24
апрель
2023
«Наурыз - тарихи тағлым шежіресі» қалалық шығарма байқауы
2023 жылдың 17 наурыз күні «Наурыз - тарихи тағлым шежіресі» қалалық шығарма байқауы өтті.
Байқаудың мақсаты: оқушыларды Наурыз мерекесінің таныстыра отырып, ұлттық салт - дәстүрді, ұлттық тәрбиені сіңіру, тіл өнеріне деген қызығушылықтарын арттыру.
Байқаудың міндеттері:
- Наурыз мерекесінің өзіндік ерекшелігін оқушылар арасында насихаттау;
- Наурыз мерекесінің тарихын дәріптеу;
- оқушылардың сауатты жазу деңгейлерін арттыру
Байқау 2 кезеңен тұрды.
1 - кезең. Мектепішілік, оқушылар «Наурыз - тарихи тағлым шежіресі» тақырыбында шығарма байқауына қатысты. Әр параллельден жүлделі орын алған 1 оқушы (әр мектептен 3 оқушы) қалалық шығарма байқауына қатысты.
2 - кезең. Қалалық, «№ 47 жалпы білім беретін мектеп» КММ өтті.
Аталмыш сайыста 3 оқушы қатысып, екі оқушымыз жүйріктердің жүйрігі атанып, жүлделі орындарға ие болды.10-сынып оқушы Асылбекова Жанерке ІІ-орын, 9-сынып оқушысы Құрманғазы Диляра ІІІ орын. Дайындаған қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Интыкпаева Б.Т, Мергазина Д.Т. Құттықтаймыз!
