«Заманауи музыкалық құралдар мен технологиялар арқылы әлемді танудың әртүрлі тәсілдерін дербес игеру ретінде музыкалық дағдыларды дамыту» музыка пәні мұғалімдерінің облыстық семинары
ШҚО білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» 2024 жылғы 27 ақпанында музыка сабақтарында заманауи білім беру технологиялары негізінде педагогтердің сапалы білімін қамтамасыз ету, музыкалық құралдар арқылы әлемді тану, оқушылардың музыкалық қабілеттерін дамыту бойынша әдістемелік көмек көрсету және тәжірибе алмасу мақсатында «№46 орта білім беру мектебінің» базасында «Заманауи музыкалық құралдар мен технологиялар арқылы әлемді танудың әртүрлі тәсілдерін дербес игеру ретінде музыкалық дағдыларды дамыту» тақырыбында педагогтерге арналған облыстық семинарын өткізді.
Іс-шараға аудандық, қалалық білім беру бөлімдерінің әдіскерлері және облыстық жалпы білім беретін мектептерінің мұғалімдері қатысты.
Шара барысында облыстың білім беру ұйымдарының музыка пәні мұғалімдері Өскемен қаласы «№ 46 орта мектебі» КММ Елубаева Роза Жұмабекқызы «Музыка сабағында қолданылатын дидактикалық ойын тәсілдері», Суттыбаева Меруерт Турсунханкызы «Қазақ музыка өнерінде аспаптар арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру»;
«Облыстық математика, информатика, физика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейі» КММ Касенов Айдын Бейсенбаевич «Заманауи музыкалық технологияларды қолданудағы музыкалық аспаптардың рөлі мен алатын орны»;
Өскемен қаласы «№12 мектеп-гимназиясы» КММ Мукосеева Светлана Владимировна «Развитие эмоционального интеллекта с помощью музыкальных средств и приёмов»;
Ұлан ауданы, «Герасимовка орта мектебі»Маушанов Дархан Бакытбекович «Әлем халықтарының музыкалық дәстүрін таныстыруды, заманауи тәсілдері арқылы оқушылардың музыка сауаттылықтарын арттыру» тақырыптарында әдіс-тәсілдерін қолдана отырып шебер-сыныптарын көрсетіп іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Семинардың қорытынды бөлімінде ұйымдастырылған кері байланыс арқылы қатысушылар пікірлерімен бөлісті, ұсыныстар қабылданды.