Телефоны приемной:
+7(7232) 74-24-95
+7(7232) 74-24-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Күзгі демалыстағы мұғалімдердің семинар-практикумы
09
ноябрь
2020

Күзгі демалыстағы мұғалімдердің семинар-практикумы

2020 жылы 9 қарашасында Өскемен қаласы әкімдігінің «№46 орта мектебі» КММ бойынша орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің әдістемелік бірлестік отырысы өтті. Жиналысқа мектеп әкімшілігі, оқу және ғылыми жұмыс жөніндегі меңгерушілері Б.М.Кожикова, М.А. Аубакирова қатысты, сонымен қатар сегіз пән мұғалімдері қатысты. Әдістемелік бірлестігі бүгінгі күннің өзекті тақырыбында жұмыс жасады: Қашықтықтан оқытуда орыс тілі мен әдебиеті сабақтарын қалай өткіземін? Оқытудың бұл түрі көпжылдық өтілі бар мұғалімдер үшін тосын болған жоқ, бірақ соған қарамастан олардың әрқайсысы ең қысқа мерзімде әр түрлі  IT технологияларды өз бетімен үйренуі керек болды,  ал бүгін әрқайсысы қашықтықтан оқытудың өзіндік тәжірибесін ұсынды, Онлайн-мектеп платформаның мүмкіндіктері мен кемшіліктері туралы өз пікірлерін білдірді.  Орыс тілі пән мұғалімдері сөйлеу әрекетінің төрт дағдысын дамыту үшін жұмыс жасайтын басқа интернет-ресурстарды қолдану бойынша өз тәжірибелерімен бөлісті: тыңдау, сөйлеу, оқу, және жазу. 
Ақанова А.А. жаңа материалды түсіндіру кезінде әр сабаққа қалай презентация құруға  болатындығы, сөйлеу дағдыларын, яғни сөйлеу, жазу, дамыту үшін қандай тапсырмаларды қолдану керек жайлы тоқталды. Тапсырмалар қызықты және шығармашылық бағытта әзірленген. Мұғалім әр сабақта рефлексия мен кері байланыс жүргізеді. 
Кашканова Р.А. өз сөзінде – оқушылардың сөйлеу дағдыларына тоқталды. Сөйлеу – сөйлеушінің ойын білдіру тәсілі, шығармашылық процесті, жаңа сөйлеу айтылымын жасауды білдіреді. Оның айтуынша, қашықтықтан оқыту барысында мұндай платформаларда Online-Mektep, Telegram, Zoom, WhatsApp және т.б. ойын, шығармашылық сипаттағы сөйлеу жағдайларын, мысалы, монолог,диалог, мәтінді қайталау,сияқты түрлі қолданады. 
Ергалиева А.К.  Online-Mektep   платформасында бейне сабақтардың қолданылуы туралы айтып берді, осы платформа ресурстарының жағымды жақтарын атап өтті: бейне түсіндіру, аудиоматериалдар, видеоматериалдар. Сонымен қатар, Padlet тақтасымен қалай жұмыс істеу керектігін көрсетті. 
Тоқбаева А.А. Сөйлеу әрекетінің төрт дағдысын қалыптастыру тәжірибесімен бөлісті. Ол Online-Mektep платформасы арқылы оқушылармен кері байланыс туралы әңгімеледі. Мұғалім күнделікті журнал жүргізеді, оқушыларды 10 балдық жүйемен бағалайды, сабаққа қатысуын бақылайды. 
Бердыгужинова Р.Т. бейне сабақтарға сілтемелер туралы айтты (тыңдау тапсырмалары). Мұғалім аудио материалдарды (аудиокітаптар), мульфилмдерді, көркем фильмдерден үзінділерді қалай қолданатынын көрсетті, оқылған мәтін мен қаралған, тыңдалған мәтіндердің салыстырмалы жұмысын жүргізеді. Мұндай жұмыс оқушылардың танымдық әрекетін белсендіреді. 
Нургалиева Ф.К. әріптестерін Google формасымен таныстыра өтіп,  Google формасында тесттер құрудың жолдарын көрсетті, оған суреттер мен бейнематериалдарды енгізуге болатының мәлімдеді. Бұл жұмыс түрі ыңғайлы және жылдам. Рефлексия кезеңінде әр сабақта және әр тақырыпта қолдануға болады. Танышева А.А. Жазу – сөйлеу дағды туралы егжей-тегжейлі тоқталды. Жазу – бұл оқушылардың ойларының, сезімдерінің, білімдерінің дағдыларының графикалық бейнесі. Алмаш Алтынгазиевна оқушылардың жазба жұмыстарының үзінді келтірді. Ол тақырыпты ашуға, өз ойын жеткізуге  үлкен көңіл бөледі, бастысы – оқушылардың сауаттылығы . Әріптестер өздерінің жұмыс тәжірибелерімен бөлісті, қашықтықтан оқытудың оң және теріс жақтарын талқылады, көп нәрсені үйренді.
 Шешім қабылданды: 2-тоқсанда  Online-Mektep –те  жұмысты жалғастыру, осы платформаның барлық мүмкіндіктерін пайдалану.




Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив