17
февраль
2020
Абайтанушы-ғалым, филология ғылымының докторы, профессор Қартаева Айжан Маратбекқызымен кездесу
Ән «Желсіз түнде жарық ай»
Жүргізуші Алтынжан:
- Армысыздар, бармысыздар, құрметті «Абай әлемі»атты кездесуге жиналған қауым!
- Бүгінгі біздің қонағымыз филология ғылымының докторы, абайтанушы-ғалым, профессор, Абайтану орталығының бас маманы – Қартаева Айжан Маратбекқызы. Қошеметпен ортаға шақырамыз.
- «Болмасаң да ұқсап бақ,
Бір ғалымды көрсеңіз» - дегендей, Өскемен қаласы әкімдігінің №46 орта мектебі оқушыларына Абай әлемі туралы айтып, еңбек жолыңыздың қыр –сырымен бөліссеңіз деген ойдамыз.
- «Абай – деген терең теңіз, алып мұхит. Абайды таныған сайын оның түбіне маржандарын алу үшін сүңги беруің керек, сүңги беруің керек. Ал мен оның бетін ғана қалқыдым», - деген екен Мұхтар Әуезов.
Айжан Маратбекқызы, сіз Мұхтар Әуезовтің ізін жалғар Абайтанушы – ғалымсыз. Шығысымыздан шыққан жарық жұлдыз деп білеміз. Абайды зерттеу сізге қаншалықты қиын болды?
Зор құрметпен сөз кезегін өзіңізге береміз.
СӨЗ АЛДЫ
Қартаева Айжан Маратбекқызы
- Айжан Маратбекқызына сұрақтарыңыз болса қоюға рұқсат
Сұрақтар:
- Хан апамыз, ұстаздардың ұстазы Қанипа Омарғалиқызы Бітібаевадан сусындаған шәкіртсіз. Ал сіз ұстазыңыз сияқты шәкірт тәрбиелегіңіз келе ме?
- Абай мұрасын, Абай ілімін ұғу мақсатында Абайтану курсы жүргізілуде. Сіздіңше, болашақ ұрпақ Абай шығармашылығын қалай насихаттау керек?
- Ғалым, доктор, профессор атағына ие болу қаншалықты еңбекті талап етеді?
- Айжан Маратбекқызы, сіз Абай атамыз жайлы біз білмеген тың деректерді айттыңыз. «Көп жасағаннан емес, көпті көргеннен сұра» дегендей, ғұламаны көп зерттеп, оқыған сіздей Абайтанушы –ғалымнан есту - Абайды басқа қырынан танытқандай күй кештірді. Бүгінгі сіздің дәрісіңіз көптің көкейіне жеткен үлгі, өнеге. Ой бөліскеніңізге көп рақмет. Еңбек жолыңыздың алар асуы биікте болсын!
- Сөз кезегін мектебіміздің директоры Ауганбаева Гульфарида Базарбаевнаға береміз.
- Бүгінгі кездесуіміз өз мәресіне жетті. Көңіл қойып тыңдаған оқушыларымыз бен өз еңбек жолын Абайтану ғылымына арнаған Айжан Маратбекқызына айтар алғысымыз шексіз. Еңбегіңіз жана берсін деген тілектеміз! Қош, сау болыңыздар!
