Күзгі демалыстағы мұғалімдердің семинар-практикумы
Ағылшын тілі пән бірлестік жетекшісі Мусахаева Жанар Муратхановна қазіргі таңдағы білім саласындағы өзгерістердің бірі қашықтықтан оқыту мәселесімен таныстырып, онлайнмектеп платформасының оқушылар мен мұғалімдер үшін өте тиімді екенін атап өтті. Ағылшын тілі мұғалімдері өз іс тәжірибелерімен бөлісе отырып «Қашықтықтан оқытудың тиімді әдіс – тәсілдері» деген тақырыппен Калиева Аяулым Уалбековнаға берілді. Әріптестеріне қашықтықтан оқытуды ұйымдастырудағы тиімді деп табылған «Кейс» технологиясын ұсынып, Wordwall, Liveworksheet сияқты қосымшалармен қалай жұмыс жасайтындығына тоқталып, іс-тәжірибесімен бөлісті . Келесі ерекше бір мән беретін тақырыптың бірі «Инновациялық технологияларды меңгерудегі жас маманның білім сапасын арттырудағы маңызы» бойынша Қымбат Кенжеханқызына берілді. Жас маман сабақ беру барысында қолданып жүрген «Free CAM» қосымшасының артықшылығымен бөлісіп, сабақтарын осы қосымшаның көмегімен видеоға түсіріп, Youtube желісіне салып отыратын айтты. Сондай-ақ екінші жас маман Толқын да өз баяндамасымен бөлісті. In short қосымшасына тоқталып, сол қосымшамен бастауыш сынып оқушыларына әзірлеген біршама материалдарымен әріптестерімен бөлісті. Ағылшын тілі мұғалімі Дашенова Аяулым Біржанқызы онлайн мектепте сабақ берудің мүмкіншіліктері мен кемшілік тұстарына тоқталып, әр түрлі ойын түрлерін қолдана отырып топтарға бөліп оқытуға болатыны туралы біршама мағлұматтармен бөлісті.



