«БалаLand - 2023» Мектеп жанындағы жазғы танымдық лагері 10 күн
ШҚО Өскемен қаласы білім бөлімі"№ 46 орта мектебі" КММ
2022–2023 оқу жылындағы «БалаLAND»мектеп жанындағы жазғы танымдық лагерінде жүргізілген іс- шаралардың
ЕСЕБІ
Өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық – бұл біздің жалпыұлттық міндетіміз. Балаларға ерекше назар аудару керек. Себебі олардың амандығы – мемлекетіміздің жарқын болашағының сенімді кепілі. Кез келген ата-ана өз баласының үлкен азамат, мықты маман, ең бастысы – әрдайым дені сау, қарны тоқ, киімі бүтін, көңілі көтеріңкі, болашағы жарқын болғанын қалайды. Мемлекет те баршаға ортақ ата-анадай «бар жақсылық балаларға» деген қағидатты берік ұстанып отыр. Балалар жылы жас ұрпағымыздың қауіпсіз, бейбіт, бай-қуатты заманда өмір сүруі, жақсы білім алуы, жан-жақты дамуы үшін қажетті мүмкіндіктер көкжиегін кеңейте түседі деген сенім бар. Мектеп – білім берумен қатар, тағылымды тәлім-тәрбие түрлерін ұйымдастыратын өнеге ордасы.
«БалаLAND» мектеп жанындағы жазғы танымдық лагерінің мақсаты:
«БалаLAND» мектеп жанындағы жазғы танымдық лагеріне келген әрбір оқушыны алдымен танымдылық қабілетін аша отырып, оқушылардың жазғы демалыс уақытын тиімді пайдалана білуге үйрету.
Міндеттері:
- Лагерьге балалардың уақытымен, толық келулерін қадағалау;
- Әр күнді бағдарлама бойынша ұйымдасқан түрде өткізу;
- Балалардың ойын алаңындағы ертеңгілік дене жаттығуларын, қимыл - қозғалыс ойындарын бақылауға алу;
- Саяхат және жорық кезіндегі қауіпсіздік ережелерінің сақталуын еске алу, бақылау;
- Лагерь жағдайында бірыңғай тәртіпте салтанатты жиындар өткізу;
- Сурет, қолөнер тақырыптарында шығармашылық қабілеттерін арттыру мақсатында көрме, конкурс ұйымдастыру;
- Ұлттық ойындар, логикалық және спорттық ойын түрлері арқылы балалардың қызығушылығын арттыру.
-Ұжымдылыққа тәрбиелеу, коммуникативтік білікті, рухани қасиеттерді дамыту.
Өтілетін іс-шаралар:
Мәдени, ойын-сауық және білім беру, дамыту шаралары.
Күтілетін нәтиже:
1.Балалардың денсаулығын нығайту және жеке гигиена дағдыларын үйрету.
2.Түрлі шараларға қатысу арқылы балалардың табиғи қабілеттерін ашу, шығармашылығын дамыту.
3.Мейірімділікке, өзін-өзі сыйлауға, бір-біріне қолдау көрсетуге, достық қарым-қатынасты қалыптастыру.
4. Табиғат аясында, көлікте, көшеде және қоғамда жүріп-тұру ережелерін қалыптастыру.
«БалаLAND» мектеп жанындағы жазғы танымдық лагерінде төмендегі күн тәртібі бойынша жұмыс жүргізілді:
08:30 - 08:45 - оқушыларды қабылдау
08:45 –09:00 - таңғы жаттығу
09:00 –09:30 – таңғы ас
09:30 – 10:00 - Психологиялық сағат
10:00 – 12:30 - Мәдени іс-шаралар (сайыс,ойын-сауық)
12:30 –13:30 – түскі ас
13:30 –15:30 – Мәдени іс-шаралар (экскурсия, кино, театр)
15:30 –16:00 – бесіндік ас
16:00- 16:30 – күнді қорытындылау, оқушыларды қайтару.
«БалаLAND»мектеп жанындағы жазғы танымдық лагері 05.06.23 - 16.06.23 ж аралығында жұмыс жүргізді. Лагерьге бастауыш сынып оқушыларынан азқамтылған және көпбалалы отбасынан 100 бала қамтылды. Сонымен лагерьге 100 бала жиналып, 4 топ ашылды. 4 топқа 8 тәрбиеші тағайындалды.
Топтарға бөлінген тәрбиешілер:
1-топ: Тотаева Ақерке, Ерланова Айгерім
2-топ: Советқанова Ақбота, Ауданбекова Еркежан
3-топ: Есимханова Айгерім, Журутбаева Бейбітгүл
4-топ: Әлейбекова Жансая, Қарынова Дидара
Және тәрбиешілерге қосымша әртүрлі шаралар өткізуге:
Дене шынықтыру жұмыстарын ұйымдастыру үшін дене шынықтыру мұғалімдері Абдрахманова Аяулым және Нұрланова Динара, үштілді оқытуды жүзеге асыру мақсатында орыс тілі және ағылшын тілінен жұмыстарды ұйымдастыру үшін орыс тілі мұғалімі Хамзина Альмира және ағылшын тілі мұғалімі Оразгалиева Мадина және психологиялық жұмыстарын ұйымдастыру мектеп психологы Медетова Жанерке және Оңласынова Айерке берілді.
Бірінші күн:
№ | Іс-шара тақырыбы мен өткізілу формасы | Қысқаша ақпарат | Фотосуреттер мен сілтемелер |
1 | «БалаLand - 2023» мектеп жанындағы жазғы танымдық лагерінің ашылу салтанаты | Мектеп акт залында сахнада ашылу салтанаты ұйымдастырылды. Тәрбиешілер мен топтар өздерін таныстырды. Әр топ өз өнерін ортаға салды. Біздің 3-топ караокемен ән айтып, өз өнерлерін көрсетті. Одан басқа балаларға қимылды ойындар мен трендтегі әндер мен билер билетілді. Қосымша аниматорлар келіп балаларды ойнатып, көңілдерін көтеріп кетті. | |
2 | Пән мұғалімдерінің танысу ойындары | Орыс тілі, ағылшын тілі, психологтар, дене тәрбиесінің мұғалімдері өздерін таныстырып, өз өнерлерін ортаға салды. Әр пән мұғалімінің даярлаған ойыны болды, балалар қызыға ойнады. | |
3 | ШҚО тарихи өлкетану мұражайы | Шығыс Қазақстан облысындағы тарих пен мәдениеттің ірі орталығы өлкетану мұражайына саяхаттадық, Оқушылар әртүрлі залдар кіріп, еліміздің мәдениеті, табиғаты (жан-жануарлары, өсімдіктері) туралы пайдалы әрі қызықты ақпарат алды. |
Екінші күн:
№ | Іс-шара тақырыбы мен өткізілу формасы | Қысқаша ақпарат | Фотосуреттер мен сілтемелер |
1 | Психологиялық сағат«Нұрлы әлем» | Оқушыларға педагогикалық-психологиялық қолдау көрсету, психологиялық саулығына жағдай туғызу мақсатында «Нұрлы әлем» тақырыбында психологиялық сағат өткізілді. | |
2 | «Времена года» игры | Цель игры: закреплять представления детей о временах года, сезонных изменениях в природе, учить замечать изменения в погоде. Игра направлена на развитие памяти, внимания, зрительного восприятия, наблюдательности детей, а также на обогащение словаря воспитанников новыми определениями. | |
3 | «Көңілді караоке» | Оқушылар заманауи балаларға арналған әндерді айтып сайысады. Әр сайыс кезеңінде оқушылар нота жинақтап отырады, сол арқылы сайыс нәтижесі қортылып шығады. Сайыста әндерді үздік орындаған оқушылардың барлығына тәтті сый берңледі. | |
4 | Юбилейный кинотеатр «Ғажайып сабақ» | Оқушыларды қаламыздың орталығында орналасқан «Юбилейный» кинотеатрына «Ғажайып сабақ» қойылымы мен «Маша мен аюдың хикаялары» атты мультфильмді тамашалап қайттық. |
Үшінші күн
№ | Іс-шара тақырыбы мен өткізілу формасы | Қысқаша ақпарат | Фотосуреттер мен сілтемелер |
1 | «Мы знаем названия городов. Рек и гор» игры | Закрепить названия городов и рек Восточного Казахстана, развить кругозор детей, повторить написание с заглавной буквы. | |
2 | «Ертегілер елінде» | Ертегі кейіпкерлері туралы білімдерін кеңейту; Ойлау, қайта жаңғыртып еске түсіру арқылы қиялдай білуге үйрету. | |
3 | Теплоходпен ГЭС-ке саяхат | Серуен — баланың денсаулығын нығайтады, қоршаған ортаны танып біледі, табиғатқа деген қызығушылығы оянады, өсімдіктер мен жан -жануарларға қамқорлық жасауға, табиғат сұлулығын сезіне білуге тəрбиелейді.Серуен бала өмірінде маңызды орын алады. |
Төртінші күн:
№ | Іс-шара тақырыбы мен өткізілу формасы | Қысқаша ақпарат | Фотосуреттер мен сілтемелер |
1 | «Дельфин» бассейні | " Дельфин " бассейніне шомылу арқылы балалар уақыттарын пайдалы әрі көңілді өткізді. Тәрбиешілермен жасалған қауіпсіз ережесі сақталып, оқушылар позитивті энергия жинап қайтты. | |
2 | Драма театрына саяхат | "Алладин" қойылымын тамашалау арқылы оқушылар жақсылық пен жамандық жамандық, әділеттілік пен зұлымдық күресін сахналық түрде тамашалап , эстетикалық тәрбие алды. |
Бесінші күн
№ | Іс-шара тақырыбы мен өткізілу формасы | Қысқаша ақпарат | Фотосуреттер мен сілтемелер |
1 | «Құмыра жасау» | Құмыра жасау студиясы келіп, әр оқушымен мастер класс көрсетті. Әр оқушы сазбалшықтан өз қолдарымен құмыра жасап, естен кетпес көңіл күй сыйлады. Мақсаты: оқушыларға қол еңбекті үйрету болған. | |
2 3 | Тәтті мақта Фонограмма сайысы | Оқушыларымызға ата – аналар тарапынан қолдау түсіп, лагерьдегі барлық оқушыларға тегін тәтті мақта таратылды. Мектеп пен ата – аналар, ұстаздар арасында тығыз байланыс барын көрсетті. Әр топ өздерін жұлдыздарға еліктеп, әндерін орындап, өздерінің өнер жағынан бір қырын ашу. |
Алтыншы күн
№ | Іс-шара тақырыбы мен өткізілу формасы | Қысқаша ақпарат | Фотосуреттер мен сілтемелер |
1 | Қауіпсіздік нұсқаулығын жүргізу (өрт, су, жол, қоғамдық орын) «Өрт қауіпсіздігін сақта!» сурет челленджі | Оқушыларға өрт, су, жол, қоғамдық орындардағы қаупісіздік ережелерін сақтау бойынша нұсқаулық жүргізілді. «Өрт қауіпсіздігін сақта!» атты асфальтқа сурет салу челленджін өткіздік. Әр оқушы қаупісіздік нұсқаулығынан алған білімдерін сурет арқылы көрсете білді. | |
2 | «Кинотайм» | Оқушылармен қазақ ұлттық ертегілер желісіне түсірілген мультфильмдерді тамашаладық, |
№ | Іс-шара тақырыбы мен өткізілу формасы | Қысқаша ақпарат | Фотосуреттер мен сілтемелер |
1 | «Профессия» викторина | Повторить названия профессий, увеличить словарный запас, развить кругозор детей, интерес к разным профессиям. | |
2 | «Тик токер – 2023» сайысы | Өз халқының және өзге халықтардың мәдениетін танып білуге бағыттау. Оқушыларды музыка жанрын түсініп білуге баулу, ұлттық, заманауи өнердің қыр - сырын білу. | |
5 | Өлкетану мұражайына саяхат | ШҚО өлкенінің тарихын зерттеп, елдің тіршілігіне байланысты қол өнер бұйымдарын, болашақ игілігіне үлгі-өнер ретінде көрсету, ұлы адамдар өмірін, олардың әдебиетінен мәдениетте қалдырған іздерін, шексіз ерліктерін насихаттау. |
Жетінші күн:
№ | Іс-шара тақырыбы мен өткізілу формасы | Қысқаша ақпарат | Фотосуреттер мен сілтемелер |
2 | "Тауып көр" сайысы | Оқушылар өздерінің шығармашылық қабілеттерін ортаға салып,белгілі фильм, мультфильмнен үзінді көрсетіп, басқа топтар соны таба алды.Бұл сайыста балалар өздерін басқа қырларынан көрсете алды | |
3 | "Дельфин " бассейніне және этно саябаққа саяхат. | Оқушылардың жарты тобы тәрбиешілердің бақылауымен шомылып, күнді көңілді әрі пайдалы өткізді. Ал қалған топтар қаладағы этно саябаққа саяхаттап ондағы түрлі халықтар үйлерді,экзотикалық жануарларды және түрлі өнер туындыларын тамашалады. |
Сегізінші күн:
№ | Іс-шара тақырыбы мен өткізілу формасы | Қысқаша ақпарат | Фотосуреттер мен сілтемелер |
1 | « Әкешім-асқар тауым» мерекелік шара | Әкеге деген құрмет,үлкенді сыйлау,салт-дәстүрді құрметтеуге ,қайырымдылыққа баулу. | |
2 | Планетарий | Күмбез ішінде әр түрлі мултфильмдер көрсету арқылы,асан әлеміндегі ерекшеліктерді көрсете отыра,қиялын,ой-өрісін дамыту. |
Тоғызыншы күн:
№ | Іс-шара тақырыбы мен өткізілу формасы | Қысқаша ақпарат | Фотосуреттер мен сілтемелер |
1 | «Профессия» викторина | Повторить названия профессий, увеличить словарный запас, развить кругозор детей, интерес к разным профессиям. | |
2 | «Тик токер – 2023» сайысы | Өз халқының және өзге халықтардың мәдениетін танып білуге бағыттау. Оқушыларды музыка жанрын түсініп білуге баулу, ұлттық, заманауи өнердің қыр - сырын білу. | |
5 | Өлкетану мұражайына саяхат | ШҚО өлкенінің тарихын зерттеп, елдің тіршілігіне байланысты қол өнер бұйымдарын, болашақ игілігіне үлгі-өнер ретінде көрсету, ұлы адамдар өмірін, олардың әдебиетінен мәдениетте қалдырған іздерін, шексіз ерліктерін насихаттау. |
Оныншы күн:
№ | Іс-шара тақырыбы мен өткізілу формасы | Қысқаша ақпарат | Фотосуреттер мен сілтемелер |
1 | Станция юных техников | Әртүрлі техникалық заттар жасап, уақыттарын қызықты өткізді. | |
2 | Лагерьдің жабылуы | Акт залында лагерь кезіндегі жеңімпаздар қабілеттеріне қарай марапатталды.Тәрбиешілер мен оқушылар бірігіп ,өнерлерін көрсетті. |
Оқушылардың әр күні көңілді қызықты өтті, көңіл-күйлері көтеріңкі болды.Шығармашылық жұмыстарға оқушылар белсене қатысып, өз ойларымен бөлісе білді. Бір-бірімен қарым-қатынастары да жақсы болды. Оқушылар лагерьден көптеген тың дүниелерді ұғып, шығармашылық қабілеттерін арттырып отырды.
Мектеп жанынан ашылған лагерьдің әр күнін тиімді өткізуге тырыстық. Әр түрлі тақырыпта іс- шаралар ұйымдастырылып отырды. Әр мереке соңында балаларға тәтті сыйлықтар таратылды.
Таза ауада түрлі қызықты ойындар балалардың қызығушылықтарын арттыра түсті. Ойындар арасында мектеп психологы, дене шынықтыру мұғалімдері, музыка пәнінің мұғалімі, орыс тілі, ағылшын тілі мұғалімдері ат салысты. Мектеп медбикесі жеке бас тазалығына байланысты әңгімелер жүргізді, мектеп психологы оқушыларды тест, әңгімелесу және ойын арқылы балаларды бақылады. Тәрбиешілер оқушылармен таза ауада ойындар ойнап, би билеп, әртүрлі сайыстар жүргізіп отырды. Дене шынықтыру мұғалімі спорттық іс – шаралар жүргізді. Күнделікті таңғы жаттығумен, флэшмоб музыкаларымен билеуден бастайды. 15 маусым Әкелер күніне орай ашық тәрбие сағаты өтті.
Осымен жазғы сауықтыру лагері өзінің он күндігін артта қалдырды.
Нәтижесінде :
- «БалаLAND» жазғы танымдылық лагерінің жұмыс барысы жоспар бойынша өткізіліп, өз деңгейіне болды.
- Балалардың денсаулығын нығайтуға жұмыстар жүргізілді.
-Мектеп жанында ұйымдасқан лагерь балалардың қабілетін ашатын, құндылықтар дәріптелді, шығармашылығын дамытуға жұмыстар ұйымдастырылды.
- Балалар күнделікті қаланың көрікті жерлеріне саяхат жасады.
- Лагерьде салауатты өмір салтын сақтауға, үштілді меңгеруге бағытталған жұмыс жүргізілді.
- Мейірімділікке, өзін-өзі сыйлауға, бір-біріне қолдау көрсетуге, достық қарым-қатынасты қалыптастыруға көптеген іс - шаралар жүргізілді.
2023-2024 оқу жылындағы жазғы мектеп жанындағы лагерьге ұсыныс:
- Жазғы лагерь кезінде мектептен тыс жерлерде балаларға танымдылық қабілетін дамытатын әртүрлі шаралар ұйымдастырылса (Мысалы: төтенше жағдайлардағы балалардың іс-әрекеттеріне бағытталған ойындар, жол қауіпсіздігі ,т.б.)
- Жазғы лагерь уақытында мектеп арасында байланыс болса.(Мысалы: сайыстар, квест т.б.)
Бекітемін:
ШҚО Өскемен қаласы
білім бөлімі"№ 46
орта мектебі" КММ
Мектеп директоры
_____Г.Б.Ауганбаева
2022–2023 оқу жылындағы «БалаLAND»мектеп жанындағы жазғы танымдық лагерінде жүргізілген іс- шаралардың
ЕСЕБІ
Лагерінің басшысы: А.Т. Шорманова
Өскемен, 2023 ж.