20
сентябрь
2022
"Аптаның эко-экспресс идеясы" атты қалалық байқаудың қорытындысы.
2022 жылдың 19 қыркүйек күні "Аптаның эко-экспресс идеясы" атты қалалық байқауы өтті. Мақсаты: экологиялық тәрбие беру, білім алушылардан қоқысты бөлек жинау мәдениетін қалыптастыру. Байқау екі кезеңнен тұрды. Байқауға мектебіміздің 11-сынып оқушылары Базарбекова Назым, Айдарханова Аида, Дәулетқанова Балжан қоқысты бөлек жинау тақырыбына бейнеролик ұсынып, жүлделі ІІІ-орынға ие болды. Дайындаған география пәні мұғалімі Түгельбаева А.Т.
