Педагогикалық кеңес №1
2023-2024 оқу жылы қарсаңында мектебімізде
«Жаңа 2023-2024 оқу жылын ұйымдастыру» тақырыбында №1 педагогикалық кеңес болып өтті.
Педагогикалық кеңесте күн тәртібінде бірнеше мәселелер қарастырылды. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Кожикова Бақытжан Мухтаровна мектептің 2022 - 2023 оқу жылында атқарылған жұмыстарын саралап, ұстаздар қауымына 2023-2024 оқу жылына арналған оқу жұмыс жоспарын бекіту /ҮОЖ, ОЖЖ/, білім алушыларды қабылдау , білім алушылардың сабақ режимін тағайындау мәселелерін таныстырды. 2023-2024 оқу жылының міндеттері, 2023-2024 оқу жылын ұйымдаструдағы қолданылатын нормативтік құқықтық актілер, ӘНХ талдау және педагог қызметкерлердің оқу жүктемелерін бекітуді ұсынынды. Аубакирова Макпал Алтаевна сынып жетекшілерді, кабинет меңгерушілерін тағайындау, аттестациядан өтетін мұғалімдерлің тізімін бекіту жөнінде сөз алды. Сонымен қатар биылғы оқу жылында назарда болатын «Біртұтас тәрбие» бағдарламасына директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Абдрахманова Аида Ержановна толық тоқталып өтті, ерекше білімді қажет ететін оқушылармен жұмыс /инклюзивті, жалпылама оқуға тарту айлығы, «Мектепке жол» акциясыбойынша Темирбаева Райгуль Шариповна өз баяндамасымен бөлісті. Ал, педагогикалық әдеп кеңесінің төрайымы Актанова Назым Каиргазиновна құқық бұзушылықтың алдын алу кеңесінің құрамын, хатшыларын сайлау туралы ұсыныстарын ортаға салды. Каирбаева Еркеш Ергалиевна мектеп асханасында 1-4 сыныптардың тегін тамақтану жұмысының ұйымдастырылуын ұстаздар қауымына ескертіп өтті. Техникалық қауіпсіздікті сақтау жөнінде (инструктаж) Ауганбаев Манарбек Карлович таныстырды. Сонымен қатар «Жаңа 2023-2024 оқу жылын ұйымдастыру» тақырыбындағы педагогикалық кеңесте басқада мәселелер қарастырылып, ұстаздар қауымының назарларына ұсынылды.
Жоғары нәтиже көрсеткен 11-сынып оқушыларына сабақ берген ұстаздарға, жыл көлемінде әртүрлі сайыстарға қатысып жүлделі орындарға ие болған ұстаздарға алғыс жарияланды.















