Телефоны приемной:
+7(7232) 74-24-95
+7(7232) 74-24-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
14
апрель
2022

Қалалық "Эко-қоржын" байқаудың қорытындысы.

Өскемен қаласы әкімдігінің «Оралхан Бөкей атындағы ОКЖ» КММ №2 кітапхана-бөлімшесінің «Борис Щербаковтың жасыл үйі» эко-орталығының ұйымдастыруымен "Эко-қоржын" байқауы өтті.

БАЙҚАУДЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТІ:

- Жас буынның экологиялық танымы мен сауатын қалыптастыру;

- Ел экологиясын сақтау және қорғау бағытындағы жауапкершілікті сезінуге ықпал ету;

-Эко-қоржынды (дорбаны) тігіп, пайдалануды насихаттау арқылы қоршаған ортаны залалды заттардан қорғауға шақыру.

БАЙҚАУҒА ҚАТЫСУШЫЛАР:

- Өскемен қаласының колледж оқушылары және 5-11 сынып оқушылары қатысуға болады.

- Әр оқушы жеке түрде қатысуына, немесе бірнеше бала топ (команда) құрып қатысуларына да болады.

- Құрылған топтағы қатысушылар саны үш (3) адамнан аспауы керек.

БАЙҚАУ ЖҰМЫСТАРЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР:

-Қатысушылар қоржынды өз қолдарымен тігулері тиіс;

-Өз қалаулары бойынша матадан тігулеріне, немесе тоқыма жіппен тоқуларына да болады;

-Шығармашылық ой - қиялмен сәнді етіп тіксе, нұр үстіне нұр;

-Қоржынды сәндеу үшін түрлі жылтырақ әшекейлерді, кестелерді, өрнектерді, түрлі бастырмаларды, жіп-бауларды, және т.б. пайдалануға болады.

-Қоршаған ортаға зияны тимейтін экологиялық таза материалдан тігілуі керек.

-Тігілген қоржынға атау бергендері жөн.

-Азық-түлік, шаруашылық бұйымдарын салуға қолайлы және ұзақ пайдалануға төзімді болғаны абзал.

-Көлемі 25x35 сантиметрден кішкене болмауы және екі (2) килограммға дейін жүк салмағын көтере алатындай болуы қажет.

-Әр қатысушы, немесе топ (команда) байқауға бір ғана шығармашылық жұмыс (қоржын) тапсыру керек.

-Байқауға ұсынылатын қоржынға (бирка) келесі мәліметтер.
10"М"-сынып оқушысы Даулетханова Балжан қоршаған ортаға зияны тимейтин экологиялық таза материалдан тігілген қоржынын байқауға ұсынды. Нәтижесінде "National style sumka" деген номинацияға ие болды. Жетекшісі: Түгелбаева А.Т
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив