«Қамқорлық» дәстүрлі республикалық акциясы
2019 жылғы 10 қаңтар – 10 ақпан аралығында
Өскемен қаласы әкімдігінің «№ 46 орта мектебі» КММ
«Қамқорлық» дәстүрлі республикалық акциясының есебі
Қаңтар айының 10-мен ақпан айының 10-аралығында №46 орта мектебінде қамқорлық акциясы ұйымдастырылды.
Акцияның мақсаты: мектепте оқитын көп балалы және аз қамтылған отбасыдан шыққан балаларға материалдық көмек көрсету.
Біздің арамызда жүрегі жұмсақ, қайырымы мол жандар көптеп кездеседі.
Мектебімізде Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңын және мектеп жасындағы балаларды міндетті оқумен қамту жайлы, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2019 жылғы хатын орындау мақсатында әр оқу жылында қаңтар-ақпан айларында «Қамқорлық» акциясын өткізу туралы бұйрыққа негізделіп «Қамқорлық» акциясын өткізу туралы бұйрық шығарылып, жоспар құрылды, акцияны ұйымдастыру комитетінің құрамы бекітілді. Әлеуметтік көмекті қажет ететін отбасы балаларына және басқа санаттағы балаларға қайырымдылық жасау, 0-18 жас аралығындағы балаларды жаппай оқумен қамту және әлеуметтік көмекпен қамтамасыз ету жұмыстары ұйымдастырылды.
«Қамқорлық» акциясы туралы акция логотипін қолдана отырып, ақпараттық бұрыштар, баннерлер, плакаттар осы аталған мектепте орнатылды.
Ықшам аудандарға рейд жүргізу барысында қайыр сұрап немесе қаңғырып жүрген оқушылар анықталмады.
Айлық кезінде мектеп ұжымы жомарттық танытып, әлеуметтік жағдайы төмен, көп балалы, аз қамтылған отбасынан шыққан оқушыларға мектепке қажетті оқу құралдарымен қамтамасыз етті. Сонымен қатар айлық барысында «Мейірімділік – жүрек жылытар» тақырыбында 1 -11 сыныптар арасында сынып сағаттары өткізілді. Акцияға осы аталған мектеп ұжымы, ата – аналары жомарттық танытып, әлеуметтік аз қамтылған отбасы балалары, ата-ана қамқорынан тыс қалған балалар мен көпбалалы отбасынан шыққан балаларды оқушы формасы, , аяқ-киім және оқуға қажетті құралдармен қамтамасыз етті. «Көп түкірсе көл» деген емес пе? Қайырымды жандар біріксе, кез-келген ауыртпалықты жеңуге болады екен.
Мектеп ұжымы жомарттық танытқан ата-аналарға зор алғыстарын айтып,
ризашылықтарын білдіруде.