25
октябрь
2023
Сәрсен Аманжоловтың 120 жылдығына орай облыс мектептерінің 10 - 11 сынып оқушылары үшін эссе байқауы.
2023жылдың 10– 25қазан аралығында Аманжоловтың 120 жылдығына орай облыс мектептерінің 10 - 11 сынып оқушылары үшін 2023 жылдың 10-25 қазаны аралығында эссе байқауы өтті.
Байқаудың мақсаты – өскелең жастардың тіл мен әдебиетке, білім мен ғылымға деген қызығушылықтарын арттырып, ұлттық руханиятты дамытуға үлес қосуға шақыру; сондай-ақ С. Аманжоловтың қазақ тіл білімінің негізін салушы көрнекті қайраткер, түрколог ғалым, тарихи тұлға екендігін дәріптеу; ғылыми мұрасын насихаттау; өнегелі өмірін, шығармашылығын үлгі ету; дарынды оқушыларды анықтау және қолдау; шығармашылық қабілеттерін шыңдау, кәсіптік бағдар беру.
Эссе тақырыптары: (таңдаған 1 тақырыпқа ғана жазу керек)

- «Тұлға және қоғам» (Сәрсен Аманжоловтың ғылыми-педагогикалық, қайраткерлік тұлғасының қоғамға ықпалы қандай?).
- «Жаhандану және қазақ тілінің даму болашағы» (жаhандану дәуірінде ана тілін қалай сақтап қаламыз, қалай дамытамыз?).
- «Мамандық және табыстылық» (мені қызықтыратын мамандық табысқа жетудің кепілі бола ала ма? Аталмыш байқауға мектебіміздің 11-сынып оқушылары: Нұрмұханбет Шұғыла, Ермуханбетова Нурай, Молдабаева Аружан қатысты. Байқау қорытындысы бойынша 11сынып оқушы Нұрмұханбет Шұғыла жүлделі 2-орынға ие болды. Сапа: 33%