Телефоны приемной:
+7(7232) 74-24-95
+7(7232) 74-24-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Күзгі демалыстағы мұғалімдердің семинар-практикумы
10
ноябрь
2020

Күзгі демалыстағы мұғалімдердің семинар-практикумы

Өскемен қаласы әкімдігінің «№46 орта мектебі» КММ

10 қараша күні МИФ пәндері бірлестігінің семинар-практикумы өтті


Тақырыбы: “Қашықтықтан оқыту барысында оқушыға мен, өз пәнім бойынша қалай білім беріп жүрмін?”.

Мақсаты: Ақпараттық технологияның мүмкіндіктерін пайдаланып, қашықтықтан оқытуда оқушыға сапалы білім беру.

Бірлестік отырысына мектеп әкімшілігінен оқу ісінің меңгерушісі Б.М.Кожикова,  ғылыми жұмыс жөніндегі меңгерушісі М.А. Аубакирова және МИФ бірлестігінің пән мұғалімдері қатысты. Пән мұғалімдері жеке-жеке “Қашықтықтан оқыту барысында оқушыға мен, өз пәнім бойынша қалай білім беріп жүрмін?” тақырыбында өз іс-тәжірибелерімен бөлісті. Онлайн мектеп платформаның мүмкіндіктері мен кемшіліктері туралы өз пікірлерін білдірді. 

Сагатбекова Н.А сабақта қолданып жүрген learningapps.org,  Google Form сайттарында қалай жұмыс істеп жүргені туралы  тоқталды. Onlinemektep.org  платформасының артықшылықтары мен кемшіліктері туралы айтып өтті.

Нурсаханова Р.Т  onlinemektep.org платформаның мүмкіндіктері мен кемшіліктері туралы өз пікірлерін білдірді. Онлайн мектепте математикалық есептерді талдаудың тиімді жақтарын және үй тапсырмасын оқушылардың барлығымен қалай тексеру керектігін көрсетті. Вариативті сабақтарға YoutTube-тан  жүктеп алған видеоны онлайн мектеп платформасына қалай  орналастыруға болатынын көрсетіп кетті. 

Тлеужанова Б.Т  сабақта қолданып жүрген learningapps.org сайтына қалай тіркелу керектігі және оқушыларға жеке логин-пороль қалай беруге болатындығы, осы сайтта кері байланыс жасауға болатындығын көрсетті. 

Фазылханова М.Б Quizlet.com сайтының мүмкіндігін көрсетті. Quizlet - бұл оқу картасы ретінде ұсынылатын кез келген ақпаратты есте сақтауды жеңілдететін қызмет. Бұл үшін мәліметтер базасынан іздеу немесе интерактивті материал жасау қажет екенін, өз карталарыңды, оларға суреттер мен аудио файлдар қосып, осы материалдан жаттығулар мен ойындар дайындап ойнауға болатын айтты.

Жарылқасын А.Б Class tools.net сайты соның ішінде рандом бағдарламасын таныстырды. 

Қасымханова Н.А quizizz.com сайтының мүмкіндіктеріне және де олайн мектеппен қалай жұмыс істейтіндігі туралы тоқталды. 

Кенжебек Гүлзат onlinemektep.org платформасында  өз тәжірибесінен сабақты құру, сілтемені орналастыру туралы айтып өтті.

Абдугожанова Г.С onlinemektep.org платформасында  зертханалық жұмыстарды қалай өткізіп жүргендігі туралы айтты. 

Байдөшева Д onlinemektep.org платформасында бейне сабақтардың қолданылуы туралы,   журнал, нашар алған баллды қалай көтеру, тапсырмаларды орындауды айтып өтті. 

Амирова Г.С. onlinemektep.org платформасында БЖБ, ТЖБ алу кезінде тапсырмаларды тексеру, оқушылардың файлды қосуы туралы айтып өтті. Видеоконференциясына тоқталды. 





Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив