IV республикалық "Абайтану" олимпиада қорытындысы.
2021-2022 оқу жылының 11 ақпанында IV республикалық "Абайтану" олимпиадасының облыстық кезеңі болып өтті. Олимпиада 2 кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде ұлы ақын Абайдың өмірі мен шығармашылығына қатысты тест жұмысы болса, екінші кезеңде Абайдың поэзиясы мен қарасөздерін талдау арқылы берілген тақырыпқа эссе жазу.
Сайысқа ШҚО білім басқармасының Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің "46 орта мектебінен" қалалық кезеңде 1-орын алған 10-"М" сынып оқушы Айдарханова Аида қатысты. Облыстық кезеңде жүлделі 2-орынды иеленді. Пән мұғалімі - қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Интыкпаева Б.Т.
"Ұстаз жемісі- оқушы жеңісі" дегендей, жоғары білімімен сайыстан озып шыққан оқушымыз Аиданы елеулі жеңісімен құттықтаймыз! Абай рухы әркез қолдап, болашағы жарқын болсын деп тілейміз!