«Ұлы Абай –халқымыздың шамшырағы» атты 2Г сыныбының сыныптан тыс іс-шарасы

Тақырыбы: «Ұлы Абай –халқымыздың шамшырағы» Мектеп: «№46 орта мектебі» Күні:21.01.2020 Мұғалімнің аты-жөні: Курчумбаева К.С. Сыныбы:2 «Г» Қатысқандар саны: 21 Қатыспағандар саны: 3(себепті) | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Мақсаты | Білімділік | Оқушыларды қазақтың ұлы ақыны Абайдың өмірі мен қалдырған асыл мұраларымен таныстыру. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Дамытушылық | Абай өлеңдерін мәнерлеп оқуын, есте сақтауын, ойлау қабілетін дамыту. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Тәрбиелік | Адамгершілікке, туған елін, жерін сүюге, Абай даналы-ғынан үлгі алуға тәрбиелеу, эстетикалық тәрбие беру. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | (3)«Зайырлы мемлекет және жоғары руханият» қада-мын басшылыққа ала отырып өзін-өзі реттеуге, бір-бірінің пікірін тыңдап, өз ұсынысын айта білуге, өзара сыйластық қарым-қатынаста жұмыс жасау құндылық-тарын дамыту | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | дүниетану, математика, әдебиеттік оқу, музыка | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Көрнекіліктер | Абайдың суреті, «Абай әлемі» кітап көрмесі, Абай өмі-рінен суреттер. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың барысы | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Басы | Психологиялық дайындық «Күн» | Ресурстар | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Кіріспе | Сабақтың тақырыбын шығарып алу. Тақырыпты оқыту. «Ұлы Абай –халқымыздың шамшырағы» - Абай ата туралы не білесің? *1845 жылы 10 тамызда Семей өңірі, Шыңғыстау баурайында дүниеге келген. *Шын аты –Ибраһим. Әжесі еркелетіп Абай деп атаған. *Әкесі – Құнанбай. *Анасының аты – Ұлжан.Өте мейірімді, дана кісі болған. * Әжесі Зере мен Абай. Ертегі, жырларды әжесінен үнемі тыңдап өскен. Абайдың ақындық жолға түсуіне, білімге құмар боп өсуіне себепкер болған әжесі Зере екен. *Семей қаласында Абай мен әжесіне қойылған ескерткіш. *10-12 жасында Семейде Ғабдұлжаппар деген татар молдадан мұсыл-манша оқып, хат таныған. 12-13-жасынан өлең жазған. * 12 жасында Семей қаласындағы Ахмет Риза медресесіне оқуға түседі. * Ол араб,парсы,түркі,орыс тілдерін меңгерген. *Абай атамыз 30 жасында атақты, білімді, адам болды. | Қиықша Абай өмірінен суреттер | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Ортасы Соңы | Абай-дара қазақта. 1. Жүрегін шырақ етіп жандырған кім? Жырымен жан сусынын қандырған кім? Өзіне өзі орнатып ескерткішті, Мұра ғып, кейінгіге қалдырған кім? 2. Ерте оянып, ойланып, ержеткен кім? Талабын тас қияға өрлеткен кім? Құба жон, құбақан құм, құла қырды Өлеңінің бесігіне тербеткен кім? 3. Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өскен кім? Үнінен әділдіктің лебі ескен кім? Арманын аттандырып келешекке, Біздермен осы күні тілдескен кім? 4. Тайсалмай мыңмен жалғыз алысқан кім? Жауына найза сөзін шанышқан кім? Өзендей құйған барып көк теңізге, Лермонтов, Пушкиндермен табысқан кім? 5. Көрікті көңілде жыр, қолда қалам, Өмірдің өріне өрлей басқан қадам, Қазақтың өлеңінінің ұлы атасы, Ол - Абай, халқымыздың шамшырағы! - хормен айтады. Ән: «Ұлы Абай – халқымыздың шамшырағы» Әні, сөзі:Қ.Аманжоловтікі 6. Бір көрсең ғой Абай ата, біздің шақты, Салмақтап айтар едің: «Алға ұрпағым адымдапты!» Астана, туған елім нұр сипатты! 7. Шығарған қазақ атын, абыройын! Баураған адамзаттың ақыл ойын. Абай атам, күткен, аңсаған заман келді, Ұрпақтары қарсы алмақ бүгін, міне, 175 жасқа толатын, ұлы тойын! 8. Құлақтан кіріп, бойды алар, Әсем ән мен тәтті күй. Көңілге түрлі ой салар, Әнді сүйсең, менше сүй! 9. Жарқырайды Күн менен Ай, Көк аспанда қалықтап. Абай әні жүр шалқып, «Желсіз түнде жарық Ай» (Әнді орындау) Топтық жұмыс 1-топ. Анаграмма Дұрыс сөз құрап жаз. зүк- қсы- азж- ғыжазтұры- 2-топ. Филвордта жасырылған сөздерді тауып қоршап сыз.
3-топ. «Мюнстерберг» әдістемесі ПРОТЛЛДНҰИОЖАЗТБВОЯЖАЗҒЫТҰРЫМПДҰҢҚЫСҒЦНЙЧКҮЗЩЛ -Қандай сөздер шықты? -Бұл сөздердің бүгінгі тәрбие сағатымызға қандай қатысы бар? Абай өлеңдері - асыл қазына 10. Жылдың төрт мезгіліне арналған, Абай ата өлеңдерін оқысаң, Сөздердің ең асылын табасың. Мұқият зердеңе тоқысаң, Тұңғиық бір ойға қаласың. Неткен данышпан еді деп, Еріксіз таңдай қағасың. Оқушылар Абай Құнанбаевтың «Күз» «Қыс» «Жазғытұры» «Жаз» өлеңдерін жатқа оқиды. 11. Ата сөзі- қазақтың бойтұмары, Білім алуға шақырған өлеңдері *Әсемпаз болма әрнеге *Ғылым таппай мақтанба *Жасымда ғылым бар деп ескермедім Абай - аудармашы ақын. Абай атамыз орыс ақындары Лермонтов, Крыловтың мысалдарын аударды. Оқушылар Крыловтан аударған «Шегіртке мен құмырсқа» аудармасын сахналап көрсетіп береді. Автор сөзі,Шегіртке және Құмырсқа Абайдың қара сөздері «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе! Адамдықты көздесең, Жаттап тоқы көңілге! (С.Торайғыров) Абай атамыз «Ғақылия» деп аталатын барлығы 45 «Қара сөздерін» жазды. Абайдың қара сөздері әңгіме емес, даналық сөздер. Қазір Абай атамыз-дың қара сөздерінен үзінділер тыңдаймыз. Оқушылар кезекпен қарасөздерден үзінділерді жатқа айтады. (19) Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп,көріп,ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды-дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады.Естілердің айтқан сөз-дерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады. (18) Адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселерімен озбақ, одан басқа нәрсемен оздым ғой демектің бәрі де ақымақшы-лық . (38) Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар, со-нан қашпақ керек: әуелі надандық, екіншісі ерін-шектік, үшіншісі залымдық деп білесің. (37) Жақсылыққа жақсылық әр кісінің ісі, Жамандыққа жақсылық ер кісінің ісі. (17) Үш ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек. (31) Естіген нәрсені ұмытпастыққа 4 түрлі себеп бар: Әуелі –көкірегі байлаулы берік болмақ керек; Екінші- сол нәрсені естігенде я көргенде үлгі алу керек,көңілденіп, тұшынып, ынтамен ұғу керек; Үшінші - сол нәрсені ішінен неше уақыт қайтарып ойланып, көңілге бекіту керек; Төртінші – ой кеселді нәрселерден қашық болу керек. Ой кеселдері: уайымшылдық,салғырттық, ойын-шы-күлкішілдік, я бір қайғыға салыну, я бір нәрсеге құмарлық пайда болу. Бұл 4 нәрсе – күллі ақыл мен ғылымды тоздыратұғын нәрселер. (37) Адамның адамшылдығы істі қалай бастағанды-ғынан білінеді, қалай аяқтағанынан емес. (37) Жаман дос көлеңке. Басыңды күн шалса, қашып құтыла алмайсың, Басыңды бұлт шалса, іздеп таба алмайсың. Сахналық көрініс «Абай мен Қиясбай» Қиясбай бірде Абайдың үйіне кіріп келеді де: -Абай аға, маған қағаз, қаламыңызды бере тұрыңызшы, жазайын, депті. -Мә, Қиясбай, жаза ғой, деп, Абай береді. Қиясбай қағазға иір-иір етіп шимайлапты да:- Абай аға, Сізді жеті жұрттың тілін біледі дейді ғой, мына жазуды оқыңызшы,- депті. Абай: Әй, Қиясжан, мына жазғаның оқуға келмейді ғой, деп күліпті. -Бәле, Абай аға, Сізді де жұрт босқа мақтайды екен ғой. Бұл айғыр тышқанның ізі емес пе?-депті Қиясбай. Абай әлемі Мұхтар Әуезов «Абай жолы» эпопеясын жазған. *Ол 4 романнан тұрады. Осы еңбегі үшін М.Әуезовқа мемлекеттік сыйлық берілді. * Біздің мектептің үшінші қабатында Абай ата-мызға арнап бұрыш ұйымдастырылған. Қорытынды. -Бүгін біз кім туралы айттық? -Саған бүгінгі сынып сағатында не ұнады? -Бүгінгі сынып сағатынан өзіңе не аласың? -Достарыңа айтар қандай ұсынысың бар? Мұғалім: Елбасының:«Менің балаларым мен ертеңгі ұрпағыма Абайдан артық, Абайдан ұлы, Абайдан киелі ұғым болмауы тиіс» деп айтылған бір жақсы сөзі бар екен. Олай болса, Абай атамыз бүгін жарқын бейнесімен де, жалынды жырларымен де бізбен бірге мәңгі жасай береді. Абай атамыздың есімін құрметтеп, білімді, тәр-биелі ұл мен қыздар болып ержетулеріңе шын жү-ректен тілектеспін.Сендердің сондай болатында-рыңа сенемін! Абай ата өлеңдерін, қарасөздерін нақышына келтіріп айтқан оқушыларды мадақтау. | Топтық тапсырма-лар «Абай» Қара сөздер жинағы «Абай жолы» 1,2,3,4; «Абай» қара сөздер жинағы |






