Телефоны приемной:
+7(7232) 74-24-95
+7(7232) 74-24-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бірлестігінің онкүндік қорытындысы
29
сентябрь
2023

Қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бірлестігінің онкүндік қорытындысы


ШҚО Білім басқармасы, Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
 «№46 орта мектебі» КММ
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің  2023 жылдың 18-28 қыркүйегі аралығында өткен «Туған тілім-бабам тілі-өз тілім» (Атаулы мерейтой иелеріне қатысты) тақырыбындағы әдістемелік онкүндік болып өтті. 
Оқушылардың рухани құндылықтарға негізделген білім беруді жүзеге асыру   арқылы жас буынның шығармашылық қабілетін кеңейту,  заман сұранысына сай ізденімпаз, ой-өрісі дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру мақсатында  өткен қазақ тілі бірлестігінің онкүндігі қазақ әдебиетінің зиялы тұлғалары, ұлт жанашырларының атаулы мерейтой иелерінің өмір жолы мен шығармашылығын дәріптеу болды. Онкүндіктің жоспары «Сыныптан тыс зияткерлік шаралар», «Ашық сабақтар», «Әдістеме әлемінде» деген үш бөлімді қамтыды.


Сыныптан тыс зияткерлік шаралар бөлімінде салатанатты ашылу жиыны мен бүкіл онкүндік шаралардың мазмұны тақырыпқа сәйкес тарих тағлымдарының шығармашылығы негізінде өткізілді. Қазақ тілі мен әдебиеті оқу бөлмелерін «Ахмет ауылы», «Мұхтар ауылы» атауымен безендіріліп, оқушыларға және мектеп мұғалімдеріне арналып тұлғалар әлеміне саяхат жасалды, шағын эпизодтық көрініс қойылды. 



Сонымен қатар, А.Ж.Кабдуллина, З.С.Сейманова ұйымдастыруымен 7-8-сынып оқушылары арасында «Тіл білгірлері» атты зияткерлік сайыс өткізілсе, Елшибаева Л.Б. жеке әдістемесі бойынша 7-сыныппен оқушылар және ата-аналар арасында «Оқу жылдамдығы» курсының бастамасы сайыс түрінде өткізіліп, ары қарай жыл көлеміндегі жоспарымен таныстырылды, оқушыларға және ата-аналарына тапсырмалары ұсынылды. Оқу жылының соңында қорытындысы шығарылады. 



М.Қ.Құсманова және Г.М.Ибраимова Сыныптан тыс шара:   Интеллектуалды  ойын Тақырыбы: «Тіл білгірі» Сыныбы: 5Ж, 5М. 


Ашық сабақтар бөлімінде Д.Б.Сатенбаева 11М сыныбымен О.Бөкейдің «Атау-Кере» шығармасы бойынша жаңа әдіс-тәсілдерді қолданды.

 
Г.М.Исаханова 9-«Г» сыныбымен Төле бидің «Ер бақыты – әйел» шешендік сөзі бойынша мақсатқа сәйкес эссе-модельдеу деген сабақтың жаңа түрі мен әдістемесін ұсынды. 




Г.М.Ибраимова 6-«г» сыныбымен «Көкшенің кереметі» тақырыбында өткізген сабағында интерактивті ойын элементтерін ұтымды қолдана білді.  «Көкшенің кереметтері» тақырыбында 6А-сыныбымен Г.Б.Меирбаева ашық сабақ өткізді. З.З.Сейманова 6-«Ж» сыныбындағы «Көкшетау креметі» тақырыбындағы сабағында топтық жұмысты түрлендіру тәсілдерін көрсетті.


Сыныптан тыс шара ТЕДx Тақырыбы: "Уақытты тиімді пайдалану – өмірдің сапасын арттырады" Сыныбы: 9, 10, 11, бұл шара оқушылардың қызығушылығын туғызды.
Он күндіктің салтанны жабылу қорытынды бөлімінде тақырыпқа сәйкес, әдеби сазды кеш түрінде «Абай және  ғашықтық әлемі» атты Ахмет пен Мұхтардың аңсап, күресіп өткен армандарының бүгінгі таңда жүзеге асып, үміттерінің ақталғандығын көрсету, талдау мақсатында «Ахмет пен Мұхтар диалогі» көрінісі мысал ретінде көрсетіліп, көрініс ұйымдастырылды. Онкүндік барысында бірлестіктің барлық мүшелері әр шараға толық атсалысып белсенді қатысты. 
Әдістемелік бірлестік жетекшісі:                             Сатенбаева Д.Б
Жауапты әкімшілік:                                                   Мергазина Д.Т.