19
сентябрь
2022
Қазақстан Республикасының рәміздеріне 30 жыл!
Биыл мемлекеттік рәміздеріміздің қабылданғанына 30 жыл толып отыр. Ұлттық рәміздеріміз ұлттың бірегейлігі мен ұлылығын көрсетеді. Мемлекеттік рәміздерді қастерлеу, қасиетін білу, оны жүрекке тоқу – отансүйгіштіктің белгісі. Еліміздің жастары, өскелең ұрпақ патриот болсын десек, олардың бойына жастайынан осындай ұғымды сіңіруіміз қажет.Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны—Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің бірі. Әнұран мемлекеттің салтанатты әні. Оның сөздерінде халықтың мыңдаған жылғы тарихы,бүгінгі өмірі мен келешек арманы айтылған.Әнұранды түрегеліп ,жүректің тұсына қолдарын қойып айтады. Бұл өз мемлекетіңе деген құрметті көрсетеді. Халық өмір салтын бүгінгі тіршілігі мен келешек армандарын, мың жылғы тарихын осы әнге сыйғызған.






