«Өзін-өзі тані: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы»
3-12 ақпан аралығында «Өзін-өзі тані: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» онкүндігі аясында жоспар құрылып, жоспар бойынша іс-шаралар жүргізілді. ырыбында өткізілген он күндік өткізілді. Ақпан айының 3-і күні тәлімгерлер мен өзін-өзі тану мұғалімдерінің ұйымдастыруымен онкүнкіндіктің ашылуы әуезді әнмен өрнектеліп, ақпараттандыру жиыны болып өтті.

4 ақпан күні мектеп кітапханасында 2-4 сыныптар оқушыларының қатысуымен «Мейірім төгетін ана» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, балаларға адамгершілік, кішпейілділік туралы әңгімелесу сағаты болып өтті.

Ал, 5-11 ақпан күндері 10-11сыныптар арасында өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Сабырбаева А.З ұйымдастыруымен «Сүйіспеншілікпен өмір сүру» атты презентация көрсетілді. Мақсаты: Оқушыларды жалпы адамгершілік құндылықтармен таныстыру. Әрқашан қоршаған ортаға сүйіспеншілікпен қарап, дұрыс әрекет жасауға ықпал ету.


«Қайырымдылық –жер бетінде» атты мектеп оқушылары ұйымдастыруымен флешмоб болып өтті.

Сонымен қатар 6 ақпан күні өзін-өзі тану пәні мұғалім Башикова М.Ж ұйымдастыруымен «Алтын жүрек –анамыз» атты 5-7 сыныптар арасында мәнерлеп оқу сайысы болып өтті. Сайысы жоғары деңгейде болды. Оқушылар ақындардың өлеңдерімен қатар, өз шығармаларын да көрсетті. Және де барлық қатысқан оқушылар жүлделі орындармен марапатталды. Бас жүлде 6 «Ә» сынып оқушысы Еркінбеков Дарын және 7 «А» сынып оқушысы Советхан Нұрайлымға бұйырса, жүлделі 1-орын 6 «Б» сынып оқушысы Уалғали Дария, 2-ші орын 6 «А» сынып оқушысы Манатқызы Әдия, 3-орын 6 «В» сынып оқушысы Зияш Жансая және 7 «Б» сынып оқушысы Серікқызы Диляра иеленді.


7 ақпан күні жоспар бойыншабірқатар іс-шаралар өтті. Тарих пәні мұғалімі Мусаипов Д.Ф ұйымдастыруымен 9- сыныптар арасында «Патриоттық адамгершілік туралы» тақырыбында дебат болып өтті. Дебат жоғары деңгейде өтті.


Және де Сайлыбаева Г.Б ұйымдастыруымен 4 б,в сыныптар қатысуымен «Ұлылардың ұлысы» атты шығармашылық жұмыс болып өтті. Шығармашылық жұмысқа оқушылар өте белсенді қатысты. Мақсаты: оқушылардың ұстазға деген құрметін арттыру, сыйластық, сүйіспеншілікке тәрбиелеу.


Жоспар бойынша бірқатар сайыстар өткізілді. 2- сыныптар арасында «Бәрі де сүйіспеншіліктен басталады» атты , 3-сыныптар арасында «Қызыққа толы бұл –әлем» атты сайыстар ұйымдастырылды.
10 ақпан күні өзін-өзі тану пәні мұғалімі Ерханова Н.Е. ұйымдастыруымен 4- сынптар арасында « Адам болам десеңіз ...» тақырыбында интелектуалды сайыс өткізді. Сайыс мақсаты: оқушылардың пән туралы түсінігін кеңейту, адамдарға деген сүйіспеншілігін арттыру. Сайысқа қатысқан сыныптар арасында жүйріктер анықталып, марапатталды. Бас жүлдені 4 «Г» сынп оқушылары иеленсе, 1- орынды 4 «А» сыныбы, 2- орынды 4 «Д» сыныбы, 3-орынды 4 «Ә» сыныбы және 4 «В» сыныбы иеленді.



