Телефоны приемной:
+7(7232) 74-24-95
+7(7232) 74-24-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
26
февраль
2022

Педагог психолог: Башикова Меруерт Жомартовна


Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№46 орта мектебі» КММ


Бірінші сынып оқушыларын бейімдеу кезінде диагностикалау, түзете дамыту және қарым қатынасын дамытудың психологиялық әдіс тәсілдері

Тәжірибелік іс -шара  бірінші сынып оқушысының мектепке ер жетуін диагностикалық әдістемелері және қарым –қатынасын дамытуға бaғыттaлған ойындap, тaпcыpмaлap мен жaттығулap, мектеп психологтары мен педагогтарға арналған психологиялық жұмыстар тізбесі жинақталған. Облыс психологтарына таратылған тәжірибе бөлісу жұмысына енгізілді: бaлaның  жaдын, зейінін, логикaлық ойлaуын, қиялын, ұcaқ мотоpикacын дaмытуғa көмектеcуде  зоp мүмкіндік беpетін әдіс –тәсілдер түріі. Сондaй-aқ бaлaның cөздік қоpын бaйыту мен белcендіpуде, бaлaның  дaмуынa көмектеcеді.

        Қарым –қатынасты нығайту бaғытындa әзіpленген әдістемелік құралдағы тaнымдық және қимыл –қозғалысты тaпcыpмaлapды оpындaтa білcек, мәні жaғынaн   pухaни өpеcі кең өcіп жетілуіне, эcтетикaлық мәдениетін қaлыптacтыpуғa септігін тигізеді. 


Мақсаты: 

Оқушылардың мектепке бейімделу деңгейін, бейімделуінде қиындықтары бар балаларды анықтау, баланың мұғаліммен қарым-қатынасының, құрдастар тобындағы әлеуметтік жағдайының қолайлы болуына қарым- қатынасты дұрыс орната алуына жағдай жасау.

Міндеттері:

• Жаңа ортада өзін еркін сезінуге, жауапкершілікті мінез-құлыққа қалыптастыру.

• Қиыншылықтарды жеңуде оңды істерді, мотивацияны дамыту;

• Сыныптастарымен конфликтіге келмей, сыйласты қарым-қатынаста орнатуға бейімдеу ;


1 сынып оқушыларын зерттеуге арналған диагностикалық ұсыныстар

Іс –шара атауы

Түрі 

Мақсаты 

Диагностикалық бағыт

1

1 сынып оқушыларының мектепке бейімделуін бақылау

Бақылау 

Оқушылардың көңіл –күйін, өзін –өзі ұстауын, қарым қатынасын бақылау.

2

Мектепке ер жету

(К.Йирасек)

1,2,3,4 субтесті

Баланың мектепке дайындық деңгейін анықтау. Психикалық дамудың жалпы деңгейін, ойлаудың даму деңгейін ,тыңдау, есте сақтау және түсіну, үлгі бойынша тапсырмаларды орындауын анықтау.

3

 «Менің сыныбым»

(А.А.Лескова)

Диагностикалық әдіс

Мектеп өміріне қанағаттану дәрежесін, ұжымдағы өзара түсіністікті, ұжым мүшелерімен қарым –қатынасын анықтау.

4

Графикалық диктант

(Д.Б.Элько́нин)

Диагностикалық әдіс

Кеңістіктегі бағдарларды, өз бетінше әрекет ету қабілетін  зерттеуге арналған

5

Эталондар

(О.М.Дьяченко)

Диагностикалық әдіс

Қабылдау әрекетінің даму деңгейін анықтау; заттарды эталонмен салыстыру.

6

Төртінші артық

(А.Р.Лурия)

Диагностикалық әдіс

Бұл әдістеме көрнекі-бейнелі ойлау ерекшеліктерін зерттеуге арналған. Сараптаудың,салыстыру мен синтездеудің ерекшелігін анықтау .



Психологиялық дамыту сабақтарын тиімді өткізуге арналған

ұсыныстар

Іс –шара атауы

Түрі 

Мақсаты 

Түзету-дамыту бағыты

1

Есте сақтауды дамыту

Дамытушы жаттығулар

Есту, көру арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту.

2

Ойлау қабілетін дамыту 

Дамытушы жаттығулар

 Балалардың ойлау, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту

3

Зейінді дамыту

Дамытушы жаттығулар

 Оқушының оқу процесінде зейін тұрақтылығын, зейіннің бөлінуін, шоғырлануын қалыптастыру. 

4

Шығармашылық қиялды дамыту

Трнинг

Оқушылардың таным процестеріндегі қиялын, шығармашылық қабілеттерін тренинг элементтері арқылы дамыту

5

Қабылдауды дамыту

Дамытушы жаттығулар

Оқушылардың кеңістікті бағдарлауын, заттар мен құбылыстардың мида тұтастай бейнеленуін дамыту.


Бейімдеу тренингінің жоспары

"Алақай! Мен оқушымын"

Тақырыбы

Мазмұны

Мақсаты

1-сабақ 

"Кел, танысайық"

  • Жаттығу: "Сәлем" 
  • Жаттығу "Жақсы көңіл-күй эстафетасы " 
  • Жаттығу "Өз құйрығын тістеген айдаһар " 
  • Жаттығу "Менің күлкілі портретім
  • Жаттығу: "Көңіл-күйімізді суреттейміз
  • Жаттығу "Тамаша күн үшін рахмет "

Сыныпта психологиялық жайлылық атмосферасын құру. Шиеленістің алдын алу. Бірінші сынып оқушыларының мұғаліммен және бір-бірімен танысуы.


2-сабақ

"Мені жақынырақ таны "

  • Жаттығу: "Ауадағы би кеші
  • Жаттығу "Шариктермен жаттығу
  • Жаттығу: "Не өзгерді" 
  • Жаттығу "Кімде ..., барлығыңыз орын ауыстырып отырыңыздар
  • Жаттығу: "Мен үшін маңызды не
  • Жаттығу: "Көңіл-күйімізді суреттейміз" 
  • Жаттығу "Тамаша күн үшін рахмет "

Жалпы оң атмосфералы сабақтар құру, топ құру процесіне қосу, ұжымның бірігуі, яғни бір-біріне, әрбір қатысушының бірегейлігін атау.

3-сабақ

"Бірге жұмыс істеуге үйренеміз"

  • Жаттығу: "Амандасып қояйық
  • Жаттығу Шарлар" 
  • Жаттығу: "Пингвиндер" 
  • Жаттығу"Фигуралар салу
  • Жаттығу: "Көңіл-күйімізді суреттейміз" 
  • Жаттығу "Тамаша күн үшін рахмет "

Бірінші сынып оқушыларының оқу ынтымақтастығы дағдыларымен танысу үшін жағдай жасау.


4-сабақ

"Біздің сынып – бұл біз!"

  • Жаттығу: "Мейірімді есім
  • Жаттығу: "Құрттар
  • Жаттығу «Оқушы портреті»
  • Жаттығу «Жалғыз аяқты жол»
  • Жаттығу "Біздің сынып – бұл барлығымыз
  • Жаттығу: "Көңіл-күйімізді суреттейміз" 
  • Жаттығу "Тамаша күн үшін рахмет "

Ұжымды біріктіру, бір-біріне деген қарым-қатынастарын "сынып- тұтас топ" ретінде қалыптастыру


5-сабақ "Алақай! Мен  оқушымын"

  • Жаттығу "Менің атым... Мен өзімді жақсы көремін..." 
  • Жаттығу: "Көңіл-күй неге ұқсас" 
  • Жаттығу «Оқушы болу деген не?» 
  • «» тақырыбында сурет салу
  • Жаттығу: "Көңіл-күйімізді суреттейміз" 
  • Жаттығу "Тамаша күн үшін рахмет "

Қолайлы эмоциялық атмосфера құру. Балалардың оқушы мәртебесін ұғынуы, ұжымдық қарым –қатынас құру.


Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив