22
декабрь
2022
«Абай деп таны қазақты» атты Абай оқулары
2022 жылдың 28 қарашасы күні «Абай деп таны қазақты» атты Абай оқуларына арналған қалалық сайыс өтті.
Абай оқуларының негізгі мақсаты қазақ халқының әдеби мұраларын дәріптеу, мектеп оқушыларының классикалық әдебиеттерді оқуға деген қызығушылықтарын арттыру.
Мектебіміздің 10-сынып оқушысы Шабдан Акбота, 8Ж1-сынып оқушысы Алтай Наргиз, 8В-сынып оқушысы Болатбекова Наргиз, 9Г-сынып оқушысы Еркінбеков Дарын, 10А-сынып оқушысы Шалқарқызы Елдана сайысқа қатысып, жүлделі орындарға ие болды.




Абай оқуларының негізгі мақсаты қазақ халқының әдеби мұраларын дәріптеу, мектеп оқушыларының классикалық әдебиеттерді оқуға деген қызығушылықтарын арттыру.
Абай оқуларының негізгі міндеттері:
- Абай шығармаларындағы эстетикалық талғам мен тұлғалық қасиетті насихаттау,
-ұлылар поэзиясына, ұлттың рухани мұрасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Абай оқулары сайысы төмендегі кезеңдер бойынша өтті:
1. «Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы»
2. «Абайдың қарасөздері»
3. «Абайдың ақын шәкірттерінің шығармалары»
4. «Көңілім әнді ұғады»
5. «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда»
6. «Ұлылар әлемі»Мектебіміздің 10-сынып оқушысы Шабдан Акбота, 8Ж1-сынып оқушысы Алтай Наргиз, 8В-сынып оқушысы Болатбекова Наргиз, 9Г-сынып оқушысы Еркінбеков Дарын, 10А-сынып оқушысы Шалқарқызы Елдана сайысқа қатысып, жүлделі орындарға ие болды.




