17
март
2023
"Үздік оқу ісі меңгерушісі-2023" қалалық кәсіби байқауы, «Мектепке дейінгі тәрбиеші-2023» қалалық кәсіби байқауы,"Жыл мұғалімі -2023" қалалық кәсіби байқауының қорытындылары
2023 жылы наурыз айында "Үздік оқу ісі меңгерушісі-2023" қалалық кәсіби байқауына қатысып жүлделі ІІІ орын иеленген І санатты оқу ісі меңгерушісі Кожикова Бакытжан Муктаровнаны, «Мектепке дейінгі тәрбиеші-2023» қалалық кәсіби байқауының ІІ орын иегері даярлық сынып тәрбиешісі Бокешова Сара Абляшимовнаны, "Жыл мұғалімі -2023" қалалық кәсіби байқауына қатысып Бас жүлде жеңіп, облысқа жолдама алған биология пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші Дабинова Альмира Толеухановнаны шын жүректен құттықаймыз! Біліктілігіңіз бен іскерліктеріңізді орайлы ұштастыра отырып, білім саласына үлкен үлестеріңізді аянбай қосып келесіздер. Мектебіміздің мәртебесін жоғары деңгейге жеткізіп, алдыңғы қатардан көрсеткендеріңіз үшін алғыс білдіреміз!






