Телефоны приемной:
+7(7232) 74-24-95
+7(7232) 74-24-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
Абайтанушы-ғалым, филология ғылымының докторы, профессор Қартаева Айжан Маратбекқызымен кездесу
17
февраль
2020
Абайтанушы-ғалым, филология ғылымының докторы, профессор Қартаева
Ән «Желсіз түнде жарық ай»  Жүргізуші Алтынжан: Армысыздар, бармысыздар, құрметті «Абай әлемі»атты кездесуге жиналған қауым! Бүгінгі біздің қонағымыз филология ғылымының докторы, абайтанушы-ғалым, профессор, Абайтану орталығының бас маманы – Қартаева  Айжан Маратбекқызы. Қошеметпен ортаға шақырамыз.  «Болмасаң да ұқсап бақ, Бір ғалымды көрсеңіз» - дегендей, Өскемен   қаласы әкімдігінің №46 орта мектебі оқушыларына  Абай әлемі туралы айтып, еңбек жолыңыздың қыр –сырымен бөліссеңіз деген
23-қара сөз
17
февраль
2020
23-қара сөз
ЖИЫРМА ҮШІНШІ СӨЗ Біздің қазақты оңдырмай жүрген бір қуаныш, бір жұбаныш дегендер бар. Оның қуанышы - елде бір жаманды тауып, я бір адамның бұл өзі қылмаған жаманшылығы шықса, қуанады. Айтады: құдай пәленшеден сақтасын, о да адаммын деп жүр ғой, оның қасында біз сәулелі кісінің бірі емеспіз бе, оған қарағанда мен таза кісі емеспін бе? - деп. Оған құдай тағала айтып па, пәленшеден тәуір болсаң болады деп? Я білгендер айтып па, әйтеуір өзіңнен наданшылығы асқан, я жаманшылығы артылған кісі
22-қара сөз
17
февраль
2020
22-қара сөз
ЖИЫРМА ЕКІНШІ СӨЗ Дәл осы күнде қазақтың ішінде кімді жақсы көріп, кімді қадірлеймін деп ойладым. Байды қадірлейін десең, бай жоқ. Бай болса, өз басының, өз малының еркі өзінде болмас па еді? Ешбір байдың өз малының еркі өзінде жоқ. Кей бай өзі біреумен күш таластырамын деп, жүз кісіге қорғалауықтығынан жалынып, малын үлестіріп жүр. Ойлайды: жалынтып бердім деп, ақымақтығынан. Жоқ, өзі жалынып беріп жүр. Қайыр да емес, мырзалық та емес, өз елімен, өз жерімен ойраңдасып, ойсыздарға қойнын ашып,
21-қара сөз
17
февраль
2020
21-қара сөз
ЖИЫРМА БІРІНШІ СӨЗ Аз ба, көп пе, адам баласы бір түрлі мақтаннан аман болмағы - қиын іс. Сол мақтан деген нәрсенің мен екі түрлісін байқадым: біреуінің атын үлкендік деп атаймын, біреуін мақтаншақтық деймін. Үлкендік - адам ішінен өзін-өзі бағалы есеп қылмақ. Яғни, надан атанбастығын, жеңіл атанбастығын, мақтаншақ атанбастығын, әдепсіз, арсыз, байлаусыз, пайдасыз, сұрамшақ, өсекші, өтірікші, алдамшы, кеселді - осындай жарамсыз қылықтардан сақтанып, сол мінездерді бойына қорлық біліп, өзін
Абай 175 жыл мектеп жоспары
05
февраль
2020
Абай 175 жыл мектеп жоспары
Бекітемін   Мектеп директоры:---------                                                                                                                                                 Ауганбаева Г.Б. Тақырыбы:  «Дархан халықтың дана Абайы» Мақсаты:  Қазақтың бас ақыны Абайдың өмірі мен шығармашылығын рухани құндылықтар арқылы жас ұрпақ бойына сіңіру. Абай шығармалары арқылы оқушы дүниетанымдық ой-өрісін кеңейту. № Мазмұны Өткізу формасы Жауапты Қатысушылар Мерзімі 1 Абай мүйісі (көрме) (Жидебай
Абай жолы
04
февраль
2020
Абай жолы
        Абайды Абай еткен Мұхтарғана,         Мұхтарды Мұхтар еткен Абай дана,         Қазақтың қос арысы, қос данасы.         Қалайша бас имессің оған, сірә. «Абай жолы» - Мұхтар Әуезовтың әлемге әйгілі тарихи романдар топтамасы - қазақтың тұңғыш эпопеясы. 1-кітабы 1942, 2-сі 1947, 3-сі 1952, 4-томы 1956 ж. жарыққа шықты. Эпопеяның «Абай» атанған алғашқы екі кітабына КСРО Мемлекеттік сыйлығы (1949), «Абай жолының» тұтас төрт томына Лениндік сыйлық (1959) берілді. «Абай жолы» арқылы қазіргі
Хронология
03
февраль
2020
Хронология
1845 жыл 10 тамыз -  Шығыс Қазақстан облысы (бұрынғы Семей губерниясы) Шыңғыс тауының баурайында, аға сұлтан Құнанбай Өскенбайұлы мен оның екінші әйелі Ұлжанның отбасында дүниеге келді;  1852-1855 жылдары - ауыл медресесінде оқиды;  1854 жыл - 9 жасында тұңғыш өлең жазған;  1855-1859 жылдары - Семей қаласындағы Ахмет Риза медресесінде білім  алды. Үш ай «приходская школа» атты орыс мектебінде қосымша оқыды. Араб, парсы, түрік тілдеріндегі Шығыс ақындарының кітаптарын оқыды. Соларға еліктеп
20-қара сөз
03
февраль
2020
20-қара сөз
ЖИЫРМАСЫНШЫ СӨЗ Тағдырдың жарлығын білесіздер - өзгерілмейді. Пендеде бір іс бар жалығу деген. Ол - тағдырда адаммен бірге жаратылған нәрсе, оны адам өзі тапқан емес. Оған егер бір еліксе, адам баласы құтылмағы қиын. Қайраттанып, сілкіп тастап кетсең де, ақырында тағы келіп жеңеді. Ақылы түгел, ойлы адамның баласы байқаса, осы адам баласының жалықпайтұғын нәрсесі бар ма екен? Тамақтан да, ойыннан да, күлкіден де, мақтаннан да, кербездіктен де, тойдан да, топтан да, қатыннан да көңіл, аз ба, көп
19-қара сөз
03
февраль
2020
19-қара сөз
ОН ТОҒЫЗЫНШЫ СӨЗ Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады. Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады. Әрбір естілік жеке өзі іске жарамайды. Сол естілерден естіп, білген жақсы нәрселерді ескерсе, жаман дегеннен сақтанса, сонда іске жарайды, сонда адам десе болады. Мұндай сөзді есіткенде шайқақтап, шалықтанып не салбырап, салғырттанып есітсе,
18-қара сөз
03
февраль
2020
18-қара сөз
ОН СЕГІЗІНШІ СӨЗ Адам баласына жыртықсыз, кірсіз, сыпайы киініп, һәм ол киімін былғап, былжыратып кимей, таза кимек - дұрыс іс. Ләкин өз дәулетінен артық киінбек, не киімі артық болмаса да, көңіліне қуат тұтып, тым айналдырмақ - кербездің ісі. Кербездің екі түрлі қылығы болады: бірі бет-пішінін, мұртын, мүшесін, жүрісін, қас-қабағын қолдан түзетіп, шынтағын көтеріп, қолын тарақтап әуре болмақ. Біреуі атын, киімін «айран ішерім» деп, солардың арқасында сыпайы, жұғымды жігіт атанбаққа, өзінен