Телефоны приемной:
+7(7232) 74-24-95
+7(7232) 74-24-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Ағылшын тілі пәндері бірлестігі онкүндік қорытындысы
13
октябрь
2023

Ағылшын тілі пәндері бірлестігі онкүндік қорытындысы

ШҚО Білім басқармасы, Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің

«№46 орта мектебі» КММ


Ағылшын тілі пәні бірлестігінің 2023-2024 оқу жылындағы 03 қазан-13 қазан   аралығында «English week» тақырыбында өткен әдістемелік он күндіктің есебі


      2023-2024 оқу жылының  03.10.-13.10 аралығында ағылшын тілінің «English week » атты  онкүндігі өтті.

Мақсаты: Оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен тілін дамыту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру,шет тілі мен мәдениетін құрметтеуге үйрете отырып, оқушылардың ағылшын тілінде еркін сөйлеуге дағдыландыру.

Күтілетін нәтиже :

*Оқушылардың ағылшын тілін үйренуге қызығушылығы артады;

*Оқушылар шет тілін, әдебиетін, мәдениетін ,әдет-ғұрпын құрметтейді.

*Дарынды оқушылар анықталады.

Ағылшын тілі бірлестігінің құрылған жоспары бекітіліп,іс-шаралар ұйымдастырырылды.   Апталық салтанатты жиынмен басталды.Апталықтың жоспары хабарланып,оқушыларға тапсырмалар түсіндірілді. 


Оразғалиева Мәдина Мұратқызы – педагог-модератор, 06.10 күні 6 «Д» сыныбының 1-тобымен «Wildlife Hero» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ мазмұны, берілген тапсырмалар  оқу мақсатына негізделген. Мұғалімнің өзекті тақырыбына байланысты сабақ барысында «Running dictation» ойын әдісі қолданылды. Zip grade, Mentimeter сияқты онлайн платформалар да ұтымды пайдаланылды. Оқушылар дескриптормен жұмыс жасауға дағдыланған, өзіндік, жұптық бағалау түрлері іске асты. Тапсырмалар жеңілден күрделіге қарай жүйеленіп, сараланып берілді.  Сабақ сәтті өтті. 



Калиева Аяулым Уалбековна – педагог- сарапшы 10.10.2023жылы 9 «М» сыныбымен «Dangerous sport» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ жүйелі жоспарланған, сабақтың мазмұны, берілген тапсырмалар оқу мақсатына негізделген. Мұғалімнің «Ағылшын тілі сабағында инновациялық технологияларды пайдалана отырып, оқушылардың коммуникативтік құзіреттілігн арттыру» , - өзекті тақырыбы байланысты сабақ барысында “flashbow”, “Dodo”, “Basketball” әдістері қолданылды. Socrative, wordwall сыяқты платформалармен жұмыс жүргізілді. Сабақтың өң бойында жұптық, топтық, жекелей жұмыс түрлері болды. Саралап, даралап оқытуды да қарастырған. Әрбір тапсырмаға дискриптор берілді, оқушылар дискриптормен жұмыс жасауға машықтанған. Кері байланыста почта әдісін қолданды. Сабақ қызықты, әрі сәтті өтті.


Ағылшын тілі апталығында  Бейбтканова Назгуль Бейбткановна 5 «М» сыныбымен ашық сабақ жүргізді. Ашық сабақтың тақырыбы: «Was / Were».  Сабақтың құрлымы қысқартылған мерзімді жоспарға сай жақсы құрылған.Сабақтың тақырыбы мазмұнына  сәйкес. Сабақтың түрі аралас сабақ болды.  Оқушыларды ағылшын тілі сабағына бейімделуі, мұғалімнің оқушылармен ағылшын тілінде сөйлесуі, оқушыларды практикалық, тәрбиелік, коммуникативтік,танымдық мақсаттарға жетуге бейімделуін көрсетіліп тұрды. Үй тапсырмасын орындау сапасы,үй жұмысын тексеру формасы, дағды мен біліктілікті қалыптастырды.Сабақта әр түрлі әдіс-тәсілдерді пайдалана білді.  Психологиялық ахуалда  «My name is … . I like … .» әдісін қолданды, оқушылар бір-біріне допты беру арқылы сөйлемдерді ағылшын тілінде айтты. Тақырыпқа сай оқушыларды 3-топқа бөлді. Сабақ   барысында оқушылар бір-бірін және өздерін бағалауда  бағалау парағын қолданды. Word wall сайтын  қолданды. Оқушылар бір- бірін, топтардың дұрыс жауабын бағалады. Әр берілген тапсырмаларда  дескриптор  және критерилері қойылған.  Телефонға сабақтан алған көңіл-күйлерін смайликтерге бейнелеп салу арқылы кері байланыс жасалды. Сабақ сәтті өтті.





Кунанбаева Гульдана Сайлаухановна   5 «Д» сыныбымен ашық сабақ жүргізді. Ашық сабақтың тақырыбы: «Zoo animals».  Сабақтың құрлымы қысқартылған мерзімді жоспарға сай жақсы құрылған.Сабақтың тақырыбы мазмұнына  сәйкес. Сабақтың түрі аралас сабақ болды.  Оқушыларды ағылшын тілі сабағына бейімделуі, мұғалімнің оқушылармен ағылшын тілінде сөйлесуі, оқушыларды практикалық, тәрбиелік, коммуникативтік,танымдық мақсаттарға жетуге бейімделуін көрсетіліп тұрды. Үй тапсырмасын орындау сапасы,үй жұмысын тексеру формасы, дағды мен біліктілікті қалыптастырды.Сабақта әр түрлі әдіс-тәсілдерді пайдалана білді.  Психологиялық ахуалда  «Compliment» әдісін қолданды, оқушылар бір-біріне комплименттер ағылшын тілінде айтты. Тақырыпқа сай оқушыларды 3-топқа бөлді, жануарлар атауымен. Сабақ  барысында оқушылар бір-бірін және өздерін бағалауда  «Google self-assessment» бағалау парағын қолданды. Word wall сайтын  қолдануда үй тапсырмасын тексерді. Формативті бағалау әр тапсырмада болып отырды стикер арқылы  мұғалім әр оқушының дұрыс жауабын бағалады. Әр берілген тапсырмаларда   дескриптор  және критерилері қойылған. “Send email for teacher” атты кері байланыс жасалды. Сабақ сәтті өтті.




Мухамеджанова Замзагуль Шукирхановна "Used to and Would" такырыбында  8м1сыныбымен ашық сабақ өткізді. .Интерактивті оқыту әдісі қолданылды.Мақсаты:"used to және  would"қолдана отырып  өткен шақтағы іс әрекеттерді баяндап айтуды үйрету.




Мұсабекова Толқын Мұсабекқызы 7 “Г” сыныбымен 11.10.23 күні ашық “Reading: an article “ тақырыбында ашық сабақ өткіздім. Сабақта “Lecture reaction”, 1 question and 1 comment”, “Think, pair, share”, “Word of the day”, “3-2-1” әдіс-тәсілдерін қолдандым. Оқушылармен мәтін бойынша сабақ жүргіздім. Оқушылар өздерін  және топ басшысы топ мүшелерін бағалау парағымен бағалап отырды, топтық жұмыс, жұппен жұмыс жүзеге асырылды.




Сыныптан тыс іс-шара  12.10.23 ж  10 сыныптар арасында “WHO WHERE WHEN” атты интеллектуады сайыс түрінде өтті. Жауапты Калиева А.У және Оразгалиева М.М.

Мақсаты: оқушылардың білімдерін шыңдап, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру және сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.

Әрбір сыныптан 5 оқушыдан, жалпы 10 оқушы қатысты. Ойын  барысында оқушылар ағылшын тілінде   логикалық сұрақтарға жауап берді және көрермендермен де викторина ұйымдастырылды. Ойын соңында жеңімпаздар сыйлықтармен  марапатталды.Интеллектуалды ойын өте қызықты өтті.









Бастауыш сыныптар бойынша


Сонымен қатар, онкүндік барысында бастауыш сыныптармен ашық сабақтар , сыныптан тыс іс-шаралар өткізілді. Әр сынып белсене қатысып, өздерінің ағылшын тіліне деген талпыныстарын ,қызығушылықтарын көрсете алды.

        Жәнібек Дана Талғатқызы “People and places“. Сынып: 4 “А”. Күні:10.10.23.   Сабақ түрі: жаңа сабақ. Оқушылар сабақ барысында  “People and places“ тақырына байланысты жаңа сөздермен танысты. Үй тапсырмасын тексеру үшін “Magic balls” әдісі, жаңа сөздермен танысу үшін “Read quickly” әдістері қолданылды. Тапсырмалар орындау үшін “Wordwall” платформасы,топтық,жұптық,жекелей жұмыстар орындалды.



Сағи Гүлбарша Тұрсынбекқызы 3 «Г» сынып оқушыларымен   «Clothes» атты ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында Blow out say the words.Iron the hang the wash the adisin  әдістерін қолдану арқылы оқушыларды  тыңдалым, айтылым дағдыларын дамытуға тырысты



Қорытынды: Ағылшын тілі пәні онкүндігі жоспарына сай  сабақтар, сыныптан тыс іс-шаралар толық өткізілмеді. Мусинова А.М. және Курманова Д.З.денсаулықтарына байланысты, жұмыста болмауына байланысты   ашық сабақтары өтпеді. Жоспарға сай сабақтан тыс іс-шараларда толығымен өтпеді. Апталық барысында тек екі мұғалімнің іс-шарасы өтті. Олар Калиева А.У. және Оразгалиева М.М.

Ұсыныс : Апталықтың жабылуына байланысты кеткен кемшіліктері бойынша, атқарылмаған іс-шаралар бойынша , қараша айына жоспар құрып , іс-шаралар толығымен өтуін қадағалау. 

Өткізілген ашық сабақтар мен сыныптан тыс шаралардың жетістіктері мен кемшіліктері ӘБ отырысында  талқылады.