17
январь
2023
«2023 жылға арналған педагогтерді аттестаттау тәртібі» тақырыбында педагогикалық кеңес өткізілді
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылы 27 қаңтардағы № 83 бұрығына өзгерістер енгізу туралы 2022 жылғы 30 желтоқсандағы №533 бұйрығы негізінде мектепте 04.01.2023жылы «2023 жылға арналған педагогтерді аттестаттау тәртібі» тақырыбында педагогикалық кеңес өткізілді. Күн тәртібінде 2 сұрақ қарастырылды. Кеңесте педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары, аттестаттауды өткізу, біліктілік бағалауын өткізу, мемлекеттік қызмет көрсету, педагогтерге біліктілік санаттарын беру (растау), педагогтерге кезекті біліктілік санаттарын беру, ПББ өткізу, эссе жазу тәртіптерімен таныстырылды. Сондай-ақ, педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарына сәйкес қосымша нысандарыда көрсетілді. Ұжымдағы барлық педагогтер аттестаттау тәртібімен танысып, өз сұрақтарына жауап алды. Күн тәртібіндегі 2-ші сұрақ бойынша Lesson study жоспарланып, оны өткізетін сыныптар мен өткізілетін мерзімі белгі болды.


