Телефоны приемной:
+7(7232) 74-24-95
+7(7232) 74-24-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Шешен сөйлеу құпиялары, ой дәлдігі, сөздің қисындылығы" атты шеберлік сынып
23
февраль
2023

"Шешен сөйлеу құпиялары, ой дәлдігі, сөздің қисындылығы" атты шеберлік сынып

02.11.2022ж. күні ШҚО білім басқармасының Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің "46 - орта мектебі" КММ - ның 10 және 11 - сынып оқушыларына, С.Аманжолов атындағы ШҚУ - дың қауымдастырылған профессоры, ф.ғ.к. Сейпутанова Айымгүл Қамзақызы   "Шешен сөйлеу құпиялары, ой дәлдігі, сөздің қисындылығы" атты шеберлік сыныбын өткізді. 
Мақсаты: өскелең ұрпақтың сөздік қорын байытып, заманауи креативті әрі сыни ойлауға төселдіріп,  тапқырлықпен шешен сөйлеу дағдыларын қалыптастыру. 
Аталмыш шеберлік сыныбының мазмұны терең, танымдық әрі тағылымдық мәні зор болды. Осы орайда  каникул уақытында жоғары сыныптар мектепте ҰБТ-ға дайындық жасап, уақыттарын үнемді пайдалану барысында  оқушыларымыз бен ұстаздарды шеберлік сыныбынан алған әсер бір серпілтіп, күнделікті өмірге қажет рухани құндылықтарды бойға сіңіріп, жан азығын байыта түсті деуге әбден болады. Сол үшін де туған қаламыздағы  С.Аманжолов атындағы беделді университетті 70 жылдығымен құттықтай отырып, Айымгүл Қамзақызына өзі қызмет жасап жатқан білім ордасы жайында тың  ақпараттар беріп, шешен сөйлеудің құпия сырларын танытып, техникасын үйреткені үшін үлкен алғыс білдіре отырып, әрдайым  ғылыми шығармашылық еңбектеріңізге толағай табыстар тілейміз! Дайындаған: қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Интыкпаева Б.Т
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив