Телефоны приемной:
+7(7232) 74-24-95
+7(7232) 74-24-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мектепішілік брейн-ринг интеллектулды сайысы.
28
апрель
2023

Мектепішілік брейн-ринг интеллектулды сайысы.

Мектебімізде 28 сәуір күні – ғажайып үштік, ғылымдардың ғылымы математика, физика және информатика пәндері бойынша брейн-ринг интеллектуалды сайысы  өтті. 
Сайыстың мақсаты - Оқушылардың математика, физика, информатика пәндерібойынша меңгерген білімдерін тексеріп, өткен материалды еске түсіру, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру арқылы ой-қабілетін дамыту және өз ойларын жеткізе білуге, қырағылыққа, шапшаңдыққа баулу.
    Сайысқа 6, 7 –сынып оқушыларынан құралған 4 құрама команда, әр командада 6 оқушы, 24 оқушы қамтылды. Байқау 4 кезеңнен тұрды: Команданы таныстыру. Әр команда өздерін таныстырады. Таныстыру еркін форматта өткізілді. Команда атрибутикасы болуы тиіс (бірдей киім, галстук, шарф және т.б.). Математика, физика, информатика пәндерінен  блиц сұрақтар қойылды. Аталмыш кезеңде командалардың тапқырлығы мен жылдамдығы сыналады. 
Сол сияқты, көрермен болып отырған оқушыларға логикалық, қызықты сұрақтар қойылып, дұрыс жауап берген оқушыларға сыйлықтар ұсынылды.
Әр команда ойынға деген өзіндік көзқарасын танытты. Қатысушылардың берілген логикалық тапсырмаларды белсенді орындап, сұрақтарға қызықты жауап бергендіктерінің нәтижесінде ойын өте тартысты, танымды, әрі қызықты болып өтті.
Жеңімпаздар арнайы алғыс хат, дипломдармен, сыйлықтарменмарапатталды. Аталмыш шара алдағы уақытта өз жалғасын табатын болады!