ШҚО-да жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың негізгі шаралары талқыланды
Основные меры формирования антикоррупционной культуры среди молодежи обсудили в ВКО
Антикоррупционная служба ВКО в преддверии 2023-2024 учебного года приняли участие на практическом семинаре по теме «Біртұтас тәрбие бағдарламасы: құндылықтар және оны іске асыру жоспары». На мероприятии с участием заместителей директоров учреждений образования области обсуждены также и вопросы формирования антикоррупционной культуры среди молодежи.
В Концепции антикоррупционной политики Республики Казахстан на 2022-2026 годы подчеркивается, что при формировании системы добропорядочности важнейшую роль играет воспитание подрастающего поколения с новыми взглядами и жизненными принципами, не допускающими коррупционных проявлений.
В своем выступлении руководитель управления превенции Антикоррупционной службы ВКО Архат Бейсембаев отметил, что формирование антикоррупционной культуры среди молодежи – это сложная задача, требующая совместных усилий общества, правительства, образования и родительского воспитания. Также, он ознакомил сотрудников учреждений образования с основными мерами, которые могут помочь в этом процессе.
Первое это – антикоррупционное образование и информирование. Различные тренинги, семинары и конференции могут также быть очень полезными для молодежи, позволяя им развивать навыки анализа, критического мышления и понимания последствий коррупционных действий.
Далее, необходимо вовлечь молодежь в общественные и политические процессы. Молодые люди должны быть ознакомлены с инструментами участия, такими как студенческие советы, молодежные организации и волонтерские программы. Например, в августе 2023 года Антикоррупционной службой запущен проект «Антикоррупционное волонтерство», цель которого вовлечение неравнодушных граждан, общественных объединений, субъектов бизнеса и квазигосударственного секторов, а также молодежи к антикоррупционной деятельности в качестве волонтеров.
Также, при формировании антикоррупционной культуры необходимы положительные примеры, образы лидерства. В первую очередь учителя, родители должны быть для детей примером честности и добропорядочности.
Использование средств массовой информации и информационных технологий как инструментов формирования антикоррупционной культуры является неотъемлемой частью процесса. Здесь важно предоставлять официальную информацию, развивать критическое мышление и помогать отличать правду от лжи.
Самую основную, ключевую роль в формировании ценностей у молодежи играет – семья. Родители должны примерами своих поступков и диалогом с детьми продвигать концепции ответственности, честности и принципов антикоррупционной культуры.
В завершении мероприятия был обмен мнениями и раздача антикоррупционных материалов.
ШҚО-да жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың негізгі шаралары талқыланды
ШҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі 2023-2024 жаңа оқу жылының басталуы қарсаңында «Біртұтас тәрбие бағдарламасы: құндылықтар және оны іске асыру жоспары» тақырыбы бойынша практикалық семинарға қатысты. Облыстың білім беру мекемелері директорларының орынбасарларының қатысуымен өткен іс –шарада жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері талқыланды.
Қазақстан Республикасының 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тұжырымдамасында парасаттылық жүйесін қалыптастыру кезінде сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермейтін жаңа көзқарастары мен өмірлік қағидаттары бар өскелең ұрпақты тәрбиелеу аса маңызды рөл атқаратыны атап көрсетілген.
ШҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің превенция басқармасының басшысы Архат Бейсембаев өз сөзінде жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру қоғамның, үкіметтің, білім берудің және ата – ана тәрбиесінің бірлескен күш-жігерін талап ететін күрделі міндет екенін атап өтті. Сондай-ақ, ол білім беру мекемелерінің қызметкерлерін осы процеске көмектесетін негізгі шаралармен таныстырды.
Біріншісі – сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру және ақпараттандыру. Түрлі тренингтер, семинарлар мен конференциялар жастарға өте пайдалы болуы мүмкін, бұл оларға сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің салдарының зиянын, сыни тұрғыдан ойлау және түсіну дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді.
Әрі қарай, жастарды қоғамдық және саяси процестерге тарту қажет. Жастар студенттік кеңестер, жастар ұйымдары және еріктілер бағдарламалары сияқты құралдармен танысуы керек. Мысалы, 2023 жылғы тамызда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасын іске қосты, оның мақсаты бей-жай қарамайтын азаматтарды, қоғамдық бірлестіктерді, бизнес субъектілерін және квазимемлекеттік секторларды, сондай-ақ жастарды волонтер ретінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларға тарту.
Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру кезінде оң мысалдар, көшбасшылық бейнелері қажет. Ең алдымен мұғалімдер, ата-аналар балаларға адалдық пен парасаттылықтың үлгісі болуы керек.
Бұқаралық ақпарат құралдары мен ақпараттық технологияларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру құралы ретінде пайдалануға болады. Мұнда ресми ақпарат беру, сыни ойлауды дамыту және шындықты өтіріктен ажыратуға көмектесу маңызды.
Жастарда құндылықтарды қалыптастыруда ең негізгі, шешуші рөлді отбасы атқарады. Ата-аналар өз іс-әрекеттерінің үлгісімен және балалармен диалог жүргізе отырып, жауапкершілік, адалдық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қағидаттарын ілгерілетуге тиіс.
Іс-шара соңында пікір алмасып, қажетті материалдар үлестірілді.