31
май
2023
«New generation» Х облыстық IT-фестивалі
2023 жылғы 30 мамырда Өскемен қаласында «Ертіс концерт» алаңында «New generation» Х мерейтойлық облыстық IT-фестивалі өтті, онда облыс мектептерінің оқушылары мен колледждер мен ЖОО студенттері өздерінің ғылыми жобаларын ұсынды. Бұл іс – шара-еліміздің шығысындағы білім беру саласындағы жалғыз ауқымды IT-көрме.
IT-фестивальде білім беру саласындағы жаңа инновациялық технологиялар ұсынылып, талқыланды, оқушылар IT-жобаларды әзірлеу бойынша тәжірибе алмасты. Фестиваль қатысушылары өз жұмыстарын 6 секторда таныстырды- «Kids Skills», «Maker Fest» , «Junior Skills» , «Startup-Жобалар» , «Robotime» , «ClusterPro».
Аталмыш фестивальға мектебіміздің келесі оқушылары қатысты:Шалқарұлы Нұрдаулет- 6 "Ә" сынып оқушысы,
Нұрланұлы Хасан- 6 "Ә" сынып оқушысы,
Кикбаев Айбар- 9 "М" сынып сынып оқушысы.
Жетекшісі: Сырымбек Мағжан.
Құттықтаймыз!

