10
ноябрь
2020
Күзгі демалыстағы мұғалімдердің семинар-практикумы
10-қарашада Өскемен қаласы әкімдігінің "#46 орта мектебі" КММ жаратылыстану пәндері әдістемелік бірлестігінде "Қашықтықтан оқытудың ерекшеліктері" тақырыбында оқыту-семинары өтті. Семинар барысында биология пәні мұғалімі Райгуль Шариповна Online Mektep платформасының мүмкіндіктері мен кемшіліктерін атап өтіп, бұл платформаның мүмкіндіктерінің зор екендігін баса айтты. Ал педагог-зерттеуші, тілдік-ағылшын курсын оқыған, сабағын ағылшын тілінде беретін биология пәні мұғалімі Альмира Толеухановна өз пәні бойынша зертханалық жұмыстарды қашықтықтан өткізудің ерекшеліктері туралы іс-тәжірибесімен бөлісті. Жас маман болса да, ізденімпаз, үйренуге талпынысы жоғары Құралай Даниятқызы Online Mektep платформасына үй тапсырмасын жүктеу және оны тексерудің тиімді тұстарын атап, көрсетті. Әдістемелік бірлестік жетекшісі Арайлым Тугельбайкызы аталмыш платформада ТЖБ тапсырмаларын құрастыру ерекшеліктерін айтып, өз тәжірибесімен бөлісті. Жалпы Online Mektep платформасының қашықтықтан сабақ жүргізудегі тиімділіктері тілге тиек етіліп, оқушылардың білім сапасын одан әрі жетілдіруге мүмкіндік беретіндігі айтылды.






