 жыл;

6. ҚР педагог қызметкерлерінің үшінші (негізгі) денгей бағдарламасы бойынша біліктілігін арттыру курсын аяқтады, 29 желтоқсан 2012жыл; 

7. Білім беру мазмұнын жаңарту аясында мектепті басқарудың құзырлылық амалы, 24 маусым  2016 жыл;

8 .ҚР орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде «Биология» және «Жаратылыстану» пәндері бойынша пәндері бойынгша педагог кадырлардың біліктілігін арттыру білім беру бағдарламасы бойынша курс, 12 мамыр 2017жыл;

9.  "Биология пәні мұғалімінің кәсіби құзреттілігін дамыту-80с", ҚР БҒМ "Өреу" біліктілікті арттыру ұлттық орталығы" АҚ. 04 маусым, 2021жыл;
10. "Білім берудегі менеджімент" орта білім беру басшыларының біліктілігін арттыру бағдарламасы бойынша 80с көлемінде оқу курсын аяқтау туралы сертификат, 29.01.2021 жыл.
11. "Биология шеберханасы" тақырыбында курс 72 сағат, Нұр-Сұлтан 2021 жыл.
Жетістіктері:
1. "ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫ", 2018 жыл. "100 жаңа есім" жобасы аясында Республика білім саласы үздік қызметкерлерінің қатарына көрінгені үшін";
2. "Мәңгілік елдің мәртебелі мұғалімі" төс белгі, ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫ, 2018 жыл;
3. "Менеджер-2019" кәсіби байқауда ІІ -орын алғаны үшін ГРАМОТА, Өскемен қаласы,2019жыл;
4. Министр Аймағанбетовтың "АЛҒЫС ХАТ"", 2019 жыл. "Көп жылғы еңбегі және білім беру жүйесін дамыту мен өскелең ұрпақты тәрбиелеуге қосқан үлесі мен жеткен жетістігі үшін"
5. Халықаралық қашықтық сайысы, "Педагогикалық эссе" ІІ- дәрежелі ДИПЛОМ. Астана, 2021жыл;
6. Халықаралық ғылыми- тәжірибелік конференция "НИШ пед.орталық ұйымдастырған. "Іс- әрекетті зерттеу және сабақты зерттеу: білім беру мекемелерінде жүзеге асыру тәжірибесі" тақырыбында онлайн таныстырылым жасағаны үшін ДИПЛОМ, 2021жыл;
7.Қалалық білім беру бөлімінің МАДАҚТАМА, 2021 жыл. "Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтой қарсаңында кәсіби маман ретінде білім беру жүйесіне жеткен толағай жетістіктері үшін";
8. "Жалпы білім беретін мектептің 8-10 сыныптарға арналған химиядан тоқсандық бақылау тест жинағы " оқу-әдістемелік құралдың авторы, 2011 жыл;
9. "Химия- биология пәндерін оқытуда инновациялық технологияларды қолданудың әдіс-тәсілдері" әдістемелік- көмекші құрал авторы, 2018 жыл;
10. "Жаңартылған білім мазмұнында мектепті басқарудың педагогикалық менеджменті" авторлық бағдарлама, 2020 жыл.
 

Лауазымдық міндеті:

       Директордың оқу тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының лауазымдық қызметін, міндеттерін жоғары жауапкершілікпен орындайды. Директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары өз жұмысында Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын, ҚР Президентінің Үкімдерін, ҚР Үкіметінің қаулыларын және барлық деңгейдегі білім беру басқармаларының білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмыстары бойынша шешімдерін; еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі, өртке қарсы қорғану ережелері мен нормаларын, сонымен қатар Жарғы мен мектептің жергілікті құқықтық актілерін (ішкі еңбек тәртібі Ережелерін, директордың бұйрықтары мен өкімдері, осы лауазымдық нұсқау), және еңбек шартын  басшылыққа алады.

Еңбек жолында оқыту сапасын арттыру мәселелерінде оқушылардың дарындылығын, шығармашылық қабілеттерін дамыту барысында, алдыңғы қатарлы  ұстаздармен іс-тәжірибе бөлісу негізінде облыстық  және  қалалық семинарлар,шеберлік сыныптары және т.б өткізуге ат салысады.Мектепшілік бақылау бойынша жұмысты ұйымдастырады. Оқушылардың білім беру және тәрбие үдерісіндегі сапаны және білім алу дайындығы нәтижесінің әділ бағасын бақылауды жүзеге асырады.Емтихан, ҰБТ, МАБ –ға дайындық жәнеөткізу бойынша жұмысты ұйымдастырады.Ата-аналар арасында ағартушылық жұмысты ұйымдастырады. Оқу жүктемесіне бақылауды жүзеге асыралды. Бекітілген есеп беру құжаттарын уақытында дайындауды қамтамасыз етеді. Мекемеге педагогикалық кадрлар мен басқа қызметкерлерді іріктеп алу мен орналастыруға қатысады.Педагогикалық кадрларды аттестациялауға, олардың педагогикалық тәжірибесімен жинақтауға қатысады. Білім беру үдерісін жетілдіру бойынша ұсыныстар жасайды. Оқушыларға медициналық қызмет көрсету жағдайына бақылау жасайды. Білім сапасы мен сабақ беру деңгейіне мониторинг жүргізеді. Қауіпсіз техникасы мен еңбек жағдайы бойынша бақылау жүргізеді. Мұғалімдерді тарифтеу бойынша материалдар дайындайды.


Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары 

(бастауыш сыныптар бойынша)  


Бастауыш сынып мұғалімі

Базалық білімі: жоғары. Өскемен қаласы, Педагогикалық колледж-1994 ж (Қызыл диплом). Бастауыш сынып мұғалімі. ШҚМУ. Қазақ тілі мен әдебиет факультеті. Бітірген жылы: 2004жыл.

Санаты: жоғары

Еңбек өтілі: 23 жыл


Біліктілігін арттыру курсы:

  1. «Білім беру мазмұнын жаңарту аясында мектепті басқарудың құзырлылық амалы» «Өрлеу» БАҰО .08.07.2016ж .№ 0130837  «Назарбаев   Зияткерлік мектептері» ДББҰ; 
  2. «Педагогикалық шеберлік орталығы  әзірлеген Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде критериалды бағалау жүйесін енгізу бойынша өңірлік және мектеп үйлестірушілернің біліктілігін арттыру курсы.02.12.2016ж. БЖ №028350»;
  3. «Мектептегі мұғалім көшбасшылығы» білім беру бағдарламасы бойынша мұғалімдерді оқыту курсы.Педагогикалық шеберлік орталығы Өскемен қаласы.25. 04.2017ж.ММК № 002897.
Лауазымдық міндеттері:

      Педагогикалық ұжым қызметінің ағымды және перспективті жоспарлауын ұйымдастырады. Бастауыш сыныптағы оқу жоспары мен бағдарламалардың орындалуы бойынша мұғалімдер жұмысын үйлестіреді. 1-4 сыныптардағымектепшілік бақылау бойынша жұмысты ұйымдастырады. Оқушылардың білім беру және тәрбие үдерісіндегі сапаны және білім алу дайындығы нәтижесінің әділ бағасын бақылауды жүзеге асырады. Аралық бақылау бойынша дайындық пен өткізу жұмысын ұйымдастырады. Ата-аналар арасында ағартушылық жұмысты ұйымдастырады. Оқу жүктемесіне бақылауды жүзеге асыралды. Бекітілген есеп беру құжаттарын уақытында дайындауды қамтамасыз етеді. Мекемеге педагогикалық кадрлар мен басқа қызметкерлерді іріктеп алу мен орналастыруға қатысады. Педагогикалық кадрларды аттестациялауға, олардың педагогикалық тәжірибесімен жинақтауға қатысады. Білім беру үдерісін жетілдіру бойынша ұсыныстар жасайды. Оқушыларға медициналық қызмет көрсету жағдайына бақылау жасайды. Бастауыш сыныптағы статистикалық еспке жауап береді.Қауіпсіз техникасы мен еңбек жағдайы бойынша бақылау жүргізеді. Оқушылар үшін ыстық тамақпен қамтамасыз етуді ұйымдастыруды бақылайды. Бастауыш сыныптағы сабақтарды ауыстыру бойынша журнал жүргізеді.


Директордың ғылыми істер жөніндегі орынбасары

 

Білімі: жоғары, С. Аманжолов атындағы ШҚМУ, тарих, экономика және құқық негіздері пәні мұғалімі 2001- 2005ж., С. Аманжолов атындағы ШҚМУ «Тарих» мамандығы бойынша  гуманитарлық ғылым магистрі 2017-2019ж.
Санаты: педагог-зерттеуші
Жалпы еңбек өтілі: 16 жыл
Байланыс телефоны: 8-705-135-04-32, жұм.тел 8-7232-70-40-30
Курстары: 
  1. 2017ж. «НЗМ» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы Кембридж университетініңбілім беру факультетімен бірлесіп  әзірлегенҚР педагог қызметкерлердің біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламасы негізінде өткізілген қосымша біліктілікті арттыру курсын аяқтады.
  2. 2017ж. ҚР орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде «Қазақстан тарихы» мен «Құқық негіздері» пәндері бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру білім беру бағдарламасы бойынша курсын аяқтады.
  3. 2021ж. «НЗМ» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы әзірлеген «Тәжірибедегі рефлексия» жалпы білім беретін мектептердегі педагогика кадрларының кәсіби даму бағдарламасы негізінде  «Тәжірибе алаңы» мұғалімдердің өзін-өзі оқыту «Білім үдерісіндегі интербелсенді әдіс-тәсілдер интернет платформаларында» курсын аяқтады.
  4. 2021ж. «Білім берудегі менеджмент»орта білім беру ұйымдары басшыларының біліктілік арттыру бағдарламасы бойынша  курсын аяқтады.

Лауазымдық міндеттері:

Директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары төмендегідей лауазымдық міндеттерді орындайды:

  • Білім беру ұйымының ғылыми және оқу-әдістемелік жұмысын ұйымдастырады және жоспарлайды;
  • Оқу-әдістемелік құжаттарды құрастыруды, жетілдіруді ұйымдастырады және  үйлестіреді;
  • Педагогтардың инновациялық бағдарламаларды және жаңа технологияларды игеруіне көмектеседі;
  • Оқу үрдісін жетілдіру жайында ұсыныстар енгізеді, мектептің педагогикалық кеңесі жұмысына қатысады, мұғалімнің нәтижелі тәжірибелерін таратады;
  • Педагог-қызметкерлерді аттестаттау ережесіне сай аттестаттау жұмысын жүргізеді, басшылық жасайды;
  • Пән мұғалімдерінің жеке бағдарлама жасап, жоспарлы жұмыс істеуіне ұйтқы болады; 
  • Педагогтардың білім көтеру курстарының өтуіне басшылық жасайды;
  • Педагогикалық оқуларға, ғылыми-практикалық конференцияларға, олимпиадаларға мұғалімдердің қатысуын қадағалайды;
  • Семинар, конференция, түрлі сайыс, шығармашылық күндерінің өтуіне басшылық жасайды;
  • Қалалалық оқу бөлімінің әдістемелік бөлімімен біріге отырып, мұғалімдерге әдістемелік көмек жасайды.
  • тарих, құқық, өзін - өзі тану, көркем еңбек, музыка пәндерінің оқытылуына бақылау жасайды;
  • Мектепішілік, қалалық, облыстық, республикалық әртүрлі байқауларға  мұғалімдердің, сынып жетекшілердің қатысуын ұйымдастырады;
  • Пән кабинеттерінің талапқа сай жабдықталуына басшылық жасайды.
  • НОБД базаларының толтырылуына басшылық жасайды;
  • Мектеп психологтарымен бірге мұғалімдерге диагностикалық жұмыстар жүргізеді.
  • Мектептегі барлық сынақ-тәжірибелік жұмыстарға басшылық жасайды;
  •  «Жас маман  мен тәлімгер» мектебінің жұмысына басшылық жасайды.
  • Жауапты пәндерге алынған білім стандартының орындалуын қадағалау, оқушылардың білім сапасын, үлгерімін тексеру және тоқсанына бір рет өз отырыстарында қарап, қорытындысын мектеп директорына береді;




Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары


Абдрахманова Аида Ержановна

Базалық білімі:Өскемен қаласы ШҚМУ. Қазақ тілі мен әдебиеті факультеті, бітірген жылы 2003-2008 жыл.

Санаты: екінші;

Еңбек өтілі: 10 жыл;

Байланыс телефоны: 87752808767

Біліктілік арттыру курсы:

1. 2015 жылы «Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінде Блум таксономиясы негізінде оқушлардың оқу жетістіктерін критериалдық бағалау» АО «НЦПК «Өрлеу»;    

2. 2018 жылы ҚР мазмұнын жаңарту шеңберінде АО «НЦПК «Өрлеу»;         

Лауазымдық міндеті:

Жаңа патриоттың және жаңа демократиялық қоғамда өмір сүруге қабілетті азаматтың қалыптасуына жәрдемдесу,  жеке тұлғаның саяси, құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру,  балалар мен жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, балалар мен жастар ортасында қатыгездік пен зорлық-зомбылық көріністеріне қарсы тұруға дайындау;

- жеке тұлғаның рухани, моральдық-этикалық қағидаларын, оның адамгершілік қасиеттері мен қазақстандық қоғамның өмір салт-дәстүріне сәйкес келетін қарым-қатынастарын қалыптастыруға жәрдемдесу;

- баланың жеке басын қалыптастыруда психологиялық және педагогикалық құзыреттілігін арттыру және балаларды тәрбиелеу бойынша олардың жауапкершілігін арттыру;

- кәсіптік дағдыларды қалыптастыру, жеке тұлғаның экономикалық ойлауы және кәсіби өзін-өзі анықтауға саналы көзқарас, экологиялық мәдениетті дамыту;

- әр адамның интеллектуалдық мүмкіндіктері, көшбасшылық қасиеттері мен таланттарын дамытуды қамтамасыз ететін, оның ақпараттық мәдениетін қалыптастыруға ықпал ететін мотивациялық кеңістікті қалыптастыру;

- салауатты өмір салты дағдыларын тиімді қалыптастыру, физикалық және психологиялық денсаулықты сақтау, денсаулыққа зиянды факторларды анықтауға арналған кеңістікті құру.



             Директордың ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары


                         Мухаметрахимова Раушан Жумагалиевна

Ағылшын тілі пәні мұғалімі 
Санаты: педагог-зерттеуші 
Еңбек өтілі: 23 жыл
Байланыс телефоны:+7-705-764-01-84

Марапаттары:
2017ж- ШҚО Білім басқармасының құрмет грамотасы
2018ж- Өскемен қаласы әкімінің құрмет грамотасы
2018ж- Аймақтық кәсіподақ ұйымы құрмет грамотасы
2019ж- Республикалық кәсіподақ ұйымы құрмет грамотасы
2020ж- «Аймақтық кәсіподақ ұйымына-100 жыл» төс белгі
2020ж- БҒМ Құрмет грамотасы

Кәсіби жетістіктері:
  1.  «Ұлт ұстазы» төс белгі иегері
  2. «Жыл мұғалімі» қалалық байқау жеңімпазы
  3. «Үздік кіріктірілген сабақ» облыстық байқау жеңімпазы
  4. «Я и мой коучинг» республикалық байқау жеңімпазы
  5. «Инклюзивті білім беру және тәрбиелеу жұмысы ұстазбен оқушының субъектілілк дамыту кеңістігі» қалалық ҒПК жеңімпазы
  6. «Ең үздік шет тілі кабинеті» қалалық байқау жеңімпазы
  7. 1-7 сынып оқушыларына арналған үштілділік сөздік авторы
  8. ОЖСБ-ға дайындық атты авторлық құрал авторы
  9. 7-11 сынып оқушыларына арналған «Basic English» сөздік авторы
  10. 10-сынып оқушыларына арналған «Academic essay writing» элективті курс авторы
    Лауазымдық міндеттері:
1. Білім беру заңдылықтарының орындалуына қадағалау жасау;
2. Оқу-әдістемелік құжаттарды құрастыруды, жетілдіруді ұйымдастырады және үйлестіреді;
3. Оқу үрдісін ұйымдастыру жайында ұсыныстар енгізеді, мектептің педагогикалық кеңесі жұмысына қатысады, мұғалімнің, оқушылардың нәтижелі тәжірибелерін таратады;
4.  Мектептің даму жоспары бойынша өзі бақылау мен басшылық жасайтын пән мұғалімдерінің өзін-өзі дамытатын жоспарды қадағалап, үнемі бақылап жыл көлемінде рейтинг жасайды.
5. Апталық жоспарлардың өтуіне бақылау жасайды;
6. Кесте бойынша кезекші әкімшіліктің кезекшілік атқаруын қадағалайды.
7. Пән мұғалімдерінің жеке бағдарлама жасап, жоспарлы жұмыс істеуіне және баспаға мәтінді оқулыққа шығаруға ұйтқы болады.
8. Қалалық, облыстық, республикалық педагогикалық оқуларға, ғылыми-практикалық конференцияларға, олимпиадаларға мұғалімдердің, оқушылардың қатысуын қадағалайды, басшылық жасайды.
9. Семинар, конференция, түрлі сайыс, шығармашылық күндерінің өтуіне басшылық жасайды.
10. Қалалық білім беру бөлімінің әдістемелік бөлімімен біріге отырып, мұғалімдерге әдістемелік көмек жасайды.
11.  Кезекшілік атқару кезінде мектеп ауласын, барлық қабаттарды, кабинеттерді аралап, тазалығына, оқушылардың тәртібіне жауап береді.
12. Мектептегі қалалық, облыстық, республикалық, халықаралық пән олимпиадасы, интеллектуалды сайыстардың өтуіне басшылық жасайды
13. Дарынды балалармен жұмыс және олимпиадалар, жобалар бойынша жұмыстар атқарады, қадағалайды және басшылық жасайды.
14. Оқушы дәптерлерін айына 1 рет тексеріп, басшылық жасайды, қадағалайды, шара қолданады.
15. Оқушылардың инновациялық бағдарламаларын, жобаларын және жаңа технологияларды игеруіне көмектеседі, бақылау және басшылық жасайды.
16. Жауапты пәндерге алынған білім стандартының орындалуын қадағалайды, оқушылардың білім сапасы, үлгерімін тексереді және тоқсанынан 1 рет өз отырыстарында қарап, қорытындысын мекьтеп директорына береді.
17. Аптасына 3 сағат сабаққа қатысады.




Директордың әлеуметтік тәрбие ісі жөніндегі  орынбасары

Темірбаева Райгүл Шәріпқызы

Тарих пәні мұғалімі

Базалық білі:  Өскемен қаласының С. Аманжолов атындағы  ШҚМУ, 1998 ж.

Санаты: педагог сарапшы;

Еңбек өтілі: 23 жыл;

Байланыс телефоны: 87055245795.


Лауазымдық міндеттері:

       Ыстық тамақпен қамтамасыз ету, мектеп асханасымен жұмысты қадағалау, бала мен жанұяны қолдау орталығымен жұмыс жасау, суицидтің алдын алу бойынша жұмыстарға басшылық жасау,  мектепішілік қамқорлық комитетімен жұмыс, қайырымдылық акцияларын ұйымдастыруды басшылыққа алу, жетім, жағдайы нашар, көпбалалы жанұялармен, оралмандармен жұмыс, наркопосты басшылыққа алу, тәртібі бақылауға алынған оқушылармен жұмысты қадағалау, құқықбұзушылықты алдын алу жұмыстарын қадағалау, тәрбие сағаттарының жүру барысына басшылық жасау, мектептегі жалпыға білім беру айлығының өтуіне басшылық жасайды және мөлтек аудан бойынша бөлініп берілген үйлердің аралануына бақылау жасап, қорытындысын қалалық оқу бөліміне тапсырып отыру, полиция жас көмекшілері жұмысын ұйымдастыру, әлеуметтік-психологиялық қызметке басшылық жасау, мектепішілік шаралардың орындалуын ұйымдастыру, біріңғай талаптардың орындалуын қадағалау, оқушылардың сабақ босатуын, кешігуін қадағалау, үзілістің мазмұнды ұйымдастырылуын қадағалау, мектеп тәрбие жоспарына анализ жасау.


Директордың Ақпараттық технологиялар жөніндегі орынбасары

Бабатаева Чинар Мухтаровна

Бітірген оқу орны: Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті

Мамандығы: Математиканы тереңдетіп оқытатын сыныптардағы және лицей, 

гимназиялардың математика, ақпарат және есептеу техникасының мұғалімі

Санаты, еңбек өтілі: Жоғарғы санатты, педагог – зерттеуші, 34 жыл

телефон 8705-815-68-69

E-mail : chinarb.m@mail.ru

Марапаттары:

2017ж – ШҚО Ғылыми-Әдістемелік «Дарын» орталығы құрмет грамота
 
2018ж - ШҚО Білім басқармасының құрмет грамотасы
 
2018ж, 2021ж -Өскемен қаласы білім бөлімініңқұрмет грамотасы
 
2018ж - «Лучшие в образовании» номинация «Национальная Гордость»,  Диплом

2019ж -ШҚО Білім басқармасы «Шығыс» өңірлік орталығы, Алғыс хат
 
2020ж - «Қазастан мұғалімі» төс белгі иегері
 
2017, 209, 2020 ж- Педаогикалық шеберлік орталығы, Алғыс хат

Кәсіби жетістіктері:
 1.  «Ұлт ұстазы»  медаль иегері

2. «Үздік партфолио» қалалық байқау жеңімпазы

3.  RWCT – мұғалімі

4. «Тәжірибелік рефлексия» - мектеп тренері

5.  Педагогикалық шеберлік орталығының  тренері

6. 9-11 сынып оқушыларының қортынды аттестаттау тестін дайындаушы және сараптаушы


 Лауазымдық міндеттері:
1. Білім беру заңдылықтарының орындалуына қадағалау жасау;
2. Білім беру ұйымын ақпараттандыру процесін, оның ресурстық қамтамасыз етілуін, оқыту және басқару 

қызметінде ақпараттық және коммуникациялық технологиялар құралдарын пайдалануды іске асыруды 

ұйымдастырады; 
3. Оқу процесінде ақпараттық және коммуникациялық технологияларды енгізеді және пайдаланады;
4. Оқыту және басқару қызметінде ақпараттық және коммуникациялық технологияларды пайдалану мәселелері 

бойынша сыртқы ұйымдармен байланысты орнатады;
5. Жұмыстың тиісті бағыттарының кадрларын іріктеу мен орналастыруды жүзеге асырады, оларды басшыға 

ұсынады;
6.Ақпараттық технологияларды пайдалану мәселелері бойынша педагог және басқару кадрларын оқытуды 

ұйымдастырады.
7. Ақпараттық және коммуникациялық технологиялар саласында әдістемелік, зерттеу, тәжірибелік-эксперименттік және инновациялық жұмыс жүйесін ұйымдастырады және жоспарлайды.
8. Желілік ресурстарға қол жеткізу құқықтарын белгілеуге және оларды пайдалануды бақылауға; 
9. Деректерді уақтылы көшіруді, мұрағаттауды және резервке қоюды қамтамасыз етуді бақылайды;
10. Пайдаланушылардың және бағдарламалық қамтамасыз етудің қателерін анықтауға және оларды түзету 

жөнінде шаралар қабылдауға;
11. Желілік қауіпсіздікті ақпаратқа рұқсатсыз қол жеткізуден, жүйелік файлдар мен деректерді қараудан немесе 

өзгертуден қорғауды қамтамасыз етуге;
12. Кеңсе техникасын жаңғырту және сатып алу жөнінде ұсыныстарды әзірлеуге;
13.Бөгде ұйымдар мамандарының кеңсе техникасын монтаждауы кезінде бақылауды жүзеге асыруға;
14. Компьютер және ноутбук, ақпараттық технологиялар бойынша айына 1 рет тексеріп, басшылық жасайды, 

қадағалайды, шара қолданады;
15.IT, STEM инновациялық бағдарламаларын, жобаларын және жаңа технологияларды игеруіне көмектеседі, 

бақылау және басшылық жасайды;

16. Информатика пәндері бойынша білім стандартының орындалуын қадағалайды, оқушылардың білім сапасы, 

үлгерімін тексереді және тоқсанынан 1 рет өз отырыстарында қарап, қорытындысын мектеп директорына береді;
17. Аптасына 3 сағат сабаққа қатысады;
18. Оқу жүйесін ұйымдастыру, білім порталдары жұмысына басшылық жасайды


Директордың әкімшілік-шаруашылық жөніндегі орынбасары

Қайрат Күміс Құрманбайқызы
Базалық білімі: Өскемен қаласы, Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан университеті. Өмір қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау, бітірген жылы 2009-2013 жыл;

Тау кен металлургия, магистратура; 2018-2020 жыл; 

Еңбек өтілі: 6 жыл;

Байланыс телефоны: 87778492309

 Лауазымдық міндеті:

Директордың әкімшілік-шаруашылық жұмыс жөніндегі орынбасары келесі  міндеттерді орындайды:

- Мектептің шаруашылық жұмысына басшылық етеді;

-Заттық құндылықтарды, мүлік, жиһаз, мектеп инвентарларын Заңнамамен бекітілген тәртіп бойынша  сақтауға қабылдайды;

- Мектеп қызметкерлерін кеңсе бұйымдарымен, күнделікті жұмысқа қажет заттармен қамтамасыз етеді;

- Мектептің жаңа оқу жылына дер кезінде дайындығын қамтамасыз етеді;

- Ғимараттың, сыныптардың, оқу кабинеттердің, шеберхананың, спорт залының, және басқа бөлмелердің, сонымен қатар асхана, буфеттің техникалық және санитарлық-гигиеналық жағдайына, қауіпсіздік нормалары мен ережелеріне сәйкестігіне бақылау жасайды;

- Материалдардың және мектеп қаржысының үнемді пайдалануын бақылайды;

- Мектеп маңайын сәулеттендіру, көгалдандыру және тазалау жұмыстарына басшылық жасайды;

- Өзіне бағынатын техникалық және қамту қызметкерлерінің жұмысын үйлестіреді, олардың жұмыс уақытынң есебін жүргізеді;

- Мектеп мүлкін түгендеу есебін жүргізуді ұйымдастырады, мүлікті есепке алады, уақытылыесеп жасайды, бекітілген жұмыстары бойынша  құжаттарды жүргізеді;

- Мектептің шаруашылық дербестігін кеңейту, қажетті келісім-шарттардың дер кезінде жасау шараларын іске асырады;

- Негізгі ғимаратты және мектептің басқа да құрылыстарын, технологиялық, энергетикалық жабдықтарды пайдалану кезінде еңбекті қорғау талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді, оларды оқтын-оқтын тексереді және ағымдағы жөндеу жұмыстарын ұйымдастырады;

- Мектеп аймағында ауырлықтарды тасуда, тиеу-түсіру жұмыстары, көліктерді пайдаланған кезде қауіпсіздікті қамтамасыз етеді;

- Ғимараттардың өртке қарсы қауіпсіздік талаптарының орындалуын ұйымдастырады, өртке қарсы құралдардың дұрыстығын қадағалайды;

- Электр қондырғыларының оңашалау кедергілерін, электр өткізгіштерді жерге қосытын құрылғыларды жылда тексеруден өткізуді ұйымдастыру, сумен және буменжылтылатын қазандықтарды, қысыммен жұмыс істейтін қысылған және сұйылтылған газдарға арналған баллондарды сынау және жарамды-жарамсыздығын куәландыру, ауадағы шаң, зиянды заттардан шығатын газ және будың мөлшері, бөлмелердегі жарықтың дәрежесі, радиясияның, шудың білім беру ұйымдарындағы тіршілік әрекеті қауіпсіздігін қамтамасыз ететін ережелер мен нормаларға сәйкестігін тексеру;

- Оқу кабинеттерін, шеберханаларды, тұрмыстық , шаруашылық және басқа да бөлмелерді тіршілік әрекеті қауіпсіздігі ережелері мен нормалары, еңбек қауіпсіздігі стандарттарына сай қамтамасыз ету.





Похожие публикации:

06 декабрь 2017 Мекен жайымыз
01 январь 2017 Мектеп тарихы
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив