Телефоны приемной:
+7(7232) 74-24-95
+7(7232) 74-24-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Алтын қазына» көркем және сәндік-қолданбалы өнер бойынша балалар шығармашылығының республикалық көрме-байқауының облыстық кезеңі.
04
апрель
2023

«Алтын қазына» көркем және сәндік-қолданбалы өнер бойынша балалар шығармашылығының республикалық көрме-байқауының облыстық кезеңі.

«Алтын қазына» көркем және сәндік-қолданбалы өнер бойынша балалар шығармашылығының республикалық көрме-байқауының облыстық кезеңі.

2023 жылдың 31 наурыз күні «Алтын қазына» көркем және сәндік-қолданбалы өнер бойынша балалар шығармашылығының республикалық көрме-байқауының қалалық кезеңі өтті.
Мақсаты: білім алушылардың көркем, шығармашылық қабілеттерін дамыту, тәрбие беру және тұлғаны әрі қарай үйлесімді дамыту бойынша жүйелі және мақсатты қызмет жүргізуге жағдай жасау, рухани-адамгершілік және мәдени құндылықтарға араластыру.
Міндеттері:
– білім алушыларды көркем өнерге, тарихи мұраға араластыру, оларды белсенді шығармашылық қызметке тарту, оларды әлеуметтендіру;
– бала тұлғасының шығармашылығын, оның әлемді эмоциямен қабылдаудағы эстетикалық сезімін дамыту;
– балалар шығармашылығының көркем және қолданбалы-сәндік өнеріне деген қызығушылықтарын дамыту;
– заманауи сәндік-қолданбалы өнердегі халық дәстүрін сақтау және елдің мәдени-тарихи мұрасын арттыру;
– балалардың бойында отансүйгіштік сезімін, Қазақстан Республикасында тұратын халықтардың ұлттық мәдениетіне, халықтық дәстүрлеріне, халықтардың салтына деген құрмет және ұқыпты көзқарасты тәрбиелеу;
– шығармашылықпен жұмыс істейтін педагог жұмысшыларды ақпараттық қолдау, ұжымдар арасындағы шығармашылық байланыстарды кеңейту және қолданбалы-сәндік өнері саласында балалармен жұмыс жүргізу үшін білім беру ұйымдарының педагогтері арасында тәжірибе алмасу;
– балаларды іс-шараларға араластыру арқылы оларды қосымша білім берумен қамтуды кеңейтуге ықпал ету.
Көрме-байқауға әрбір қатысушыдан келесі номинациялар бойынша 5-тен аспайтын жұмыстар қабылданады:
1) тоқыма бұйымдарын дайындау: гобелен, кестелеу, батик, киіз басу, құрақ пластикасы;
2) ағашты, сүйекті, теріні көркемдеп өңдеу: көлемді және тегіс кесу, ағашқа сәндеп жазу, қайың қабығынан жасалған бұйымдар, инкрустация (сүйек, металл,ағаш);
3) шыныны көркемдеп өңдеу: витраж;
4) металлды көркемдеп өңдеу: зергерлік бұйымдар, шағын формалардың мүсіні, бедер салу, соғу;
5) ағаштан, тастан, саздан (қыш саз), сабан, тоқымадан шағын формадағы мүсіндерді жасау;
6) ұлттық ою-өрнегі бар халықтық киімдерінің үлгісін жасау;
7) қағаздан бұйымдар жасау: оригами, аппликация,  квиллинг, папье–маше.
Байқаудың қорытындысы төмендегідей: 
Дидарұлы Мирас- 1 орын
Кәрімуратова Жанель- 1 орын
Оспанқызы Дильназ- 2 орын
Еркінбекова Айдана-3 орын
Маукенова Камила- 3 орын
Дайындаған технология пәні мұғалімдері: Тулькубаев Б.Б, Аубакирова А.М, Чабиева Г.С
Құттықтаймыз!
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив