09
январь
2024
Педагогикалық кеңес
05.01.2024 жылы Директордың оқу- тәрбие орынбасары Кожикова Бакытжан Муктаровнаның ұйымдастыруымен 3-педагогикалық кеңес өткізілді. Онда қаралған мәселелер:
❄️2-педагогикалық кеңес қаулысының орындалуы жайлы мониторинг жасалып, жетістіктер мен кемшіліктерді нақты көрсетіп берді. Директордың оқу ісі орынбасары Мергазина Д.Т.
❄️ Аттестациядан өтетін мұғалімдердің тәжірибесінен баяндама «Озық тәжірибе-мұғалім шығармашылығының негізі»: Нургалиева Ф.К., Пазылова А.
3. Жаратылыстану пәні бірлестік жетекшісі Шакаримова А.К. химия, биология, география пәндерінен білім сапасына салыстырмалы мониторинг жасалып, оқушылар мен бірлестік құрамындағы мұғалімдердің жетістіктеріне тоқталып, келесі 3-тоқсанға нақты ұсыныстар жасады;
❄️ 2-тоқсанның білім сапасы, пәндік білім сапасы, мектепішілік бақылауда тұрған сыныптардың білім сапасына салыстырмалы мониторинг жасалып, бір "3", бір "4" бар оқушылармен қосымша жұмыс жүргізілуі, 9,11- сыныптың мемлекеттік емтиханға дайындық барысы жайлы. Сонымен қатар 2-3 сыныптың жазу каллиграфиясының тексеру қорытындысына тоқталды. Кожикова Б.М. Каирбаева Е.Е
❄️ Мектеп директоры Ауганбаева Г.Б жалпы қорытынды жасап, мектептің әр түрлі мәселелеріне тоқталып жетістіктер мен ескеретін жайттарға тоқталды.