«Мұхтар Әуезов шығармаларына бойлай отырып, өзімізді түзейміз» атты бір күндік қалалық шара қорытындысы.
14.04.22ж күні қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен ШҚО Білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№46 орта мектебі» КММ-де заманымыздың заңғар жазушысының 125 жылдық мерейтойына байланысты «Мұхтар Әуезов шығармаларына бойлай отырып, өзімізді түзейміз» атты бір күндік қалалық шара өтті. Оқушыларға М.Әуезовтің шығармалары бойынша кітаптар көрмесі, әдеби, сайыс сабақтар өткізілді. 5, 6, 7- сынып оқушыларымен М.Әуезовтің алғашқы әңгімелері бойынша түсінік беру, әдеби талда, Quizizz арқылы викториналық ойын, топтық жұмыстар жүргізілді. Ал, 8 - сынып оқушылары «Абай және Мұхтар», 10 - сынып оқушылары «Абай жолы» - ғасырлық туынды тақырыбында эссе жұмысын жазды. Атаулы шара оқушылардың таным білімдерін кеңейтіп, бойында ұлтжандылық, әдебиетке деген көркемдік қызығушылықтарын дамытты.
№ | Мектеп атауы | Сыныбы | Барлық оқушылар саны | Қатысқаны | Әңгімелері |
1 | №46 орта мектебі | 5 сынып | 171 | 111 | «Көксерек» әңгімесі |
6 сынып | 221 | 118 | «Көксерек» әңгнмесі | ||
7 сынып | 161 | 152 | «Жетім» әңгімесі |
№ | Мектеп атауы | Сыныбы | Барлық оқушылар саны | Қатысқаны |
1 | №46 орта мектебі | 8 сынып | 149 | 123 |
10 сынып | 58 | 49 |