Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
«№46 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7232) 74-24-95
+7(7232) 74-24-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 26.04 күні мектебімізде облыстың жалпы білім беретін мектептерінің тарих пәні мұғалімдеріне арналған «Тарих сабақтарында оқушының танымдық- зерттеушілік белсенділігін арттыруда картографияның ролі» ӘДІСТЕМЕЛІК ПРАКТИКАЛЫҚ СЕМИНАРЫ өтті
26
апрель
2023

26.04 күні мектебімізде облыстың жалпы білім беретін мектептерінің тарих пәні мұғалімдеріне арналған «Тарих сабақтарында оқушының танымдық- зерттеушілік белсенділігін арттыруда картографияның ролі» ӘДІСТЕМЕЛІК ПРАКТИКАЛЫҚ СЕМИНАРЫ өтті

https://youtu.be/Sx0wAjQAngc

26.04 күні мектебімізде облыстың жалпы білім беретін мектептерінің тарих пәні мұғалімдеріне арналған «Тарих сабақтарында оқушының танымдық- зерттеушілік белсенділігін арттыруда картографияның ролі» ӘДІСТЕМЕЛІК ПРАКТИКАЛЫҚ СЕМИНАРЫ өтті. Семинарға 100-ге жуық тарихшылар қатысты.
Облыстық практикалық семинардың мақсаты – тарихты оқытуда білім алушылардың оқыған тарихи фактілер мен оқиғаларды кеңістікте бағдарлау дағдысын қалыптастыру, тарихи картаны «оқып», оны білім көзі ретінде қолдана алу бойынша іс-тәжірибемен бөлісу, мұғалімдерге әдістемелік қолдау көрсету.

Модератор:Абраимова Бахыт Касеновна, ШҚО ББ «Шығыс» ӨО оқыту мазмұны мен білім беру сапасы мониторингі кабинетінің тарих пәні бойынша әдіскері.
Семинар барысында Нурбекова Р.К., С.Аманжолов атындағы ШҚУ Қазақстан тарихы және әлеуметтік – гуманитарлық пәндер кафедрасының қауымдастырылған профессоры, тарих ғылымдарының кандидаты “ХVІ-ХІХ ғасырлардағы еуропалық және америкалық карталарындағы Қазақ мемлекеті” тақырыбында баяндама оқыды. Сондай-ақ, Ошан Мәулипа Ошанқызы, А.С.Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан Облыстық кітапханасының оқу залының қызметкері «Қазақ мемлекеттілігі жөніндегі жаңа атластар жиынтығы» тақырыбында көрмемен таныстырды.
Мектебіміздің мұғалімдері жоғары деңгейде ашық сабақтармен, шебер сабақтар өткізді