09
ноябрь
2020
Күзгі демалыстағы мұғалімдердің семинар-практикумы
Өскемен қаласы әкімдігінің "№46 орта мектебінде" оқушыларды қашықтықтан сапалы білім беру мақсатында мектеп директоры Гулфарида Базарбаевнаның бастамасымен оқу ісі меңгерушісі Кожикова Бақытжан Мухтаровнаның ұйымдастыруымен жоспардан тыс әр бірлестіктерге семинар-практикум өткізу жоспарланды. Оған бірлестік мүшелері іс-тәжірбиелерімен бөлісіп, өзара бір-бірінен оқып-үйрену жолдары көрсетілді. Қашықтан оқу үрдісінің тиімді жақтарын үйрену- ұстаздар қауымы үшін мол тәжірибе болды.
9.11.2020 ж. "Қазақ тілі мен әдебиеті пәні сабағында қашықтықтан сабақ беру жолдары атты іс" тәжірбие алмасу конференциясы болып өтті.
Мақсаты: сабақ беру барысында қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша оқушылардың білім сапасын арттыру үшін интернет платформасының тиімді жағын пайдалану. Қашықтан оқу барысында оқушылардың орфографиялық, каллиграфиялық сауаттылығының төмендігі, сөздік қорының аздығы, бір-бірінен көшіріп алу т.б мәселелер анықталды.
Интернет платформаларын ұтымды пайдалану іс-тәжірбиелерін бөлісу арқылы ұстаздар қоржындарына көп мәлімет жинақталды. Әсіресе, Кабдуллина А.Ж қолданатын тиімді әдіс-тәсілдер көпшілікке ұнады. Көпшілік ұстаздар онлайн мектептің зум видеоконференциясын пайдалану ұнайтыны тілге тиек етілді, онлайн мектептің ҰБТ, эссе жазу көркем әдебиет т.б жақсы тиімді тұстары бар екендігі, оны сабақта қолдану жолдары айтылды. Семинар өте мазмұнды және маңызы көп болды



