02
июнь
2022
Дарынды оқушылар форумы.
01.06.2022ж күні Балалар жылына арналған Шығыс Қазақстан облысының дарынды оқушылар форумы өтті. Іс-шара 2021-2022 оқу жылының қорытындысын шығару, республикалық, халықаралық зияткерлік олимпиадалар мен ғылыми жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін, дарынды оқушыларды марапаттау мақсатында өтті. Зияткерлік олимпиадаларда, спортта, шығармашылықта ерекше жетістіктер көрсеткен және патриоттық іс-әрекеттер жасаған үздік оқушыларға облыс әкімнің атынан алғыс хаттармен, естелік сыйлықтар табыс етілді. Форумда республикалық ғылыми жобалар жарысының жеңімпаздары 6-сынып оқушы Нұрсадық Дәмелі мен 11-сынып оқушысы Ермекқызы Алия марапатталды.




