26
апрель
2023
26.04 күні мектебімізде облыстың жалпы білім беретін мектептерінің тарих пәні мұғалімдеріне арналған «Тарих сабақтарында оқушының танымдық- зерттеушілік белсенділігін арттыруда картографияның ролі» ӘДІСТЕМЕЛІК ПРАКТИКАЛЫҚ СЕМИНАРЫ өтті.
https://youtu.be/ZJmg_2
Семинарға 100ге жуық облыс тарихшылары қатысты.
Облыстық практикалық семинардың мақсаты – тарихты оқытуда білім алушылардың оқыған тарихи фактілер мен оқиғаларды кеңістікте бағдарлау дағдысын қалыптастыру, тарихи картаны «оқып», оны білім көзі ретінде қолдана алу бойынша іс-тәжірибемен бөлісу, мұғалімдерге әдістемелік қолдау көрсету.
Модератор:Абраимова Бахыт Касеновна, ШҚО ББ «Шығыс» ӨО оқыту мазмұны мен білім беру сапасы мониторингі кабинетінің тарих пәні бойынша әдіскері.
Семинар барысында Нурбекова Р.К., С.Аманжолов атындағы ШҚУ Қазақстан тарихы және әлеуметтік – гуманитарлық пәндер кафедрасының қауымдастырылған профессоры, тарих ғылымдарының кандидаты "ХVІ-ХІХ ғасырлардағы еуропалық және америкалық карталарындағы Қазақ мемлекеті" тақырыбында баяндама оқыды. Сондай-ақ, Ошан Мәулипа Ошанқызы, А.С.Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан Облыстық кітапханасының оқу залының қызметкері «Қазақ мемлекеттілігі жөніндегі жаңа атластар жиынтығы» тақырыбында көрмемен таныстырды.
Мектебіміздің мұғалімдері жоғары деңгейде ашық сабақтармен, шебер сабақтар өткізді:

Ашық сабақ тақырыптары | ||
1 | Дүниежүзі тарихы пәні. «Екінші дүниежүзілік соғыстың қорытындылары мен сабақтары қандай болды?». Жаңа материалды өту сабағы, 8 «М» сыныбы | Мусаипов Дастан Фархатұлы, педагог-модератор, ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№46 орта мектебі» КММ тарих пәні мұғалімі |
2 | Қазақстан тарихы пәні «Сарматтардың қоғамдық құрылысы мен шаруашылығы». Жаңа материалды өту сабағы, 5 «Г» сыныбы | Мухаметуалиева Гульнура Тлеуканова, педагог-сарапшы, ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№46 орта мектебі» КММ тарих пәні мұғалімі |
3 | Қазақстан тарихы пәні «Кеңестік білім беру жүйесінің жетістіктері мен қайшылықтары». Жаңа материалды өту сабағы, 11 «Г» сыныбы | Орамалова Айзат Женискановна, педагог-шебер, ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің “№ 46 орта мектебі” КММ тарих пәні мұғалімі |
Шебер-сыныптар | ||
4 | Оқушылардың картамен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыруда заманауи платформаларды қолдану | Райымханова Әсем Мұратбекқызы, педагог-зерттеуші, Қанатбеков Жалын Қанатбекұлы, педагог-сарапшы, ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің “№ 46 орта мектебі” КММ тарих пәні мұғалімі |
5 | Қорытынды аттестаттауға дайындық барысында картамен жұмыс жасау дағдыларын дамыту. | Орамалова Айзат Женискановна, педагог-шебер, ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің “№ 46 орта мектебі” КММ тарих пәні мұғалімі |
6 | Тарих сабақтарында жаңа әдіс-тәсілдер мен картаны тиімді пайдалану | Аубакирова Макпал Алтаевна, педагог-зерттеуші, Темирбаева Райгуль Шариповна, педагог-сарапшы, ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің “№ 46 орта мектебі” КММ тарих пәні мұғалімі |
7 | «Quiz» танымдық ойыны | Мусаипов Дастан Фархатұлы, педагог-модератор, Қанатбеков Жалын Қанатбекұлы, педагог-сарапшы, ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№46 орта мектебі» КММ тарих пәні мұғалімі |