Телефоны приемной:
+7(7232) 74-24-95
+7(7232) 74-24-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
январь
2017

Мектеп тарихы

 

  

  Мектеп тарихы

 

 

 

 

 

      

«Мектеп – кеме, білім – теңіз»


Ұлттың рухани байлығы – білімінде,  ұстанар бағыты –  тәрбиесінде, ал білім мен тәрбиенің сарқылмас бұлағының көзі­ – мектепте. Мектеп  – білім мен талантты шыңдар білім ордасы.

Өскемен қаласы әкімдігінің «№46 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік   мекемесі 2015 жылдың  кыркүйек айында  О. Бөкей атындағы №44 мектеп-лицейінің ғимаратында ашылды. 

2016 жылдың 25 қаңтарында 19- шағын ауданында орналасқан Көкжал- Барақ 8/2 көшесіндегі білім ордамыз орналасқан жаңа ғимаратқа ресми түрде   алғаш қадам бастық. Мектеп әкімшілігі төмендегідей құрамнан тұрады:

Мектеп директоры ­ - Ауғанбаева Гүлфарида Базарбевна;

Оқу ісінің меңгерушісі: Кожикова Бақытжан Мұхтаровна; 

Оқу ісінің ғылыми-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары: Абдугожанова Гүлшат Советхановна (2015-2017); Аубакирова Мақпал Алтаевна; 

Дарынды балалармен жұмыс жөніндегі директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары – Интыкпаева Бақыт Турсынханқызы (2019-2021); Мухаметрахимова Раушан Жумагалиевна; 

Тәрбие ісінің меңгерушісі: Мухаметуалиева Гүлнұр Тлеухановна (2015-2019); Абдрахманова Аида Ержановна;

Әлеуметтік жұмыс жөніндегі орынбасары: Кабдуллина Айжан Жомартовна;   Темірханова Райгүл Шариповна;

Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді, жан-жақты болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім.

Мектебіміздің мақсаты: оқушылардың интеллектуалдық,   шығармашылық қабілеттерінің заманауи тұрғыда жан-жақты дамуын, кәсіби білім алды даярлығын қамтамасыз ететін өнімді білім беру ортасын құру арқылы дүниежүзілік қауымдастықта қарым-қатынас орната алатын бәсекеге  қабілетті ұлтжанды жасөспірім тәрбиелеу. Мектебіміз «Білім беру ортасын   басқарудағы    субъектілік бәсекеге қабілетті жеке тұлға қалыптастыру шарты» деген  зерттеушілік тақырып  бойынша жұмыс жүргізіп келеді.

Жалпы мұғалімдер саны-149

Педагог-шебер-2

Педагог-зерттеуші- 45

Педагог-сарапшы:  31

Педагог-модератор: 37

Санатсыз-22

І санаты-2

ІІ категория – 6

Жоғары категория-4

Мектепке кірген сәтте қазақтың шаңырағы бой көтеріп тұр. Шаңырақтан шуақ шашып,  күмбез іспеттес боп, 4 блок тарайды. 

А блогының екінші қабатында информатика, медициналық бөлме, психоголиялық көмек көрсететін бөлмелер, ағылшын, өзін-өзі тану кабинеттері орналасқан. А блогының үшінші қабатында ҚР мемлекеттік рәміздері бой көтерген. Ұлтжанды ұрпағымыздың бойына патриоттық рух себетін бөлім десек те болады. Оқушыларымызыдың рухани жаңғыруы үшін Елбасымыздың  көрегендік саясатымен ұйымдастырылған «Мәңгілік Ел» идеясы жүзеге асырылатын ең құнды кабинетімізді осы үшінші қабаттан көріп, ерекше әсер алуға болады.  «Кітап – білім бұлағы» дегендей, оқырмандарын оқуға құштарын ашатын кітапханамыз да осы қатарда. Осы қатармен жүре  берсек, «Ерлік - ұрпаққа ұран» атты алдаңға тап боласыз. Бұл жерде ҰОС –ның батыр   боздақтары туралы сыр шертесіз. 

В блогында қазақтың ұлы ақыны, адамзаттың кемеңгері ұлы Абай өмірі мен шығармашылығына арналған. «Абайтану» залы, «Абай әлемі», ұлы ұстаз «Қанипа Бітібаева» кабинеттері осы блокта бой көтерген. Бұл – жас ұрпақ үшін рухани құндылыққа толы блок. 2020 жылы ұлы Абайдың 175 жылдығына орай ұйымдастырылған қалалық байқауда «Абайтану» залы «БАС жүлде», «Абай әлемі» кабинеті 1-орынды иеленді. 

Сонымен қоса, ағылшын пәні бірлестігі жасаған «Ұлыбритания» алаңы орналасқан.  Бұл алаң оқушыларға Англия елінен  сыр шертеді. 

Өскелең ұрпаққа саналы білім мен өнегелі тәрбие беруде алдыңғы қатарлардан көрініп келеді. Оған себеп – пәндік жүйемен сабақ өткізу болып табылады. Біздің   жаңа стандартпен салынған мектебімізде 4 қазақ тілі, 4 орыс тілі, 4 ағылшын тілі, 4 математика, 2 тарих кабинеттері бар. 

«Білім негізі – бастауышта»- дегендей, бастауыш сыныптарға жеке Б блогы берілген. Үш қабатта орналасқан бүлдіршіндер білім нәрімен сусындап, қанаттанып, ой-өрісін дамытып келеді.

Д блогында 2 физика, 2 биология, 1 география, 1 химия, 3 технология, 1 алғашқы әскери дайындық, 1 сызу кабинеті арнайы құрылғылармен жабдықталып, оқушылардың пәнді толық игеруіне  жағдай жасалынған. 2018 жылы «ІТ» кабинеті орнатылды. Қазіргі таңда ІТ маман Сырымбек Мағжан шәкірттері робототехника бойынша қалалық, облыстық, республикалық байқаулар жеңімпаздары. 2020 жылы соңғы жаңартылған білім мазмұнындағы модификацияланған «STEM» кабинеті жабдықталды. 

Соның нәтижесінде, мектеп оқушылары түрлі қалалық, облыстық, республикалық пән олимпиадаларына, ғылыми жобалар мен байқауларға қатысып, жүлделі орындарымен өз ұстаздарын қуантуда. Жыл сайын мектеп түлектері бірыңғай ұлттық тестілеуден сүрінбей өтіп, бірқатары шығысымыздағы, бірқатары республикамыздағы алдынғы қатарлы жоғары оқу орындарының  студенттер қатарын толықтырып келеді. Мектеп түлектерін білім нәрімен сусындатып, жылдар бойы тәлім-тәрбие берген, жақсы қасиеттерді бойларына дарыта білген, адамгершілік рухта бағыт-бағдар берген ұстаздары мақтан тұтары сөзсіз. Себебі олар жоғары оқу орнының табалдырығын аттаған бойда өздерінің терең білімдерімен, патриоттық рухтағы азаматтық көзқарасымен, кішіге ізет, үлкенге құрмет көрсете білетін жастар ретінде өздерін танытып келеді.  

Мектептің 5 жылда түлеп ұшқан түлектері туралы мәліметті төмендегі кестеден байқауға болады.


Оқу жылдары

Түлек

тер саны

Білім сапасы, %

Орташа балл

Үздік аттестат

Алтын белгi

ЖОО

%

ЖОО/

грант

%

ЖОО/

ақылы

колледж

грант /жалпы

2015- 2016

16

82,3

113,75

1

1

16

100%

15

93,75%

1

0


2016- 2017

48

72,9

101,4

1

5

42

87,50%

34

70,80%

14

6


2017- 2018

63

100

115,74

3

5

60

95,20%

46

73,01%

17

3


2018 - 2019

78

91

105,41

10

2

74

94,80%

68

87,20%

10

1

69/88,46%

2019 - 2020

65

84,6

72,1

7

9

60

92,30%

34

52,30%

31

4

36/ 55,4%

2020-2021

79

88,6

75

12

16

73

92,40%

42

53,20%



32

2


6 жылдың ішінде білім ордамыздан 349 түлек қанат қағып, көпшілігі ЖОО студенттері қатарында. Қазақстанның, шетелдің белді университеттерінен білім алуда. Түлектеріміздің жылда жоғары нәтиже көрсетіп, грант иегерлері болуы  біздің ұжымның ұстаздарының біліктілігінің арқасында. 

Соңғы үлгімен жабдықталған мектептің акт залы мен спорт залында шынығатын оқушыларымыз да өз нәтижелерімен қуантуда. Өнер, спорт, әр түрлі шығармашылық байқаулардың жеңімпаздарының саны да жылдан-жылға артып келеді. 

«Ас-адамның арқауы» болатын асханамыз да бірінші қабатта орналасқан. Оқушыларымыз түрлі дәрумендерге бай дәмді тағамдармен тамақтанады. 

Жаңа, заманауи негізде, модификацияланған жабдықтармен жабдықталған киелі шаңырағымызға қаншама мейман тоқсан сайын ат басын бұрып, түрлі іс-шараларға қатысады. Атап айтар болсақ, елімізге еңбектерін сіңіріп жүрген атақты Қалқаман Сарин, Қанат Ислам, Бақытжан Сағынтаев, Бердібек Сапарбаев, Даниял Ахметов, Жақсылық Омар,  т.б. Жаңартылған білім мазмұнына сәйкес жабдықталып жатқан шаңырағымызда күнделікті оң өзгерістер бет алуда.  Осыған орай, мектеп ұжымы мен оқушылар қауымы бірлесе жұмыс жасап, оқу үдерісін сара жолға қою үстінде. Инновациялық шаңырақтан білім нәрімен сусындаған жас ұрпақ – болашақ кепілі деп білеміз, соған ат салысамыз!

2018 жылы мектебіміз қалалық мектеп арасындағы рейтинг бойынша «БАС ЖҮЛДЕ» марапатын жеңіп алды. Мектебіміздің оқу ісінің меңгерушісі Кожикова Бақытжан Мухтаровна  «Менеджер-2019» кәсіби байқауында ІІ орын иеленді. Мектебіміздің директоры Ауганбаева Гульфарида Базарбаевна «Табысты менеджер-2020» қалалық байқауынан «БАС ЖҮЛДЕ»   жеңіп алды. Мектеп ұстаздар тоынан құралған воллейбол командасы да қала мұғалімдері, облыстық, республикалық жарыстардан үнемі жүлделі 1-орын иеленіп келеді. 

Оқушыларға бірыңғай талап қойып, жауапкершілікке шақырып, оқушы екенін көрсету мақсатында мектеп әкімшілігінің басшылығымен 2016 жылы мектеп оқушыларына бірыңғай киім үлгісі және ұлдар мен қыздардың  Кодексі қабылданды. Әрбір оқушыны патриоттық тәрбиеге, ұлтжандылыққа, туған елін, білім мен тәрбие алып жүрген ордасын сыйлап,  мақтаныш етуге, әрбір оқушының еңсесін көтеруге, нағыз азамат пен азаматша екенін көрсету мақсатында түрлі іс-шаралар өткізіліп тұрады. 

2021 жылы мектебіміздің 5 жылдық мерейтойына орай, «Заманауи әлемнің көшбасшы мектебі» атты білім ордамыздың 5 жылдық тарихы бар кітап жарық көрді.

Тәуелсіз Қазақстанның бүгінгі құдіреті, болашағының кепілі – кемел білім берер мектебінде.  Сондай құтты білім ошағының бірі ШҚО білім басқармасының Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің  «№46 орта мектебі» КММ болатынына сеніміміз мол. 




 

 

 



Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив