09
июнь
2022
"Жас зерттеушілер" республикалық конкурстың қорытындысы.
2022 жылдың 7-8 маусымында Қонаев қаласының "Балдаурен" республикалық оқу-сауықтыру орталығында 2-8 сынып оқушылары арасында "Балдаурен білгірі-2022" зерттеу жұмыстары мен әлеуметтік жобалардың ІІІ-республикалық конкурсы өтті.
Мақсаты: бастауыш және орта сынып оқушыларының шығармашылық және зияткерлік қабілеттерін дамыту, оқушылардың ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық қызметін ынталандыру.
Байқауда мектебіміздің 2 зерттеушісі зерттеу жобаларын ұсынды. Республикалық қазылар алқасының құзыретті мүшелері біздің мектебіміздің жас зерттеушілерінің жұмыстарын ерекше атап өтті. Республикалық конкурстың қорытындысы бойынша 3-сынып оқушы Құмарбекова Нұрай және 4-сынып оқушы Бисетова Сая І-дәрежелі дипломдармен марапатталды. Жас зерттеуші оқушыларымызды құттықтаймыз!