Телефоны приемной:
+7(7232) 74-24-95
+7(7232) 74-24-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының мектепішілік кезеңі.
19
октябрь
2022

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының мектепішілік кезеңі.

17 қазан 2022 жылы күні жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының мектепішілік кезеңі өтті. Конкурстың мақсаты оқушылардың зияткерлік әлеуетін қалыптастыруға ықпал ету болып табылады.
Конкурстың міндеттері:
1) оқушылардың ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық қызметін ынталандыру;
2) ең талантты және дарынды зерттеушілерді іріктеу және қолдау;
3) оқушылардың үздік зерттеу жетістіктері мен өнертабыстарын көрсету және насихаттау;
4) оқушылардың зияткерлік әлеуетін дамыту мәселелеріне қоғамныңназарын аудару және ғылыми-зерттеу ресурстарын тарту.
Конкурсқа 16 секцияда 4 бағыт бойынша жұмыстар ұсынылды:
І бағыт «Ғылыми-техникалық прогресс экономикалық өсудің негізгі буыны ретінде» - секциялар: физика; техника; Жер және ғарыш туралы ғылым.
ІІ бағыт «Экономикалық және әлеуметтік үрдістерді математикалық модельдеу» - секциялар: математика; қолданбалы математика; информатика; экономика.
ІІІ бағыт «Салауатты табиғи орта – «Қазақстан-2030» Стратегиясын жүзеге асырудың негізі» - секциялар: химия; биология; қоршаған ортаны қорғау және адам денсаулығы.
ІV бағыт «Қазақстанның тарихи ескерткіштері және перспективалы туристік маршруттар» - секциялар: тарих; өлкетану; этномәдениеттану; тіл білімі; адам және қоғам; әдебиет.

Мектепішілік кезеңге 44 жоба жұмысы ұсынылды, оның ішінде бір жұмыс бірлескен. Комиссия мүшелері тарапынан жоба жетекшілеріне ұсыныстар берілді. 28 ғылыми жұмыс қалалық (іріктеу) кезеңіне жіберілді.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив