13
ноябрь
2020
Күзгі демалыстағы мұғалімдердің семинар-практикумы
13.11 күні Өскемен қаласы әкімдігінің № 46 орта мектебінің ұжымына арналған "Қашықтан оқыту жолдары" тақырыбында әр бірлестіктегі пәннің ерешелігіне байланысты тілдік дағдылардың, практикалық бөлімнің орындалуына арналған тиімді тәжірибемен бөлісу вебинары болып өтті. Мақсаты-инновациялық технологияларды сабақта тиімді пайдалану үшін интернет платформалары мүмкіндіктерін қолдану. Вебинардың алғашқы сөзін оқу ісінің меңгерушісі Кожикова Бақытжан Мұқтаровна «Білген адам білімді өмір бойы іздейді.» (Иүгінеки Ахмед), «Адамның көңілі шын мейірленсе, білім – ғылымның өзі де адамға мейірленіп, тез қолға түседі.» - деген ұлы Абай Құнанбайұлының нақыл сөзімен бастап, онлайн мектеп платформасының мүмкіншіліктері мен кемшіліктері туралы әрбір бірлестіктен дайындалған пән мұғалімдеріне өз іс – тәжірибелерімен әріптестерімен бөлісуді ұсынды. Сөз кезегі ағылшын тілі пәні мұғалімі Калиева Аяулым Уалбековнаға берілді. Әріптестеріне қашықтықтан оқытуды ұйымдастырудағы тиімді деп табылған «Кейс» технологиясын ұсынып, Wordwall, Liveworksheet сыяқты қосымшалармен қалай жұмыс жасайтындығына тоқталып, іс-тәжірибесімен бөлісті. Келесі сөздің кезегін Қымбат Кенжеханқызы алып, сабақ беру барысында қолданып жүрген «Free Com» қосымшасының артықшылығымен бөлісіп, сабақтарын осы қосымшаның көмегімен видеоға түсіріп, Youtube желісіне салып отыратын айтты. Ары қарай сөз кезегін биология пәнінің мұғалімі Альмира Төлеухановна алып, онлайн мектеппен практикалық жұмысты қалай жүзеге асырып жатыр сол жайында іс – тәжірибесімен бөлісіп өтті. Информатика пәнінің мұғалімі Фазылканова Меруерт Болатқызы Learning apps қосымшасын қашықтықтан оқытуда тиімді екеніне тоқталып өтті. Тарих пәнінің мұғалімі Мусаипов Дастан мен қазақ тілі пәні мұғалімі Аликанова Самал айтылым дағдыларын қалай жүзеге асыратындығы туралы әріптестерімен іс – тәжірибелерімен бөлісті. Келесі сөз Бабатаева Чинар Муратқановнаға берілді. «Падлет» бағдарламасымен жұмысты қалай жүргізуге болатыны жайында әріптестерімен практикалық бөлімінен жұмысын көрсетті. Мұғалімдер көп мағлұмат алып, интернет платформаларының мүмкіндіктерін пайдалану жолдарын меңгерді деген ойдамыз. Осындай игі бастаманы бастап, іс- шараны ұйымдастырған оқу ісі меңгерушісі Кожикова Бақытжан Мухтаровнаға алғысымыз шексіз. Вебинар соңында ұстаздар ойларымен бөлісіп, тәжірибелерімен бөліскен әріптестерге ұсыныс пен ризашылықтарын айтып жатты





