Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
«№46 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7232) 74-24-95
+7(7232) 74-24-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Байқау жарияланады!
12
август
2025

Байқау жарияланады!

Хабарландыру

ШҚО білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің "№46 орта мектебі " коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Төмендегі бос лауазымдарға және уақытша бос лауазымдарға орналасуға Конкурс ШҚО, Өскемен қаласы, 46_mektep_oskemen@vko.edu.kz электронды поштасы, Көкжал барақ 8/2 мекен-жайы, байланыс телефоны 87232 704003, 87051350432 бойынша  11.08.2025-22.08.2025 ж. аралығында құжаттарды қабылдау, (қабылдау бөліміне қағаз форматта папкамен)  конкурс  25.08.2025 жылы сағ 10.00 де өтетінін хабарлаймыз: 

  1. бастауыш сынып- 7 бірлік;
  2. аға тәлімгер - 1 бірлік;
  3. педагог-ұйымдастырушы- 1 бірлік;
  4. кәсіптік бағдар беруші – 1 бірлік;
  5. әлеуметтік педагог - 1 бірлік;
  6. логопед-дефектолог- 1 бірлік;
  7. тарих пәні мұғалімі - 1 бірлік;
  8. директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары- 0.5 бірлік;

Ескерту: Конкурс жоғарыдағы бос және уақытша бос орынға қағаз форматта папкамен 11.08.2025-22.08.2025 ж. аралығында өтінім берген педагогтер арасында өтеді.


Конкурс өткізу  " Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 57 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 96 бірлескен бұйрығы. «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» бұйрық бойынша жүзеге асырылады.



Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде мынадай құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:

       1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;

      2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

      3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

      4) Үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

      5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

       6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу( тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

      7) психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары бар аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;

      8) наркологиялық аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;

      9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);

      10) ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша сертификаттау нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератор немесе педагог-сарапшы немесе педагог-зерттеуші немесе педагог-шебер біліктілік санатының болуы туралы куәлікті (бар болса) немесе CELTA (Certificate in English Language Teaching to Adults. Cambridge) PASS A; DELTA (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above немесе IELTS (IELTS - айелтс) – 6,5 балл; немесе тойфл TOEFL (іnternet Based Test (іBT)) – 60-65 балл көрсеткіші бар сертификат;

       11) осы Қағидаларға 12, 13-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы;

      12) жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша), оқу орнынан ұсыным хат.


















 3-қосымша




___________________________
 конкурс жариялаған
 мемлекеттік орган
 / Кандидаттың тегі, аты,
 әкесінің аты (бар болса)
 (бұдан әрі -Т. А. Ә.),
 жеке сәйкестендіру нөмірі
 (бұдан әрі –ЖСН), лауазымы,
 жұмыс орны, 
 Нақты тұрғылықты
 жері, тіркелген мекенжайы,
 байланыс телефоны

Өтініш

       Мені ________________________________________________________________ 

      (білім беру ұйымдарының атауы, мекенжайы (облыс, аудан, қала\ ауыл)

       __________________________________________________________________ 

      бос/уақытша бос лауазымына орналасуға арналған конкурсқа жіберуіңізді сұраймын.

       Қазіргі кезде_________________________________________________________ 

       (лауазымы, ұйымның атауы, мекенжайы (облыс, аудан, қала \ ауыл) жұмыс істеймін. 

       Өзім туралы келесі мәліметтерді хабарлаймын: Білімі: жоғары немесе жоғары оқу 

      орнынан кейінгі, техникалық және кәсіптік

Оқу орнының атауы

Оқу кезеңі

Диплом бойынша мамандығы







       Біліктілік санатының болуы (болған жағдайда берілген (расталған) күні): 

      __________________________________________________________________

       Жұмыс өтілі: 

Жалпы

Педагогикалық

 Мемлекеттік қызмет өтілі 

 Мамандығы бойынша (кәсіпкерлік субъектілерінің мамандары үшін) 

 Осы білім беру ұйымында, оның ішінде атқаратын лауазымында 











      Мынадай жұмыс нәтижелерім бар: ______________________________________

      Марапаттары, атақтары, дәрежесі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, сондай-ақ қосымша мәліметтер (бар болса) ________________________________________

       "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 1-тармағына сәйкес менің дербес деректерімді дербес деректерді өңдеу мақсаттарына сәйкес келетін кез келген заңды тәсілдермен (фото, видео, оның ішінде автоматтандыру құралдарын пайдалана отырып немесе мұндай құралдарды пайдаланбай дербес деректердің ақпараттық жүйелерінде пайдалану үшін) өңдеуге келісім беремін.

       Мен келісемін ___________________________________________________ 

      (Т.А.Ә. (бар болса)) (қолы)

      "____"______________20___жыл __________ /қолы/






12-қосымша



Педагог бос немесе уақытша бос лауазымына өтілі бар кандидаттың бағалау парағы __________________________________________________________________  (Т.А.Ә. (бар болса))

Өлшемшарттар

Растайтын құжат

Балл сандары

(1-ден 30-ға дейін)

1.

Білім деңгейі

  Білімі туралы дипломның және дипломға қосымшаның көшірмелері 

Техникалық және кәсіптік - 1 балл

Жоғары - 2 балл

Жоғары үздік - 3 балл

2.

Ғылыми атағы/ ғылыми дәрежесі/ дәрежесі

Білімі туралы дипломның және дипломға қосымшаның көшірмелері/ ғылыми атағын/ ғылыми дәрежесін/дәрежесін беру туралы аттестат

PhD докторы - 15 балл

Ғылым докторы, Ғылым кандидаты, профиль бойынша докторы - 10 балл

Педагогикалық бағыты бойынша магистрі - 5 балл

3.

  Біліктілік санаты 

Куәлік, басқа құжат

Педагог- 2 балл

Педагог-модератор - 3 балл

Педагог-сарапшы - 5 балл

Педагог-зерттеуші - 7 балл

Педагог-шебер - 10 балл

Басшының үшінші біліктілік санатындағы орынбасары - 5 балл

Басшының екінші біліктілік санатындағы орынбасары - 6 балл

Басшының бірінші біліктілік санатындағы орынбасары - 7 балл

4.

  Әкімшілік және әдістемелік қызметтегі жұмыс тәжірибесі 

Еңбек кітапшасы/еңбек қызметін алмастыратын басқа да құжат

Әдіскер, лауазымдағы жұмыс өтілі кемінде 2 жыл- 2 балл

Әдіскер, лауазымдағы жұмыс өтілі төрт жылдан көп - 3 балл

Директордың орынбасары, лауазымдағы жұмыс өтілі кемінде 2 жыл- 3 балл

Директордың орынбасары, лауазымдағы жұмыс өтілі төрт жылдан көп - 4 балл

Директор, лауазымдағы жұмыс өтілі кемінде 2 жыл - 4 балл

Директор, лауазымдағы жұмыс өтілі 4 жылдан көп - 5 балл

5.

  Бұрынғы жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша) ұсыным хат 

Ұсыным хат (педагог лауазымы бойынша соңғы жұмыс орнынан)

Оң ұсыным хаттың болуы - 3 балл

6.*

  Соңғы 3 жылдағы кәсіби жетістіктерінің көрсеткіштері 

- олимпиадалар мен конкурстар жеңімпаздарының дипломдары, грамоталары, білім алушылардың ғылыми жобалары;

- олимпиадалар мен байқаулар жеңімпаздарының дипломдары, грамоталары

1) қалалық/аудандық олимпиадалар мен конкурстардың жеңімпаздары - 0,5 балл

облыстық - 1 балл, республикалық - 2 балл, халықаралық - 3 балл;

  2) ғылыми жобалар: қалалық/аудандық - 0,5 балл, 

облыстық - 1 балл, республикалық - 2 балл, халықаралық - 3 балл;

3) "Үздік педагог" конкурсына қатысушы - 1 балл;

4) "Үздік педагог" конкурсының жеңімпазы - 5 балл.

7.

  Қоғамдық-педагогикалық қызметі 

  Қоғамдық-педагогикалық қызметін растайтын құжат (бұрыңғы жұмыс) 

Тәлімгер - 0,5 балл;

Әдістемелік бірлестігінің басшысы - 2 балл;

8**.

Курсқа дайындық

- пәндік даярлық сертификаттары;

  - цифрлық сауаттылық сертификаты, 

  ҚАЗТЕСТ немесе QAZAQ RESMI TEST; 

  IELTS; 

  TOEFL; 

DELF сертификаттары;

Goethe Zertifikat, "Python тілінде бағдарламалау негіздері" бағдарламалары бойынша оқыту, "Microsoft"

Курсера жұмыстарына оқыту

Халықаралық курстар:


біліктілікті арттыру ұйымдары іске асыратын білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісілген бағдарламалар бойынша біліктілікті арттыру курстары - 0,5 балл (әрқайсысы бойынша жеке)

Барлығы:



      * 6-тармақта жеңімпаздар санына қарамастан, соңғы 3 (үш) жылдағы олимпиадалар мен конкурстардың әрбір деңгейі (қалалық/аудандық) бойынша 0,5 балл ескеріледі, облыстық олимпиадалар мен конкурстардың жүлдегерлері - 1 балл, республикалық - 2 балл, халықаралық - 3 балл;

      ғылыми жобалар: қалалық/аудандық - 1 балл, облыстық - 1 балл, республикалық -2 балл, халықаралық – тиісінше 3 балл;

       республикалық олимпиадалар мен конкурстардың жүлдегерлері - 3 балл. 

 ** 8-тармақта соңғы 3 (үш) жылдағы біліктілікті арттыру ұйымдары іске асыратын білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісілген бағдарламалар бойынша біліктілікті арттыру курстары - 0,5 балл (әрқайсысы бойынша жеке).



































Педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына өтілі жоқ кандидаттың бағалау парағы _______________________________________________________________________  Т.А.Ә. (бар болса)

Өлшем шарттар

Растайтын құжат

Балл сандары

1.

Білім деңгейі

Білімі туралы дипломның және дипломға қосымшаның көшірмелері

Техникалық және кәсіптік - 1 балл

Техникалық және кәсіптік үздік - 2 балл

Жоғары - 3 балл

Жоғары үздік -4 балл

2.

Ғылыми атағы/ ғылыми дәрежесі/ дәрежесі

Білімі туралы дипломның және дипломға қосымшаның көшірмелері/ ғылыми атағын/ ғылыми дәрежесін/дәрежесін беру туралы аттестат

PhD докторы - 15 балл

 Ғылым докторы, ғылым кандидаты, профиль бойынша докторы - 10 балл 

Педагогикалық бағыты бойынша магистрі - 5 балл

3.

Сертификаттаудан өту нәтижелері

Сертификат

50 % - 2 балл

60-80 % - 4 балл

80-100% – 6 балл

4.

  Педагогикалық/ кәсіби практика нәтижелері 

Білімі туралы дипломға қосымша

"3" – 2 балл

"4" – 3 балл

"5" – 4 балл

5.

Оқу орнынан ұсыным хат

Ұсыным хат

Оң ұсыным хаттың болуы - 3 балл

6.

Волонтерлік жұмысқа қатысу

Қатысу құжаты

1 балл

7.

Педагогикалық қызмет туралы жарияланымы бар интернет бетін, әлеуметтік желіде парақшаларын жүргізу (авторлық ғылыми жобалар, сабақтар, семинарлар)

Сілтемелер

1 жылға дейін -1 балл

1 жылдан 3 жылға дейін -2 балл

3 жылдан жоғары -3 балл

8.

Жазғы лагерьлердің жұмысына қатысу

Қатысу құжаты

2 балл

9.

Оқу орындары бойынша конкурстарға қатысу (ғылыми жобалар, шығармашылык және т.б.)

 Қатысу құжаты 

Әрбір қатысқаны үшін 1 балл, бірақ 4 балдан аспайды

10.

 ҚАЗТЕСТ немесе QAZAQ RESMI TEST; IELTS; TOEFL; DELF; Goethe Zertifikat сертификаттары, "Python бағдарламаның негіздері", "Microsoft-та жұмыс істеуге үйрету" бағдарламалары бойынша оқыту 

Курсера

Халықаралық курстар:

Сертификат

1 балл (әрқайсына бөлек)

Барлығы:







Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив