Республикалық "Мектепке жол" акциясы
Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№46 орта мектебі»коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Балалар жылын жүзеге асыру аясында «Мектепке жол»республикалық акциясы жалғасын табуда.
Акцияның мақсаты-аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға,жетім балалар мен ата-анасының қамқорынсыз қалған балаларға және отбасылары өмірлік қиын жағдайда қалған басқа санаттағы балаларға жаңа оқу жылының басталуына дайындық кезінде материалдық қолдау көрсету және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке келмеуінің алдын алу.
Мектеп мұғалімдері(әрбір пән бірлестіктері) мен ата –аналар демеушілік көрсетіп,балаларға оқу құралдары толтырылған сөмке тарту етті. Акцияға белсене қатысып,көмек қолын созған қайырымды жандарға алғысымыз шексіз.Акция әлі де жалғасын табуда.