16
май
2022
"Елбасы медалі" еліміздің ең ауқымды челлендж қорытындысы.
Былтыр Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы белсенді және талантты жастарды қолдауға бағытталған жалпыұлттық «El Úmiti» бастамасын көтерді. Жаңа бастама аясында Тұңғыш Президент – Елбасы қоры қазақстандықтар мен мемлекет болашағы үшін бірнеше тың жобаларды іске қосты.
Дарынды балаларды демеу үшін «Qabilet» кәсіби бағдарлау құралы секілді басқа да жобалар жүзеге асуда. Соның бірі – «Елбасы медалі» жобасы. Жоба өскелең ұрпақты тәрбиелеуге және олардың үйлесімді жетілуіне мүмкіндік береді. Бұл бағдарламаға қатысу тәртібі Үкімет Қаулысымен бекітіліп, Тұңғыш Президент Қорының қолдауымен өтіп жатыр. «Елбасы» медалі» алдына мақсат қойған жастарды қолдау және ынталандыруға бағытталған. Әрбір қатысушыға өзін-өзі дамыту үшін 7 бағыт ұсынылған. Олар: спорт және дене шынықтыру, дарын мен дағды, еріктілік, туристік саяхаттар, кітап оқу, ұлттық мұра және еңбек тәжірибесі.
Осыған орай мектебіміздің 11-сынып оқушы, "Алтын белгі" үміткері Шакенова Мерей Мырзахынқызы қатысып қола медаль иегері атанды. Мерейді шың жүректен құттықтаймыз!